Қазақстанның халық суретшісі Наурызбаев Хакімжан Есімханұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Қылқалам шебері» атты онлайн-дәріс

2020 жылы 10 тамызда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин музейінің қызметкері Қазақстанның халық суретшісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Наурызбаев Хакімжан Есімханұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Қылқалам шебері» атты онлайн-дәріс өткізді.

Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабы бойынша А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектеп оқушыларының онлайн-көрмесі

2020 жылдың 7 шілдесінде Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабы бойынша А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының салған суреттерінен онлайн-көрме ұйымдастырылды.

«Домбыра – халық жүрегінің айнасы» музей қызметкері, суретші М.Т. Рахалиевтің онлайн-шеберлік сағаты

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде «Ұлттық домбыра күні» мерекесі қарсаңында «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты онлайн-шеберлік сағаты болып өтті. Шеберлік сағатын Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкері, суретші М.Т. Рахалиев өткізді.