2024 жылдың 9 ақпанында Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде қазақстандық жастар күніне арналған «Ел ертеңі – жастар» атты кездесу кеші өткізілді.

Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Елдіктің жолын жалғаған жігерлі жастарымыз егемен елімізді сан-салада әлемге танытып, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатуда. Солардың бірі – астықты аймағымыздың намысын мұхиттың арғы жағында танытқан театр және кино актеры, облыстық филармония әртісі, Республикалық мобилография фестивалінің жеңімпазы, Нью-Йорк фильм академиясының түлегі Ахметхан Жұматай.

Талантты актер іс-шара аясында жастармен видео саласындағы мобилография бағыты бойынша алған білімімен, тәжірибесімен бөлісті. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауап алды.