ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» фестивалі

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан  Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» фестивалі өтті. Осы республикалық байқауына «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясымен Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі тіркеу-қор секторының меңгерушісі Шектыбаева Назгүл Төкенқызы қатысты. Фестиваль барысында әр облыстың музей қызметкерлері   өз еңбектерін бейнеролик пен слайд арқылы таныстырды. Байқау «Ұлы дала өркениеті жағдайында ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру» тақырыбы төңірегінде пленарлық отырыс өз жалғасын тапты. Музей қызметі саласы бойынша  «Музей, жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылық» атты шеберлік сыныптар өтіп, музей мамандары өз тәжірибесімен алмасты. Пікірталас қоғамдық сананы жаңғырту: музей қызметі саласындағы сандық технологиялар туралы дәріс түрінде өтті, ғылыми еңбектерімен бөлісті.