Открылась выставка «Ұстаз-ұлағат иесі», посвященная 145 – летию со дня рождения писателя-педагога Спандияра Кобеева.

29 сентября 2023 года в Костанайском областном мемориальном музее им.И.Алтынсарина открылась выставка «Ұстаз-ұлағат иесі», посвященная 145 – летию со дня рождения писателя-педагога Спандияра Кобеева. Просветитель И. Алтынсарин помог Спандияру Кобееву поступить в школу.

В экспозиции музея представлены личные вещи и документы С. Кобеева, рассказывающие о тех годах. После открытия выставки познавательный вечер продолжился, раскрывающий творчество и педагогическое мастерство С. Кобеева.

В вечере приняли участие потомки С. Кобеева и обладательница известной медали Ы.Алтынсарина Пиалаш Суюнкина, кандидат педагогических наук Назгуль Айдыналиева, руководитель отдела Управления культуры акимата Костанайской области Кенжегали Бимагамбетов, преподаватели и студенты Костанайского регионального университета имени А. Байтурсынова. В ходе мероприятия познакомились с   ценными экспонатами и получили информацию об исследовании творчества С. Кобеева. 

Учащиеся 7 класса специализированной школы-гимназии-интерната им.И.Алтынсарина представили театрализованные представления, подготовленные по мотивам рассказов учителя, учащиеся начальной  школы-гимназии 24 прочитали стихи С. Кобеева.
Read more

Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай «Ұстаз – ұлағат иесі» атты көрме ашылды

2023 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде ұстаз-жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай «Ұстаз – ұлағат иесі» атты көрме ашылды. Ағартушы Ы.Алтынсарин Спандияр Көбеевтің мектепке барып білім алуына тікелей себепкер болды.
Музей экспозициясына сол жылдардан сыр шертетін С.Көбеевтің жеке заттары мен құжаттары қойылды. Көрмеден кейін С.Көбеевтің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін ашатын танымдық кеш жалғасын тапты.
Кешке С.Көбеевтің ұрпақтары және белгілі Ы.Алтынсарин медалінің иегері Биалаш Сүйінкина, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Назгүл Айдыналиева, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бөлім басшысы Кенжеғали Бимағанбетов, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Іс шара барысында Спандияр Көбеевтің өзі тұтынған құнды жәдігерлердің қыр-сырына қанығып, С.Көбеевтің шығармашылығының зерттелуі жөнінде мағлұматтармен танысты.
Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сынып оқушылары ұстаз әңгімелерінің желісі бойынша дайындаған театрландырылған көріністерін ұсынып, 24 мектеп-гимназия оқушылары С.Көбеевтің өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.
Read more

Познавательный вечер «Ыбырайдың нағашы жұрты»

14 сентября 2023 года в Костанайском областном мемориальном музее Ибрая Алтынсарина прошел познавательный вечер «Ыбырайдың нағашы жұрты», посвященный 330-летию Шакшак Жанибека.
Родственники по линии матери Ибрая Алтынсарина были достойными  людьми, заботящимися о народе, они были потомками Шакшак Жанибека,
 который принимал активное участие в защите своей страны,  от чужих захватчиков, одним из первых в Казахстане получил военное звание «Тархан». 
В этот вечер в качестве спикеров были приглашены ибраевед, ученый, кандидат филологических наук Серикбай Оспанович и писатель Абылай Мауданов написал книгу о Шакшак Жанибеке «Болмысы бөлек бабамыз». В познавательном вечере,  наполненном историческими знаниями, приняли участие студенты факультета «История» Костанайского регионального университета имени А. Байтурсынова.
Read more

«Ыбырайдың нағашы жұрты» атты танымдық кеш

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығына арналған «Ыбырайдың нағашы жұрты» атты танымдық кеш өтті.
«Үйдің жақсы болмағы – ағашынан, жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан» деген қазақта жақсы сөз бар. Осы мақал Ыбырай Алтынсарыұлына  да қатысты. Қазақ халқының маңдайына біткен бағы Ыбырай Алтынсариннің өз аталары да, нағашылары да елге сыйлы, аузы дуалы, халық қамын ойлаған атпал азаматтар болған. Ыбырай нағашылары – елін, жерін жат жерлік басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан, әскери лауазым «Тархан» атағын қазақта тұңғыш алған асқан батыр, мәмілегер Жәнібек Қошқарұлының ұрпақтары еді. Сондықтан да Шақшақ Жәнібектің 330 жылдығына арналған танымдық кеш Шақшақ Жәнібектің ұрпағы, жиені Ыбырай музейінде ұйымдастырылды.
         Бұл кешке ыбырайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанұлы мен жазушы, Шақшақ Жәнібек жайындағы «Болмысы бөлек бабамыз» атты кітаптың авторы Абылай Мауданов арнайы спикер ретінде шақырылды. Ұстаз Ыбырай Алтынсарыұлының нағашы жұртымен және хас батыр Жәнібек Қошқарұлымен  жақынырақ таныстыратын, тарихи мағлұматтарға толы танымдық кешке  А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Тарих» факультетінің студенттері қатысты.  
Read more

Познавательный вечер, посвященный ко дню семьи на тему «Отбасы – алтын діңгек».

8 сентября 2023 года в мемориальном музее И. Алтынсарина был проведен познавательный вечер, посвященный ко дню семьи на тему «Отбасы – алтын діңгек». Цель вечера – ознакомление о семейной жизни  великого ученого-просветителя И. Алтынсарина и пропаганда семейных ценностей.

На встречу были приглашены одаренные дочери  из семьи Садуакасовых – индивидуальный предприниматель, бизнес-тренер, основатель магазина национальных сладостей «Qazaq brend» – Какимбек Гульнур Умиржановна и блогер г. Костанай, автор марафона для девушек «Жақсы әдетім», победитель проекта «Дара блогер» –Умиржанова Айдана Умиржановна. Наши гости поделились своим жизненным опытом и деловым навыками, рассказали о национальных ценностях в семье.

В мероприятии приняли участие гости и студенты специальности филология и журналистика Костанайского регионального университета, которые задали интересующие их вопросы и получили ценные советы.

Read more

«Отбасы – алтын діңгек»

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде отбасы күніне орай «Отбасы – алтын діңгек» аттытанымдық кеш өткізілді. Кеш мақсаты – ұлы ағартушы-ғалым Ы. Алтынсариннің отбасы туралы тың мәліметтермен таныстыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Арнайы кездесуге Садуақасовтар әулетінің дарынды қос қызы – жеке кәсіпкер, бизнес-тренер, «Qazaq brend» ұлттық тәттілер дүкенінің негізін қалаушы – Кәкімбек Гүлнұр Өміржанқызы және Қостанай қаласының қазақ тілді блогері, қыз-келіншектерге арналған «Жақсы әдетім» марафонының авторы, «Дара блогер» жобасының жеңімпазы – Өміржанова Айдана Өміржанқызы шақырылды.  
Қонақтарымыз өздерінің өмірлік және іскерлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасындағы ұлттық құндылықтарға тоқталып өтті. Іс-шараға келген қонақтар мен Қостанай өңірлік университетінің филология және журналистика мамандықтарының студенттері қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, құнды кеңес алды.
Read more