Музей қызметі

Мемориалдық мұражайдың негізгі бағыты – ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу.

 

Білім беру қызметі

Мұражайдың негізгі бағыттарының бірі ғылыми-ағарту жұмысы болып табылады. Ол қор жәдігерлерінің негізінде құрылған экспозиция, тұрақты және уақытша көрмелер, сонымен қатар дәрістер, сұхбаттар және жұмыстың басқа түрлері.

Экспозициялық залда «Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы», «ҚР халық жазушысы М.Хакімжанованың шығармашылық зертханасы» атты көрмелер қойылған. Осы экспозиция бойынша жоғары және орта, кіші сынып оқушыларына арналған әр түрлі  шолулар және тақырыптық экскурсиялар өңделген. Тақырыптық экскурсияларда мұсылман оқуы, ағартушының балалық шағы мен оқуы, Ы.Алтынсарин құрастырған мектеп жүйесі, оның педагогикалық, әдеби және қоғамдық қызметі туралы айтылады.

«Киіз үй қонақжайында» атты уақытша көрмеде қазақ халқының мәдениет мен тұрмысы, дәстүрі мен шаруашылығы туралы дәрістер сериясы оқылады. Бұнда тақырыптық және шолыма экскурсиялар жүргізіледі. Көрме әрбір жәдігер туралы нақты және айқын айтуға көмегін тигізеді. Осы бағытта «Қазақ халқының тұрмыстық заттары», «Қазақ халқының киіз үйі», «Әшекейлік бұйымдар», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген жаңа тақырыптар дайындалды. «Біз таңдаған жол» көрменің жобасы облыстағы жоғары оқу орындары, колледждерінің пайда болу мен даму тарихын, осы оқу орындары студенттерінің бос уақыты мен оқу барысын бейнелейді. Осы көрмелер мектеп түлектері үшін үлкен қызығушылық тудырып, қандай мамандық таңдаудағы шешімдеріне көмектесті.

Поэзия әлеміне, сұлулық пен даналыққа деген сүйіспеншілік студенттердің Қостанай облысы ақындарымен поэтикалық кездесуінен айқын көрінеді. «Шашу» поэтикалық қонақжайда белгілі ақындар, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері А.Шаяхмет, Ж.Баязит, С.Оспанов, Н.Мұкатов жас ақындар мен студенттер үшін шеберлік сыныбын өткізеді.

Балаларды басқа халықтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында облыстық Қазақстан халықтар ассамблеясымен құрылған «Туған жердің қайнар бұлағында» жобасын жасауға шақырды. «Жексенбілік мектептерден келісім мен бейбітшілікке» атты тұрақты көрмеде туған тілін үйренуге арналған жексенбілік мектептердің оқу материалдары қойылды, ал саяхат сабағы балаларды ұлттық мәдениетке және басқа халықардың мәдениеті мен тұрмысын білуге үйретті.

Мұражай жас өспірімдердің салауатты өмір салты үшін жұмыс істеуге тұрақты ізденіс үстінде және «СӨС» орталығы мен басқа ұйымдарды тарту бойынша «Қазақстан балаларының болашағы үшін» көрмесі негізінде мұражайлық-насихаттау акциясын жүргізеді. Жыл сайын қазан айында облыстық спорт және денешынықтыру комитеті мұражаймен бірлесіп, Ыбырай Алтынсаринді еске алуға жеңілатлетикалық жүгіріс ұйымдастырады. Калейдоскоптағы «Балалық шақтағы ойындар» атты интерактивтік ісшаралар балалардың қызығушылығын тудырады, онда «арқан тарту», «асықтар» ойнайды және ержелерімен танысады, ал ең динамикалық ойын «Денсаулық әлемінде» эстафетасы болып табылады.

Әрдайым өзгеріп тұратын «Балалар қолөнерінің ғажайыбы» деген жылжымалы экспозиция балаларға әсем көрініспен табыстыратын қуаныш сыйлайды, олардың эстетикалық ой-өрісін дамытады және өнерге деген құлшынысын арттырады, онда әртүрлі материалдардан және әртүрлі техникада орындалған облыстық мәдени-спорттық орталығы, көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстары қойылған.

Ғылыми-зерттеу қызметі

«Ы.Алтынсариннің ғылыми, әдеби және қоғамдық қызметі», «Ы.Алтынсарин және қазақтың ағартушылары, әлемдік және орыс мәдениеті мен педагогика қайраткерлері», «Ы. Алтынсарин мектеп жүйесін жаратушы », «Алтынсарин халық жадында» — деген тақырыптары бойынша ақпарат жинау.

Өлкедегі білім берудің қазіргі жағдайы мен тарихы туралы ақпараттар жинау, талдау, жүйелеу.

Ішкі мұражайлық қызметті автоматтандыру, мұражай қорың электрондық тізбеге енгізу, «Музеолог» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу.

Read more

Функции музея

Основная миссия мемориального музея — сохранение, изучение и популяризация наследия великого просветителя Ибрая Алтынсарина.

Образовательная деятельность

Одним из важных направлений деятельности музея являются его образовательно-просветительная работа. Она строится на основе музейной экспозиции, постоянных и временных выставок, а также фондовых экспонатов, которые используются для лекций, бесед и других форм работы.

В экспозиционном зале экспонируются предметные и фотодокументальные выставки «И.Алтынсарин — педагог-просветитель», «Творческая лаборатория народного писателя РК М.Хакимжановой По этим экспозициям разработаны обзорные и тематические экскурсии с вариантами для взрослых посетителей, для младших, средних и старших школьников. В тематических экскурсиях рассказывается о мусульманском образовании, детстве, учебе просветителя, школьной системе, раработанной И.Алтынсариным, его педагогической, литературной и общественной деятельности.

Временная выставка «В гостепиимной юрте» позволила разработать серию лекций о культуре, быте, хозяйстве и традициях казахского народа. Здесь проводятся и обзорные экскурсии. Выставка дает возможность более подробно и красочно говорит о каждом экспонате. Так, на ее основе появились новые темы: . «Казахские национальные орнаменты», «Предметы быта казахского народа», «Казахская национальная юрта, «Ювелирные изделия», «Обычаи и традиции казахского народа.

Выставочный проект «Дороги, которые мы выбираем» отражает историю образования и становления колледжей, ВУЗов области, учебный процесс и досуг студентов этих учебных заведений. Эти ориентационные выставки-размышления вызывают большой интерес у выпускных классов, являясь определенным подспорьем в выборе профессии. К миру поэзии, красоте и мудрости слова приобщают поэтические встречи поэтов и акынов Костанайской области со студентами. В поэтической гостиной «Шашу» известные поэты, члены Союза писателей Казахстана А.Шаяхмет, Ж.Баязит, С.Оспанов, Н.Мукатов проводят мастер-классы для начинающих поэтов, студентов.

Формированию поликультурного сознания, воспитанию детей в духе толерантности, уважения к культуре других народов призван созданный с областной Ассамблеей народов Казахстана проект «У родных истоков». На стационарной выставке «От воскресных школ к миру и согласию» представлен весь учебный материал воскресных школ, помогающий изучать родной язык, а уроки–путешествия погружают детей в национальную культуру и быт другого народа.

Музей находится в постоянном поиске вариантов сотрудничества во имя здорового образа жизни подрастающего поколения и на основе выставок проводит в центре города музейно-пропагандисткие акции «За будущее детей Казахстана», привлекая центр «ЗОЖ» и другие организации. Ежегодно в октябре областной комитет физической культуры и спорта совместно с музеем проводит легкоатлетический пробег, посвященный памяти Ибрая Алтынсарина. В калейдоскопе интерактивных мероприятий особый интерес вызывают у детей мероприятие «Игры нашего детства», где они знакомятся с правилами и играют в «асыки», «аркан тарту» и другие национальные игры, а самой динамичной является эстафета «В стране здоровья».

Приносит детям радость от встреч с прекрасным, учит понимать язык искусства и развивает эстетический вкус постоянно сменяемая подвижная экспозиция «Чудеса детских рук», где представлены работы учащихся городских и районных художественных школ, областного культурно-спортивного центра, выполненные в разной технике и из самых разнообразных материалов.

 

Научно-исследовательская деятельность

Сбор материалов по теме: «Научная, литературная и общественная деятельность И.Алтынсарина», «И.Алтынсарин и казахские просветители, деятели мировой и русской культуры и педагогики», «И.Алтынсарин — создатель школьной системы края», «Алтынсарин в памяти народной».

Сбор, анализ, систематизация информации об истории и современном состоянии образования края.

Автоматизация внутримузейной деятельности, электронная каталогизация музейных фондов, работа по программе «Музеолог»

 

Read more

Біздің қызметтер

Дәріс тақырыптары

1. Алтынсарин – орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы.

2. Алтынсарин – жазушы, ақын, аудармашы.

3. Бейімбет Майлиннің өмірі мен қызметі.

4. Шоқан Уәлиханов – Шығыстың жарық жұлдызы.

5. Ұмытылған түнек (Шәкәрім Құдайбердиев).

6. Ахмет Байтұрсынов – қазақтың көрнекті ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері.

7. Спандияр Көбеевтің өмірі мен педагогикалық қызметі.

8. Ғафу Қайырбеков – Дала өлкесінің ақыны.

9. XVII-XIX ғ.ғ. қазақ жерінің ұлы адамдары (Абылай – хан, Кенесары хан).

10. Ғасырлар тереңіндегі даналық (қазақ халқының билері туралы).

11. Елубай Өмірзақов – көрнекті сахна шебері.

12. Тарихтың жарқын бейнесі (ҚР Конституциясы туралы).

13. Шарықтай бер, бостандық қыраны (мемлекеттік рәміздер туралы).

14. Аңызға айналған наурыз – мейрамы.

15. Қазақтың ұлттық өрнектері.

16. Қазақ халқының тұрмыстық заттары.

17. Қазақтың ұлттық киіз үйі.

18. Қазақтың ұлттық әшекейлері.

19. Қазақ халқының әдет – ғұрыптары.

 

Көпшілік іс – шаралар

1. «Шашу» қонақжайы — өлкенің белгілі ақын-жазушыларымен кездесу.

2. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» — алтынсарин беттері.

3. «Алтынсарин халық есінде» — еске алу кеші.

4. «Қырағылықтың қайнар көзімен» — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған ауысша жорнал.

5. «Шаңырақ» — Білім Күніне арналған брейн – ринг.

6. «Туған жерде» — облыста тұратын халықтың мәдениеті туралы саяхат сабақтарының циклі.

7. Мемлекеттік мерекелерге арналған іс – шаралар.

 

Тұрақты экспозиция бойынша шолу экскурсиялары

1. Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы.

2. ҚР халық ақыны М.Хакімжанованың шығармашылық зертханасы.

 

Тұрақты экспозиция бойынша тақырыптық экскурсиялары

1. Қазақстандағы мұсылман оқуы.

2. Ы.Алтынсаринның алғашқы өмір жолы мен педагогикалық қызметі.

3. Ы.Алтынсарин — өлкедегі мектеп жүйесін құрушы.

4. Ы.Алтынсаринның ғылыми, әдеби, және қоғамдық қызметі.

5. Ы.Алтынсаринның отбасы және өмірінің соңғы жылдары.

6. Ы.Алтынсарин халық есінде.

7. Алтынсарин мектептерінің түлектері.

8. Жексенбілік мектептерден бейбітшілік пен бірлікке.

 

Музейдегі тұрақты көрмелер

1. Ыбырай Алтынсарин – педагог-ағартушы.

2. Шежіреге айналған жандар (өлкемізге белгілі жерлестеріміз туралы).

3. ҚР халық ақыны М.Хакімжанованың шығармашылық зертханасы.

4. Жексенбілік мектептерден бейбітшілік пен бірлікке.

 

Жылжымалы көрмелер

1. Ы.Алтынсарин – орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы.

2. Ақынның жұлдызды даңқы (ҚР халық ақыны М.Хакімжанованың өмірі мен шығармашылығы).

3. Серәлі Қожамқұлов – қазақ мәдениетінің мақтанышы.

4. Ільяс Омаров – көрнекті мәдениет қайраткері.

5. Қазақ халқының тұрмыстық заттары.

6. Ғафу Қайырбековтың дала қоңырауы (ҚР халық жазушысы).

7. Спандияр Көбеевтің өмірі мен қызметі.

8. Елубай Өмірзақов – көрнекті сахна шебері.

9. Орны толмас жан еді (ҚР еңбек сіңірген кітапханашысы Н.Қ.Дәулетованың өмірі мен қызметі).

10. Отты жырым, найзағадай жарқылда (қостанайлық ақын А.Шаяхмет туралы).

11. Тарих зердесі (тарих ғылымының докторы, академик М.Қозыбаев туралы).

12. «Үлгілі ұстаз» (ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Ахметқазы Шотаев туралы).

 

Педагогикалық бағыттағы ардагерлер, ғылым және мәдениет, ағарту қызметкерлеріне арналған дербес және мерейтойлық көрмелер

Аудандардың кітапханасында, мектептерде, қала колледждері, мектептерінде жылжымалы көрмелер ұйымдастыру

Талапкерлерге арналған жоғары оқу орындары, колледждерімен бірлесіп жасалған кәсіби бағыттағы көрмелер

Мұражай экспозициясы және көрмелері бойынша тақырыптық, шолыма экскурсиялар өткізу

Жоғары оқу орындары, мекемелер, әскери бөлімдер және тағы басқа орындарда жылжымалы дәрістер ұйымдастыру

Қажетті құжаттарды дайындау және әртүрлі санаттағы елді мекендер үшін өлкедегі халық ағарту саласының тарихы бойынша кеңес беру

Корпоративтік іс-шаралар: тұсау кесер, еске алу кештері, шығармашылық кездесулер

Студенттер, жас ақындар үшін шеберлік сыныбы, «Шашу» ақындық қонақжайы

Мектептерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмыс істейтін мұражайлық білім ордасына жан-жақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету

Мұражай тынысының маңызды оқиғалары туралы БАҚ арқылы көрсетілетін ақпарат: кең көлемдегі жұртшылықты нақты қызықтыратын қор материалдарының түсімі, жаңа экспозиция және көрмелер ашылу

Наурыз мейрамына арналған интерактивтік іс-шаралар

Қосымша білім мекемелерімен декоративтік-қолданбалы өнер және көркемсурет көрмелері

Read more

Услуги музея

Костанайский областной мемориальный музей Ибрая Алтынсарина предлагает:

 

Обзорные экскурсии по стационарной экспозиции:

1. Ибрай Алтынсарин – педагог – просветитель

2. Творческая лаборатория народной поэтессы Р.К М. Хакимжановой

3. Они — наша история (об известных земляках нашего края).

4. Крылатый певец Казахстана (к 75-летию Г. Каирбекова).

5. От воскресных школ к миру и согласию.

 

Тематические экскурсии по стационарной экспозиции:

1. Мусульманское обучение в Казахстане

2. Начало жизненного пути и педагогическая деятельность И. Алтынсарина

3. Алтынсарин – создатель школьной системы в крае

4. Научная ,литературная и общественная деятельность Алтынсарина

5. Семья Алтынсарина и последние годы жизни

6. И.Алтынсарин в памяти народной

7. Выпускники алтынсаринских школ

 

Передвижные выставки:

1. Алтынсарин-основоположник русско-казахских школ.

2. Сералы Кожамкулов-гордость казахской культуры.

3. Ильяс Омаров – выдающийся деятель культуры.

4. Акына крылатая слава (о жизни и творчестве народной поэтессы РК Мариям Хакимжановой).

5. Степной колокол Гафу Каирбекова (народный писатель РК).

6. Жизнь и деятельность Спандияра Кубеева.

7. Предметы быта казахского народа

8. Елубай Умурзаков-выдающийся мастер сцены.

9. Невосполнимая душа (о жизни и деятельности Н.К.Даулетовой,родственницы Мариям Хакимжановой, заслуженном библиотекаре РК).

10. Сверкай как молния строка моя (о костанайском поэте А. Шаяхмета).

11. «Имя твое – Учитель» (о Заслуженном учителе Р.К. Ахметказы Чутаеве)

12. Истории связующая нить (о докторе ист. наук, академике М. Козыбаеве)

 

Тематика лекций:

1. Алтынсарин-основоположник русско-казахских школ.

2. Алтынсарин-писатель, поэт, его переводное творчество.

3. Жизнь и деятельность Беимбета Майлина.

4. Чокан Валиханов — светлая звезда Востока.

5. Из мрака забвения (Шакарим Кудайбердиев).

6. Ахмет Байтурсынов — видный казахский поэт, просветитель,общественный деятель.

7. Жизнь и педагогическая деятельность Спандияра Кубеева.

8. Гафу Каирбеков — поэт Степного края.

9. Великие люди земли казахской ХУШ-Х1Х вв.(Аблай-хан,хан Кенесары)

10. Мудрость из глубины веков (о биях казахского народа.)

11. Елюбай Умурзаков-выдающийся мастер сцены.

12. Казахские национальные орнаменты (каз., рус.)

13. Предметы быта казахского народа (каз., рус.)

14. Казахская национальная юрта

15. Казахские серебряные украшения.

16. Обычаи и традиции казахского народа.

17. Вооружение казахов

18. Наурыз-праздник, воспетый в легендах.

19. Зримый образ истории (о Конституции РК).

20. Пари ввысь, орел свободы ( о государственных символах РК).

 

Массовые мероприятия:

1. Гостиная «Шашу»- встреча с известными поэтами и писателями края

2. «Основы мусульманства» — алтынсаринская страничка

3. «Алтынсарин в памяти народной» -вечер памяти

4. «К истокам взоры обращая»-устный журнал ко Дню Конституции Р.К

5. «Шанырак» — брейн-ринг ко Дню Знаний

6. «У родных истоков» — цикл уроков –путешествий о культуре народов,проживающих в области

7. Мероприятия к государственным праздникам на казахском и русаком языках

 

Так же:

1. Юбилейные и персональные выставки работников образования, деятелей науки и культуры, ветеранов педагогического движения.

2. Передвижные выставки в школах, колледжах города, школах, библиотеках районов

3. Профориентационные выставки совместно с колледжами, ВУЗами для абитуриентов

4. Проведение обзорных,тематических экскурсии по экспозиции и выставкам музея.

5. Организации выездных лекции в учреждениях, учебных заведениях, воинских подразделениях и т.д.

6. Консультации по различным вопросам истории образования края для различных категорий населения и подготовка необходимых документов.

7. Корпоративные мероприятия: творческие встречи, вечера памяти, презентации

8. Поэтическая гостиная «Шашу», мастер-классы для молодых поэтов, студентов

9. Оказание всесторонней научно-методической помощи музейным образованиям, функционирующим на предприятиях, в организациях, школах

10. Информация посредством СМИ о важнейших событиях музейной жизни: открытие выставок и новых экспозиций, поступлениях фондовых материалов, представляющих определенный интерес для широкой общественности.

11. Интерактивные мероприятия к празднованию Наурыза

12. Выставки изобразительного и декоративно-прикладного искусства с учреждениями дополнительного образования

Read more

Дербес коллекциялар

Құрметті зиялы қауым, Ы.Алтынсарин музейі ұсынып отырған дербес көрмелерді көріп отырсыздыр. Көрсетіліп отырған көрмелердің тізімін, сонымен қатар дәрістер, іс-шараларды «Біздің қызметтер» айдарынан таба аласыздар. Біздің музейге келуге шақырамыз!


Спандияр Көбеев — педагог-ағартушы, жазушы, аудармашы, 1878 жылы 1 қазан айында Торғай облысының Обаған болысы №3 ауылында (қазіргі Меңдіқара ауданы) дүниеге келген. С.Көбеевтің алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» (И.А.Крыловтың мысалдарынан аударылған) 1910 жылы басылды. Кейін «Үлгілі бала» атты педагогикалық еңбегі кіші мектеп балаларына арналған оқу құралы ретінде құрастырылды. 1913 жылы қазақ жазба әдебиеті тарихында «Қалың мал» атты тұнғыш романы басылып шықты.1951 жылы «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабы жарық көрді. Халық ағарту майданындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алды, екі рет Ленин орденімен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен марапатталды. Спандияр Көбеев 1956 жылы 2 желтоқсанда 78 жасында жарық дүниемен қоштасты.


 

Чутаев Ахметқазы Қазкемелұлы — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, педагог-ағартушы, суретші, мүсінші. Қостанай облысы Меңдіқара болысы №4 ауылдағы Ұялысай мекенінде 1902 жылы 9 тамыз күні дүниеге келген. 1908-1911 жылдары аралығында Меңдіқара мектебінде, 1911-1916 жылдары Троицк қаласындағы ерлер гимназиясында оқыды. А.Чутаев ұстаздық жолын 1919 жылы аласапыран кезеңде бастады. Уездік халық ағарту бөлімінің қызметкері Қияс Қабылбаев А.Чутаевты қабылдап, оған Арақарағай болыстық мектебіне жолдама береді. Кейін Ұзынағаш мектебінде мұғалім болды. Ахметқазы Чутаев халық ағарту саласында маңызды да жауапты қызметтер атқарды. 1930-1932 жылдары Меңдіқара ауданының Ақсуат ауылындағы ашылған орыс-қазақ орталау мектебінде орыс тілі және орыс әдебиеті пәндерінен дәріс беріп, С.Көбеев, Қ.Байназаров, Б.Тебеев сынды ұстаздармен еңбек етеді. Ол белгілі педагог-жазушы С.Көбеевпен бірге 20 жылға жуық жұмыс істеді. 1936 жылы Еңбек бастауыш мектебінде директор, ал 1943-1947 жылдары Меңдіқара ауданы оқу ісінің меңгерушісі болды. 1947-1948 жылдары Сарыкөл ауданына қарасты Қараоба мектебінің директоры болып тағайындалды. 1950 жылы Қарашілік орта мектебінде, 1970 жылы Қаратал орта мектебінде жасөспірімдерді тәрбиелеп, білім берді. Чутаев А. белсенді ағартушылық, қоғамдық қызметі үшін екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендер және медальдармен марапатталды, Қостанай облысының “Құрмет Кітабына” енді. Ахметқазы Чутаев 1991 жылы өмірден өтті.

 


 

Мәриям Хакімжанова 1906 жылы 16 қарашада Қостанай облысы Алтынсарин ауданы «Қызыл шоқ» (бұрын Мезгіл деп аталған) ауылында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, сауатсыздықты жою мектебінен сабақ алған Мәриям кейіннен Бейімбет Майлиннің көмегімен КазПИ-дің жанынан ашылған жұмысшы факультетінен дәріс алады. 1934 жылы Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде КСРО Жазушылар одағы мүшелігіне өтіп, оған М. Горькийдің қолы қойылған мүшелік билеті берілді. М.Хакімжанова 30-дан астам кітап жазды, бауырлас халықтар әдебиетінің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақ әдебиетінің дамытудағы орасан еңбегі үшін Мәриям Хакімжанова екі рет «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталды. 1986 жылы оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді. Мәриям Хакімжанова 1995 жылы ақпанның 7 күні қайтыс болды.

 


 

Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы — Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері 1910 жылы 24 қазанда Қостанай облысы Денис ауданы «Аршалы» деген жерде туылды. 1925-1930 жылдары Қостанай қаласындағы Қазақ коммунасында (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты) оқыды. 1931 жылы дайындық курсын бітірген соң комсомолдың жолдамасы бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетіне түседі. 1936-1937 жылдары С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, 1938-1941 жылдары КСРО ҒА биология институтының аспиранты, 1941-1943 жылдары КСРО ҒА биохимия зертханасының аға ғылыми қызметкері, 1943-1946 жылдары проректор, 1946-1970 жылдары кафедра меңгерушісі болды. 1955-1961 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ректор қызметін атқарды. Ол екі рет Құрмет Белгісі орденімен, КСРО-ның бес медалімен және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1954 жылы “Қазақ КСР — нің еңбек сіңірген Ғылым қайраткері” құрметті атағын алды. 1987 жылы қайтыс болды.

 


Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам қайраткері Нәзира Дәулетова Қостанай облысы Сарыкөл ауданында 1926 жылдың 20 наурызында дүниеге келген. 1932 жылы Дәулетовтер жанұясы Челябі облысының Щадрин қаласына қоныс аударғанда 6 жастағы Нәзира оқуға барады. Ол мектеп бітірген соң Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі. 1947 жылы институт бітіріп, қазақтың мемлекеттік Пушкин атындағы (қазіргі ҚР Ұлттық) кітапханасына кітапханатану секторының әдіскері болып жұмысқа орналасады. Екі жылдан соң оқу залының меңгерушісі болады. 1948-1952 ж.ж. Москва мемлекеттік кітапхана институтында сырттай оқиды. 1963 жылы Пушкин атындағы Қазақ КСР мемлекеттік кітапханасының директоры болып тағайындалады. 1987 жылы зейнеткерлікке шығып, 8 жыл бойы Ғ.Мүсіреповтің әдеби мемориалдық музейінің директоры қызметін атқарды. Кітапхана ісін дамытудағы еңбегі үшін 1957 ж. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кітапханашысы» құрметті атағы берілді. 1967 жылы Ленин ордені, 1986 ж. «Құрмет белгісі» ордені, медальдар және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1999 жылы тамыз айының 16 жұлдызында қайтыс болды.

 


Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қостанай және Арқалық қалаларының құрметті азаматы, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» Ғафу Қайырбеков 1928 ж. 15 тамызда Торғай қаласында дүниеге келген. 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді. Қазақстан Жазушылар Одағының поэзия секциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 40-тан астам кітаптар шығарды. Алғашқы жинағы 1954 ж. «Құрдас» деген атпен басылды.

Көп ұзамай «Дала қоңырауы» поэмасында қазақтың ұлы ақын ағартушысы Ы.Алтынсарин туралы сыр шертті. Әдебиетті өркендетуге қосқан үлесі үшін орден, медальдар, құрмет грамоталармен марапатталды. Ғафу Қайырбеков 1994 ж. 3 қарашасында қайтыс болды.

 


 

Қазақстан Республикасының аса көрнекті ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Манаш Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Тазкөл жерінде дүниеге келген. 1947 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Меңдіқара педагогикалық училищесін үздік бітіріп, Үлгілі жеті жылдық мектебінде мұғалім болды. 1953 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік тәмәмдап, Қостанай педагогикалық институтында жұмыс істеді. 1958 жылы Қазақстан ОК жанындағы Партия тарихы институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кейін сектор меңгерушісі болды. 1970 жылы Шоқан Уалиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. 1974-1980 жылдары ол Алматы малдәрігерлік институтында, кейін С.Киров атындағы ҚазМУ-дың жанындағы қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1980 жылдан Қазақ кеңес энциклопедиясының бас редакциясын басқарды. Оның басшылығымен сол кезеңде орыс және қазақ тілдерінде 4 томдық «Қазақ КСР» энциклопедиясы, «Алматы», «Қарағанды облысы» энциклопедиялары, Ш.Уәлихановтың 5 томдық жинағы басылып шықты. 1986-1988 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі, директоры болып еңбек етті. 1995 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. 1997 жылы ҚР Президентінің бейбітшілік және рухани келісімі сыйлығының иегері атанды. Оған 1986 жылы «Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді. Ғалым Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің Құрмет грамоталары, Қазақстан Республикасы және КСРО медальдарымен марапатталған. М.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер, соның ішінде 30 монография, 50-ден астам оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. 2002 жылы 31қаңтарда қайтыс болды.

Read more

Мұрағат материалдары қоры

Ы. Алтынсарин жары Айғаныс және балаларымен бірге түскен отбасылық фотосурет. Ы. Алтынсариннің отбасында көпке дейін бала болмағандықтан, қазақ халқында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның ұлы мен қызын тәрбиелейді. Бұл фотосуретте Оспанның қызы Зылиха да бар. 1881 жылы туған Абдолла атты баласының дүниеге келуіне әдет-ғұрып бойынша той жасады. Екінші ұлы Абдрахман 1884 жылы, ал Шарипа есімді қызы 1886 жылы дүниеге келді. Ы. Алтынсариннің баласы Абдрахман Троицк қаласындағы гимназияда оқып жүріп, 15 жасында құрт ауруына шалдығып, қайтыс болды. Қызы Шарипа 6 жасында қайтты. Ұлдарының ішіндегі үлкен ұлы Абдолла жиі ауыратын болғандықтан, тек үй шаруашылығымен ғана айналысатын. Ол 52 жасқа дейін өмір сүрді. 1916 жылы Абдолладан жалғыз Нағима есімді қыз, яғни Ыбырайдың тікелей ұрпағы дүниеге келді. Ол 1998 жылы наурыздың 30 жұлдызында 82 жасқа келгенде дүниеден өтті.

Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетін және әдебиет тілінің негізін қалаушы болып табылады. Оның туындылары қазақ әдебиетінің мазмұнын байыта түсті. Қазақ даласында ғылыми білімді терең насихаттау және тарату тәжірибе жүзінде ғана емес, сондай-ақ Алтынсаринның әдеби қызметіне де тән. Ол балаларға ғылымды меңгеруге шақырып, яғни мұндай жолға тек мектепте білім алу арқылы жете алатындықтарын айта кетті. «Қырғыз хрестоматиясы» кітабындағы «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңі 1879 жылы жазылды. Алдарыңызда ағартушының жазған туындыларының қолмен жазылған жазбаша көшірмелері.

Мұрағаттық құжат. 1879 жылғы 29 желтоқсандағы Уезд бастығы, полковник Яковлев Торғай облысының әскери губернаторына Торғай облысының мектеп инспекторы Ы. Алтынсариннен 40 даналы «Кырғыз хрестоматиясы» кітабын 12 сомға сатып алу жөніндегі өтініш.

Мұрағаттық құжат. 1879 жылғы 29 желтоқсандағы Уезд бастығы, полковник Яковлев Торғай облысының әскери губернаторына Торғай облысының мектеп инспекторы Ы. Алтынсариннен 40 даналы «Кырғыз хрестоматиясы» кітабын 12 сомға сатып алу жөніндегі өтініш.

Read more