2024 жылдың 15 қаңтарында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Өмірі де, өнері де өнеге» атты танымдық кеш өтті.

Кешке Қостанай қаласының білім бөлімінің А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты. Суретшінің өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасы туралы ақпарат слайдтар мен бейнематериалдар арқылы ұсынылды.

Сондай-ақ, жас суретшілер Ә.Қастеевтің 1967 жылы салынған ерекше туынды, музей қорындағы Ыбырай Алтынсариннің портреті жайында мағлұмат алды.