«Қазақ мектебінің қара шаңырағы» атты әдеби-танымдық кеш

8 қаңтар күні  осыдан бір жарым ғасыр бұрын Ыбырай Алтынсарыұлы Торғайда алғаш мектеп ашты.  Осыған орай, 2024 жылдың 8 қаңтарында Ыбырай музейінде ұлы ұстаз, педагог ағартушы Ы.Алтынсарыұлы ашқан тұңғыш мектептің 160 жылдығына арналған «Қазақ мектебінің қара шаңырағы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Тағылымды кешке ағартушы негізін қалаған мектептен білім алған түлектер, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары,  мектеп мұғалімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Торғайдағы Ыбырай ашқан мектептің  түлегі, мемлекет қайраткері, ғалым, Жаһандық Су әріптестігінің Қазақстан бойынша төрағасы Нариман Қыпшақбайұлы арнайы келіп, мектептің тарихы жайында тың деректермен бөлісіп, Торғайдағы алғашқы қарлығаш – мектеп жайында естеліктер айтты. Ыбырай Алтынсарин музейіне жеке заттары мен зерттеу еңбектерін табыстады.

Іс-шара барысында  көпшілікке таныс «Ыбырай шәкірттерінің маршы» әнін Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты оқушыларынан құралған хор орындады. Мектеп тарихы жайында деректі фильмдерден үзінді көрсетіліп, Ыбырай мектебінен түлеп ұшқан атақты тұлғалар жайында ақпарат берілді.

Торғайда ашылған мектептен талай саңлақ ақын-жазушылар, ғұлама ғалымдар, оқымыстылар шықты. Осы танымдық кеште әр саланың майталман мамандары –  ғалымдар мен ұстаздар арнайы құттықтауларын жеткізді. Торғай мектебінде басшылық қызмет атқарған ұстаз, Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі Сұлтанғали Әлмағамбетұлы мектептің тарихы жайында естелік кітабы мен деректі құжаттарды табыстап, музей қорын толықтырды. 

Read more

«Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты дәрістер топтамасы

Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері 2024 жылдың 4 қаңтар мен 5 қаңтар аралығында Қостанай облыстық «Дружба» мүгедектерді оңалту орталығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 101 және 102 оқу тобының курсанттары үшін «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты дәрістер топтамасын өткізді. Дәріс тыңдаушылары Ы. Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысты. Дәріс танымдық, мазмұнды және қызықты болды.

Read more

«Қазақ медицинасының атасы» тақырыбында танымдық сағат

2023 жылдың 21 желтоқсанында Қостанай жоғары медициналық колледжінде тұңғыш кәсіби дәрігер – М.Қарабаевтың 165 жыл толуына орай «Қазақ медицинасының атасы» тақырыбында танымдық сағат өтті.

Іс-шараға «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Танымдық сағат барысында М.Қарабаевтың өмірі мен қызметі жайында ақпарат берілді.

Сондай-ақ, ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің М.Қарабаевтың өмірінде алатын рөлі, екеуінің байланысы туралы баяндалды. Сабақты қорытындылау мақсатында викториналық ойын өткізіліп, студенттер өз ойларын ортаға салды.

Read more

«Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті

2023 жылдың 15 желтоқсанында Ыбырай музейінде «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті.
Іс-шара мақсаты: Тәуелсіздікті жақындатқан, қазақтың асқақ рухын танытқан Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қайсар қазақ жастарын, олардың ерліктерін жас ұрпаққа жеткізу. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсаншыларға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір — қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Іс-шараның басында желтоқсан құрбандары жайлы желтоқсан оқиғасынан бейне ролик көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Кешке Желтоқсан көтерілісінің шығу себебі мен тарихи деректері жайында баяндап беру үшін Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарихшы Руслан Жүсіпов қатысып, ержүрек қазақ жастарының тәуелсіздікке қосқан үлесі туралы сыр шертті.

Еске алу кешінде Мариям Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің оқушылары желтоқсан құрбандары туралы өлеңдерді және №115 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Ақан Жұлдыз өзінің жеке авторлық өлеңін оқыса, музейдің қызметкері Сабыржан Кәмшат Сәбира Мұхамеджанованың қазасынан кейін анасының айтқан зары «Сәбирам менің, сәбиім менің» монологын оқыды.

Read more

Тұрғындар үшін ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жөніндегі ақпарат

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! 2021 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ (бұдан әрі – ӘРПК) қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз.   

ӘРПК азаматтарға және заңды тұлғаларға мемлекеттік органдармен (әкімшілік органдармен) дауларда көмек көрсетеді, сондай-ақ жоғары тұрған органға шағым берудің ерекше рәсімін көздейді (ӘРПК-тің 91-бабының                  4-тармағы).

ӘРПК-тің 91-бабының 1-тармағына сәйкес «Шағымдану тәртібі»:

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

 Осы Кодексте көзделген жағдайларда азаматтар және заңды тұлғалар әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

ӘРПК-тің 91-бабының 4-тармағына сәйкес «Шағымдану тәртібі»:

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтық ақпаратты Сall-орталық (Құқықтық ақпараттық қызмет) арқылы 119 нөмірі бойынша (бүкіл Қазақстан бойынша стационарлық телефондардан), сондай-ақ «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтындағы «Виртуалды консультант» айдары (http://adilet.zan.kz/rus) арқылы ала алады.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің және Фридрих Эберт Қорының (FES) Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен Әділет министрлігінің қатысуымен «ӘРПК күрделі туралы қарапайым сөздермен» арнайы брошюра әзірленді.

Read more

Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күніне орай «Мы говорим: «Нет!» тақырыбында дәріс

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күніне орай Ы.Алтынсарин музейінің қызметкерлері Қостанай қаласының №22 орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушыларына «Мы говорим: «Нет!» тақырыбында дәріс өткізді. Шәкірттерге осы вирустың пайда болу тарихы, өз денсаулықтарына ұқыпты қарау туралы, сондай-ақ, ЖҚТБ күресудің халықаралық символы «қызыл лента» болып табылатыны жайында айтылды.
Read more