«Афганистан — боль души моей!» атты кездесу-кеші

2024 жылдың 13 ақпан күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Афганистан — боль души моей!» атты кездесу-кеші өтті.


15 ақпан — Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарудың басталу күні. Іс-шараға Ауған соғысына қатысқын ардагерлер: Мейрамбек Аманов, Дастан Жайықов, Баязит Исмухамбетов, Әділбек Жақанов шақырылды.


Оқушылар Ауған соғысының тарихымен танысты, Ауған соғысының басталу себептері мен оның ұзақтығы, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығындары басқа да оқиғалар жайында айтып берді. Қаза тапқан жауынгерлер үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Read more

«Ел ертеңі – жастар» атты кездесу кеші

2024 жылдың 9 ақпанында Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде қазақстандық жастар күніне арналған «Ел ертеңі – жастар» атты кездесу кеші өткізілді.

Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Елдіктің жолын жалғаған жігерлі жастарымыз егемен елімізді сан-салада әлемге танытып, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатуда. Солардың бірі – астықты аймағымыздың намысын мұхиттың арғы жағында танытқан театр және кино актеры, облыстық филармония әртісі, Республикалық мобилография фестивалінің жеңімпазы, Нью-Йорк фильм академиясының түлегі Ахметхан Жұматай.

Талантты актер іс-шара аясында жастармен видео саласындағы мобилография бағыты бойынша алған білімімен, тәжірибесімен бөлісті. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Read more

«Ғибратты ғұмыр иесі» портрет кеші

2024 жылдың 22 қаңтарында ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолын жалғап, бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған педагог, ақын, публицист, өлкетанушы, қоғам қайраткері, абзал азамат Масғұт Әлімжанұлы (құжат бойынша Василий Амельянович) Шалабаевтың туғанына 90 жыл.

Масғұт Әлімжанұлы Ыбырай туып-өскен жердегі ежелгі елді мекендерінің тарихи атауларын қалпына келтіру жұмыстарына белсене араласқан. Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Обаған ауданының Алтынсарин ауданы болып өзгертілуі мәселесін бірінші болып көтерді.

Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі ашылғанда, Ыбырай мен айналасындағы танымал тұлғалар жайында материал жинауға да көп еңбек сіңірді. 1991 жылы Троицк, Орск, Орынбор, Ақтөбе, Ырғыз жерлеріне «Ы.Алтынсарин ізімен» үгіт поездының ұйымдастырылу жұмыстарының басы-қасында болды. Орынбордағы Ыбырай оқыған мектеп ғимаратына ағартушының мемориалдық тақта белгісінің орнатылуына ат салысты.

2024 жылғы 22 қаңтарда Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі М.Шалабаевтың 90 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр иесі» портрет кеші, көрменің ашылуын өткізді.

Іс-шараның ашылу салтанатына қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, М.Шалабаевтың ұрпақтары қатысты.

Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Сарин, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Айжан Сәдуақасова М.Шалабаевтың қайраткерлік қыры, қоғамдық қызметі жайында баяндап, сан қырлы тұлғаның қандай құрметке болса да лайықты екендігін атап өтті.

Көрнекті ақын, жазушы, драматург Ақылбек Шаяхмет ақын, аудармашының шығармашылығына жан-жақты тоқталды. Педагогикалық ғылымдар кандидаты, РhD, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Тұрсынай Көнекова, еңбек ардагері, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Светлана Мачнева ұстаздық жолы жайында естеліктер айтты. Алтынсарин ауданындағы «Шалабаев шахмат мектебінің» ұйымдастырушысы, Сүлеймен Мұрзатаев спорт саласындағы жетістіктеріне шолу жасады.

Портреттік кеш Масғұт Шалабаевтың 90 жылдығына арналған көрменің салтанатты ашылуымен жалғасты. Көрмеге дарынды ұстаздың жұмыс барысында қолданған заттары, кітаптары, құжаттары, фотосуреттері қойылды.

Read more

«Өмірі де, өнері де өнеге» атты танымдық кеші

2024 жылдың 15 қаңтарында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Өмірі де, өнері де өнеге» атты танымдық кеш өтті.

Кешке Қостанай қаласының білім бөлімінің А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты. Суретшінің өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасы туралы ақпарат слайдтар мен бейнематериалдар арқылы ұсынылды.

Сондай-ақ, жас суретшілер Ә.Қастеевтің 1967 жылы салынған ерекше туынды, музей қорындағы Ыбырай Алтынсариннің портреті жайында мағлұмат алды.

Read more

«Қазақ мектебінің қара шаңырағы» атты әдеби-танымдық кеш

8 қаңтар күні  осыдан бір жарым ғасыр бұрын Ыбырай Алтынсарыұлы Торғайда алғаш мектеп ашты.  Осыған орай, 2024 жылдың 8 қаңтарында Ыбырай музейінде ұлы ұстаз, педагог ағартушы Ы.Алтынсарыұлы ашқан тұңғыш мектептің 160 жылдығына арналған «Қазақ мектебінің қара шаңырағы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Тағылымды кешке ағартушы негізін қалаған мектептен білім алған түлектер, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары,  мектеп мұғалімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Торғайдағы Ыбырай ашқан мектептің  түлегі, мемлекет қайраткері, ғалым, Жаһандық Су әріптестігінің Қазақстан бойынша төрағасы Нариман Қыпшақбайұлы арнайы келіп, мектептің тарихы жайында тың деректермен бөлісіп, Торғайдағы алғашқы қарлығаш – мектеп жайында естеліктер айтты. Ыбырай Алтынсарин музейіне жеке заттары мен зерттеу еңбектерін табыстады.

Іс-шара барысында  көпшілікке таныс «Ыбырай шәкірттерінің маршы» әнін Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты оқушыларынан құралған хор орындады. Мектеп тарихы жайында деректі фильмдерден үзінді көрсетіліп, Ыбырай мектебінен түлеп ұшқан атақты тұлғалар жайында ақпарат берілді.

Торғайда ашылған мектептен талай саңлақ ақын-жазушылар, ғұлама ғалымдар, оқымыстылар шықты. Осы танымдық кеште әр саланың майталман мамандары –  ғалымдар мен ұстаздар арнайы құттықтауларын жеткізді. Торғай мектебінде басшылық қызмет атқарған ұстаз, Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі Сұлтанғали Әлмағамбетұлы мектептің тарихы жайында естелік кітабы мен деректі құжаттарды табыстап, музей қорын толықтырды. 

Read more

«Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты дәрістер топтамасы

Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері 2024 жылдың 4 қаңтар мен 5 қаңтар аралығында Қостанай облыстық «Дружба» мүгедектерді оңалту орталығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 101 және 102 оқу тобының курсанттары үшін «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты дәрістер топтамасын өткізді. Дәріс тыңдаушылары Ы. Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысты. Дәріс танымдық, мазмұнды және қызықты болды.

Read more