2021 жылдың 14-желтоқсанында Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Тағылымдық кездесуге желтоқсан оқиғасының куәгерлері, қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.,ғ.,к., ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, қауымдастырылған профессор Қарлығаш Нұрмұхамбетова мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің тілдерді дайындау орталығының меңгерушісі, ф.,ғ.,к., Гүлжанат Жүрсіналина шақырылды.

Ол кісілер қазақ халқы үшін тәуелсіздіктен асқан қастерлі, құнды мұра жоқ екенін баяндады. Сондықтан да, егемендіктің қадірін жете түсініп, басқа қонған бақты бағалай білу керектігін айтып өтті.

Расымен де, халқымыз бостандықты аңсап, зарығып егемендікке қол жеткізді. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы еді.
Жиынға қатысқан Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының курсанттары, жас сарбаздар мол тағылым алып қайтты.
Кеш барысында, жегірді жанып, рухты асқақтататын өлең оқылып, ән шырқалды.