Қостанай қалалық «Южный» кітапхана – филиалында  «Орынбор қаласындағы  Ыбырай Алтынсариннің оқу жылдары» тақырыбында дәріс өткізілді.

Оған Қостанай құрылыс – техникалық колледжінің студенттері қатысты.  Іс-шара барысында балалар педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірінен қызықты деректер берілді.

bty

Студенттердің назарына алғашқы ұстаздың ашқан мектептері туралы бейнефильм ұсынылды. Олар «Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз? викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенді атсалысты.