ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде алаштың көсемдері Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтердің туғанына 125 жыл толуына арналған «Алаштын бес арысы» тақырыбында іс-шара

Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі шаңырағында 31 мамыр  -Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде алаштың көсемдері Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтердің  туғанына 125 жыл толуына арналған  «Алаштын бес арысы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ  мен Қостанай гуманитарлық колледж студенттері   қатысты. Ақын-жазушы Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхметов  үш бәйтерек деп атап кеткен, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар  жоғарыда аталған тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы айтты. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Мырқымбай», «Раушан коммунист» әңгімелерін, І.Жансүгіровтің «Құлагер» және «Күйші»,  С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмаларына қысқаша тоқталды.  Бейнероликте Қ.Байбосыновтың орындауындағы   С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні тындалды.  ҚМПУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Рауан Байдалы Т.Рысқұлов пен С.Қожанов туралы тарихи тың деректермен таныстырды.