Марғұлан Оспанов: 2021 жылы – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына мемлекеттік деңгейде мән берілуі тиіс

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы жазғандай, «Кел, балалар, оқылықпен» сауат ашқан тұтас ұрпақ Ыбырай Алтынсариннің нақты тұлғасын толық тани алмай келеді. Өкінішке қарай, алаштың архивтерге қамалып қалған талай ардақтылары қайтадан жарқ ете қалған кезде де Ыбырай Алтынсарин екінші қатарға ысырылғандай болды. Ал, артына өлмейтұғын мұра қалдырған ағартушыны елеусіз қалдыратындай жөніміз жоқ еді. Ендеше, алдағы 2021 жылы болатын ағартушының 180 жылдығына дайындықты биылғы жылдан бастау керек. Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов та ашық әңгімесінде біраз ойды қозғап, өзінің ұсыныстарын жеткізді, – деп жазады республикалық “ҚАЗАҚ” газетінің сайты.

Read more

«Ұлы тұлғалар мұрасы» халықаралық онлайн-конференция

2020 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі «Ұлы тұлғалар мұрасы» (Ы. Алтынсарин және И. Гаспринский) Қырым Республикасы «Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық мұражай-қорығы» МБМ Исмаил Гаспринскийдің мемориалдық музейімен бірлескен халықаралық онлайн-конференция өткізді.

Read more