ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

Жоба

Музей қызметкерлері 2016 жылдың 9 қыркүйек күні «Ұлы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің естелік орындары» атты жобаның 2-ші маршруты бойынша Алтынсарин ауданы  Щербаков ауылы Алтынсариннің ата қонысы Омар Мезгіліне (Щербаков пен Сатай ауылы аралығы) іс-сапарын ұйымдастырды.

Ынталы топ мүшелері: Оспанов Серікбай - ақын, жазушы, Қазақстан  жазушылар Одағының мүшесі, ғалым, ыбырайтанушы, филология ғылымының кандидаты, ҚМПИ профессоры; Жақып Қалқаман Хасенұлы - Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлегі, ыбырайтанушы, ағартушының  өмірі мен қызметін зерттеуші, философия ғылымдарының кандидаты, ҚМУ профессоры; Көпешов Беген Қаженұлы - Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Қазақстан білім беру саласының үздігі, Ыбырай мұрасын зерттеуші;

Нұржанова А.Ж. - музей директоры; Қуанова Р.Қ.- директордың орынбасары; Айгужина Б.А. - жобаның авторы, ғылыми ағарту бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар қалалық 15 мектептің оқушылары мен ұстаздары, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары «Қостанай қаласы - Щербаково ауылы - Омар Мезгілі» маршрутымен жүріп өтті.

2-ші маршруттың салтанатты ашылуымен аудан әкімінің орынбасары Баймағамбетов Ерлан Қажешұлы жиылған қауымды құттықтап, Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай ашылған жаңа мәдени объекті «Ыбырай-Алтынсарин және оның оқушылары» атты скульптуралық-саябақ композииясы туралы айтып кетті.

Ұлы ағартушының өмірі мен қызметі туралы ыбырайтанушы Жақып Қалқаман Хасенұлы баяндап берді. Мәриям Хакимжанова атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Алтай Саят авторлық «Ыбырайға арнау» өлеңін оқыды және «Әуен» атты дуэт отаншылдық тақырыпта «Қазақстан» әнін орындады. Салтанатты ашылудан кейін Мәриям Хакимжанова атындағы орта мектебінде іс-шара жалғасын тапты, яғни Ыбырай Алтынсарин және Мәриям Хакимжановаға арналған музейге экскурсия жасалынды, сонымен бірге акт залында мектеп ұстаздарымен оқушыларға кездесу ұйымдастырылып, соңы мерекелік концертке ұласты. Кейін жобаға қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің ата қонысына жол тартып ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бері келе жатқан құдық басына барды. Құдық қасында Ыбырай Алтынсарин сол жерде дүниеге келгендігі туралы жазуы бар мәрмәр ескерткіш тақта орнатылған. 

Осы мерекелік іс-шараға ат салысқан әр қатысушы, Ыбырай Алтынсаринның артына қалдырып кеткен мол мұрасымен бір қауышқандай әсерде болып, Ұлы ағартушының өмірінен, педагогикалық қызметінен, шығармашылығынан жаңа тың мәліметтер алды деген ойдамыз.

Қостанай облыстық  Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі 2016 жылдың 15-18-ші тамыз күндері «Даланың дара ұстазы» жобасының аясында «Ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің естелік орындары» атты маршрутының 4-ші кезеңі «Қостанай-Аманкелді-Торғай-Арқалық» елді-мекендеріне іс-сапарын ұйымдастырды. Музей директоры Нұржанова Анар Жұмағазықызы, директордың орынбасары Қуанова Роза Қаратайқызы, ғылыми ағарту бөлімінің меңгерушісі Айгужина Балдырған Аяжанқызы, Серкібай Оспанов - ақын, жазушы, ғалым, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, ҚМПИ-ның профессоры және Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлегі, ағартушының  өмірі мен қызметін зерттеуші, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы іс сапарға қатысты.  

15 тамыз күні Жангелдин ауданы білім беру бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы орта мектебі директоры Абдулин Д.А. ұйымдастыруымен ұстаздармен кездесу өтті. Кездесу Қазақстанның  халық жазушысы, көрнекті ақын Ғафу Қайырбековтың туған күнімен сәйкес түсті.  

16 тамызда Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп директоры

Ражанов Қ.С., әкімшілік ұжымы, ұстаздар, оқушылардың жетістікері мен келешек жоспарларымен бөлісті.  

Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалды-педагогикалық музейінде Жангелдин  аудан әкімінің орынбасары Әубакиров Т.Қ., мәдениет бөлімінің басшысы Абжамалов Д.Т., білім және ішкі саясат бөлім мамандары,    ұстаздар, Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешенінің директоры Сәрсекей Г.К., мұражай қызметкерлері қатысып жобаның мақсатымен танысты.  

17 тамыз күні Аманкелді аудан орталығында Әлмағамбетов Ғ.А. басқарып отырған Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте Ыбырай Алтынсаринге арналған дәріс кабинетінде  мектеп ұжымына музей жобасы жайлы мәліметтер айтылды.

Сол күні  Арқалық қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институты музейінде жоба жалғасын тапты.  Ыбырай Алтынсарин мұраларын жинап, осы бір ізгі бастаманы алғашқы қолға алып,  музейге жетекшілік жасаған Әсет Ламашев болған. Музей меңгерушісі Пернегүл Абишеваның айтуынша, Ыбырай Алтынсарин мұраларын зерттеу барысында, ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылық жолын баяндайтын ресми құжаттар, құнды материалдар, экспонаттар, суретшілердің портреттері жинақталған.

Маршрут барысында Ыбырай Алтынсариннің бағаланбас мұрасы жайлы айта келе, Жақып Қалқаман Хасенұлы қыркүйек айы бойына метептерде 1-ші сабақты Ыбырай Алтынсаринның  «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен бастау керек деген ой тастады.            

Жоба шеңберінде 4-ші  кезеңді іске асыру барысындағы сапарда облыстық Ыбырай  Алтынсарин мемориалдық музейінің ғылыми ағарту бөлімінің меңерушісі Айгужина Балдырған Аяжанқызы  жобаның мақсаты мен міндеттері туралы, жобаның барысында даланың алып қоңырауы Ыбырай Алтынсаринді насихаттау, дәріптеу жұмыстары  жалғаса беретіні жайлы айтып берді. Жоба аясында үстіміздегі жылдың тамыз-қыркүйек айларында Алтынсариннің ата қонысы  Щербаков селосы және Омар Мезгіліне саяхат ұйымдастырылады.

Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі 2016 жыл

5-ші мамыр күні Қостанай облысы  Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжінде «Даланың дара ұстазы» жобасының аясында «Ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің естелік орындары» атты маршрутының 2-ші кезеңін ұйымдастырды.

Қостанай қаласы және Қостанай ауданы мектептер ұстаздары және  оқушылары, ынталы топ колледж қабырғасындағы Ыбырай Алтынсарин музейін аралады. Экскурсовод аталған оқу орнының құрылу тарихы,  ұстаздары мен түлектері жайлы өте қызықты мағлұматтар айтты.

Кездесу мәжіліс залында жалғасын тапты. Жүргізуші жобаның мақсаттары мен міндеттерін айта отырып қатысушыларға буклеттер үлестірді.

Кездесудің құрметті қонақтары: журналист, тарихшы Орманов Қуаныш Төребекұлы; Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлегі, ағартушының  өмірі мен қызметін зерттеуші, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы және Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі директоры Нұржанова Анар Жұмағазықызы өз тілектерін білдірді.

Қостанай қаласы №1 мектеп-лицейінің оқушысы Стаканов Арсений және Қостанай ауданы Нұржан Наушабаев атындағы орта мектеп оқушысы Қадырова Жанна - Ыбырай Алтынсарин, Нұржан Наушабаев туралы, сонымен бірге білім алып жатқан мектеп оқушылары әр түрлі олимпиадаларға және сайыстарға қатысатындығын айтты.

Колледж ауласындағы Ұлы педагог-ағартушының ескерткіші жанында митинг өткізіліп, Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен Жобаның 2-ші кезеңі аяқталды. 

Ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің мұрасын дәріптеу және насихаттау  музейдің негізгі жұмысы болып табылады. 2016 жыл елеулі оқиғаларға толы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл және Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің негізі қаланғанына 25 жыл толып отыр.

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған «Даланың дара ұстазы» жобасының аясында «Ұлы педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің естелік орындары» атты І-ші маршрутының ашылу салтанаты болды.

Жоба қазақ халқының жаңашыл-педагог, ағартушы, ғалым-этнограф, жазушы, публицист, ақын,  алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және ҚМПИ студенттері ұлы ағартушының өлеңдерін оқып, «Ыбырай Алтынсарин 175 жыл» логотипі бар футболкамен флэш-моб биін орындады.   

Алғашқы сөз Қостанай облысы мәдениет басқармасының  басшысы Сероус Лариса Александровнаға берілді. Қостанай облысының құрметті азаматты, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Укин Кенжебек Үкіұлы және Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлегі, ағартушының  өмірі мен қызметін зерттеуші, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы өз тілектерін білдірді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлектері - Алтынсарин медалінің иегері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері Көпешев Беген; Ыбырай Алтынсариннің  ұрпағы Қасымов Марат Әнуарбекұлы, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардын өкілдері, Қостанай қаласы және  ауданының мектеп оқушылары қатысты.

Жүргізушілер Нұрқанат  Нүсіпхан және Шәкіржанова Ажар  жобаның бағдарламасымен таныстырды. Қазақ драма театрының актері Бекайдаров Қонысбек Берманұлы Ыбырай Алтынсаринді сомдап балаларды оқу-білімге шақырды. Театр актері және осы іш-шараны ұйымдастырушылар  оқушыларды Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына, Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейіне, облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы  жастар мен жасөспірімдер кітапханасына саяхаттауға шақырды.

Балалар аталған мекемелердің құрылу тарихы және дара тұлғаның орасан зор еңбегіне шолу жасап, тың мәліметтер алды.