2020 жылғы 18-қыркүйекте Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі ағартушының шәкірті, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Б.Аспандияров туралы «Ұстаз жолын қуған» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.

Негізгі мақсаты – қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ы.Алтынсариннің ізін жалғастырушы шәкірті Б.Аспандияровтың рухани мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу, насихаттау.

Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі өткізген онлайн-дәрістің толық нұсқасы музейдің «Youtube» каналына жүктелді.