ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

«Ы.Алтынсарин мен И.Гаспринский» атты Ыбырай Алтынсарин және Исмаил Гаспринский (Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық мұражай-қорығы, Крым) мемориалдық музейлері қызметкерлерімен телемост (Исмаил Гаспринский мемориалдық музей қорында Ыбырай А

2019 жылы 16 мамырда Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі мен И. Гаспринскийдің Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық қорық музейі қызметкерлері арасында «Ы.Алтынсарин және И.Гаспиринский» аты телекөпір онлайн түрінде өтті. Кездесудің басты тақырыбы музейлер жұмысы арқылы тәжірибе алмасу, достық қарым-қатынас жасау болатын. Алғы сөзді Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі директоры М.Б. Оспанов бастады.  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, ыбырайтанушы Қалқаман Хасенұлы Жақып Ы.Алтынсариннің бай мұрасымен таныстырды. М.Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі НатальяАлександровна Таранда, Әулиекөл ауданына қарасты Көктал орта мектебінің мұғалімі Альмира Тулегеновна Игисиновалар өз пікірлерімен бөлісті. И.Гаспринский музейінің қызметкерлері Абибуллаева  Эльмира Эбазеровна  және  Сеитмеметова Сельвина Алиевна  қазақстандық әріптестеріне татар ағартушысы И.Гаспринскидің мұралары және насихаттау   жұмыстары туралы айтты. Тыңдаушылардың аса қызықтырғаны  Ы.Алтынсариннің 1884 жылы Қазанда басылып шыққан «Шариғатул- Ислам» кітабы болды. Бұл кітапты автор өз қолтаңбасымен  өлең жолдарын жазып И.Гаспринскийге сыйлаған, ал ол болса өзінің жеке кітапханасының мөрін қойған.      Ы.Алтынсарин музейімен тығыз байланыста жұмыс істейтін қалалық көркем сурет мектебінің   оқушылары Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабындағы әңгімелері желісі бойынша алуан тақырыптағы   Каримова Ксения, Ибраева Жулдуз, Шихова Родмиланың салған суреттері көрмесі көрсетілді.  

Іс-шара жылы   атмосферада өтті. Телекөпірге қатысушылар арасында  тұлғалық музейлердің рухани байланысы   ары қарай жалғасын табатынын және жаңа формадағы шарттар мен талаптарды үйрену үшін басқа елдердегі музейлермен де  осындай телекөпір өткізу туралы сөз болды.