2023 жылдың 20 қараша күні Қостанай қаласының №28 мектеп-гимназиясында «Ыбырайтану» жобасы аясында «Атымтай Жомарт» әңгімесі бойынша танымдық шығармашылық сабағы өткізілді.

Сабақ барысында ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсаринннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына шолу жасалып, «Атымтай Жомарт» әңгімесіне арнайы жасалған слайд арқылы жұмыс жасалды.

Аталған мектептің 6 «Ә» сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесі бойынша өз ойларын ортаға салды.

Әңгіменің негізіне арқау болған сөздер басты назарға алынып, сол сөздердің қатысымен мақал- мәтелдер айтылды.

Сабақты пысықтау мақсатында оқушылармен интеллектуалды ойын жүргізілді.