«Мейірімді іске – мейірімді сөз» танымдық сабағы

2023 жылдың 29 қарашасында Ы. Алтынсарин атындағы маманданды-рылған мектеп-гимназия-интернатында «Мейірімді іске – мейірімді сөз» атты Ы. Алтынсарин шығармалары бойынша танымдық сабақ өтті. Сабаққа 5 «Б» сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты – ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің әңгімелеріне тоқтала отырып, идеялық мазмұнын талдау, оқушылардың шығармашылық қабілетін, тілдік қорын арттыру, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды бірлесіп орындады.

Ы.Алтынсариннің өмірімен танысқан балалар ағартушы әңгімелерінің мазмұнын суретке түсіріп, өзара талдады.

Танымдық сабақты бекіту мақсатында «Сәйкестендіру» және «Кроссворд» әдісі қолданылды. Сабақ оқушылардың пікірімен қорытындыланды.

Read more

Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне арналған «Әйел құқығы» атты дәріс

2023 жылдың 24 қарашасында Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне арналған «Әйел құқығы» атты дәріс өтті.

Іс-шараның басында бұл халықаралық күннің шығу тарихы, сондай-ақ Ы.Алтынсариннің Қазақстандағы қыздар білімінің дамуына қосқан үлесі жайында айтылды. Дәріс барысында психолог-кеңесші және терапевтік топтардың жетекшісі Элина Каёхтина тұлға ретінде өз құндылығын түсінудің, жеке шекара құрудың және адамның өз-өзіне деген сенімділігінің маңыздылығы туралы баяндады.

Дәріске арнайы шақырылған Қостанай облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу жөніндегі «Альянс женских сил» координациялық кеңесінің мүшесі Аманқұлова Арайлым Жұмағалиқызы сөз сөйледі.

Ол өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, әйел өзіне қарсы қоқан-лоққы, зорлық-зомбылық болған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін, құқық қорғау органдарынан қандай көмек алуға болатынын айтты.

Іс-шара соңында Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің студенттері дәріс тақырыбы бойынша сұрақтар қойды.

Read more

«Ыбырайтану» жобасы аясында «Атымтай Жомарт» әңгімесі бойынша танымдық шығармашылық сабақ

2023 жылдың 20 қараша күні Қостанай қаласының №28 мектеп-гимназиясында «Ыбырайтану» жобасы аясында «Атымтай Жомарт» әңгімесі бойынша танымдық шығармашылық сабағы өткізілді.

Сабақ барысында ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсаринннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына шолу жасалып, «Атымтай Жомарт» әңгімесіне арнайы жасалған слайд арқылы жұмыс жасалды.

Аталған мектептің 6 «Ә» сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесі бойынша өз ойларын ортаға салды.

Әңгіменің негізіне арқау болған сөздер басты назарға алынып, сол сөздердің қатысымен мақал- мәтелдер айтылды.

Сабақты пысықтау мақсатында оқушылармен интеллектуалды ойын жүргізілді.

Read more

«Бейімбет және Мариям» тақырыбында танымдық сабақ

2023 жылдың 15 қараша күні Бейімбет Майлин мен Мариям Хәкімжанованың туған күндеріне орай,  Ыбырай музейінде «Бейімбет және Мариям» тақырыбында танымдық сабақ өтті. 

Мақсаты: қазақтың қос көрнекті жазушыларының шығармашылықтарымен, қайраткерлік жолдарымен таныстыра отырып жасұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

Танымдық сабақ үш бөлімнен тұрды.  Бірінші бөлімде  видео, презентация түрінде Мариям Хәкімжанова мен Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, 15 қараша Кеңес одағының батыры, ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің де  туған күні болуына байланысты оқушыларға Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, Көкшетаудағы батыр музейіне онлайн саяхат жүргізілді.

Екінші бөлімде Ыбырай музейіндегі М.Хәкімжановаға арналған экспозицияға экскурсия жүргізіледі.  Оқушылар экспозияциядағы Мариям Хәкімжанованың жұмыс үстелі мен қолжазбаларын, медальдері мен кітаптарын, көптеген жеке заттарын көзбен көріп тамашалады.

Танымдық сабақ интеллектуалдық ойынмен түйінделді.

Read more

«Орынбор қаласындағы Ы.Алтынсариннің өмірі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

2023 жылдың 2 қараша күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде Ы.Алтынсариннің туған күніне арналған «Орынбор қаласындағы Ы.Алтынсариннің өмірі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара мақсаты: жаңа тарихи фактілерді ашу, Орынбор қаласындағы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметімен жақынырақ танысу.
Дөңгелек үстелге ыбырайтанушылар, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары, магистранттар, музей қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде алғашқы болып тарих ғылымдарының кандидаты, Орынбор мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Татьяна Тугай сөз сөйледі.
Сонымен қатар, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің профессоры Қалқаман Жақып, тарих ғылымдарының кандидаты Эльмира Наурызбаева, филология  ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің профессоры, Серікбай Оспанов, Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Роза Шалапова, Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы Аяулым Шайсұлтанова баяндама жасап, тақырыпты тарихи деректермен, архив құжаттарымен жан-жақты ашты.
Read more

«Алтынсарин дәуірі және қазіргі заман» атты жас қылқалам шеберлерінің суреттер байқауы өткізілді.

2023 жылғы 28 қазанда Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Алтынсарин дәуірі және қазіргі заман» атты жас қылқалам шеберлерінің суреттер байқауы өткізілді. Оған “Қостанай қаласы білім бөлімінің А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің”оқушылары қатысты.
Іс-шара басында музейдің құрылу тарихы, оның көркемдік безендірілуі, қоғамды мәдени байытудағы суретшілер мен мүсіншілердің рөлі жайында айтылды.
Содан кейін байқаудың қазылар алқасы — музейдің ғылыми қызметкері Р.З.Шалапова мен суретші М.Т.Рахалиев балаларға алғыс хаттар мен грамоталар, сондай-ақ, байқаудың үш номинациясы: «Креативтілік», «Ұлттық өзгешелік» және «Үздік жұмыс» бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Read more