ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

Жаңалықтар

2019 жылдың 17 шілдесінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің ұйымдастырумен Ыбырай бабамыздың  қайтыс болғанына 130 жыл толуына арналған  «Мәңгі өшпейтін тұлға»атты- еске алу шарасы Ыбырай Алтынсарин кесененің басында өтті.

Салтанатты іс-шара  жүргізушілердін кесене туралы мағлұматтарынан басталды. 

1947 жылы 10 қыркүйекте еңбекшілер депутаттары Кеңесінің Қостанай қалалық атқару комитеті Ы.Алтынсариннің қайтқанына 60 жыл толу қарсаңына байланысты «Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин зиратын сақтау» туралы шешім қабылдады.

1960 жылы педагог - ағартушының  туғанына 120 жыл толуына байланысты бейітінің басына граниттен құлпытас орнатылды.

Ал 1991 жылы Ы.Алтынсариннің 150 жылдығын  тойлау қарсаңында қостанайлық архитектор Хаджымурат Кучиковтың жобасы бойынша  гранит тақтасының орнына кесене салынды. 

Мемлекет басшысының «Болашаққы бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және «Қасиетті география» республикалық жоба аясында Ыбырай Алтынсариннің кесенесі қайта қалпына келтіріліп, 2017 жылдың 4 қазанында ашылды.

 

Іс-шараға қатысқандар қонақтар - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қалқаман Хасенұлы Жақып,  КСРО ағарту ісінің үздігі, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар Академиясының құрметті мүшесі Светлана Григорьевна Мачнева,  Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Салтанат Сапарғалиқызы Жұмағали,  Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Қарынұлы Нұғманов еліне адал қызмет еткен ұлы ұстаз, ақын, педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсаринді еске алып, есімін ұлықтау мақсатында сөз сөйледі.

 Іс-шараға жиналғандар ағартушының  аруағына арнап Құран бағыштады. Қостанай ауданының әкімдігі мен мекемелерінің, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің, Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясының өкілдері,  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайы қызметкерлері гүл шоқтарын қойды.

  

«Южный» кітапхана-филиалы «Жазғыоқу залы "Open air"» жобасының аясында "Қымбат мұра" атты өлкетану калейдоскопті ашық аспан астында № 23 орта мектебінің жанындағы лагерьге келетін оқушылармен өткізді.

 

Іс шара барысында «Жұлдыз» домбырашылар студиясы бірнеше қазақ халқының кұйлерін орындады. Кітапхана қызметкері Қостанай өңірінде дүниеге келген атақты адамдар Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мәриям Хакімжанова туралы айтып берді.

 

Педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин және Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжановаға байланысты деректерді Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының аға ғылыми қызметкері Қуанова Роза Қаратайқызы түсіндіріп беріп, балалардың назарына «Ыбырай Алтынсарин - аса көрнекті педагог-ағартушы» атты жылжымалы көрмесі және музей жәдігерлерімен таныстырды.

 

Іс-шара барысында балалар өлеңдермен мысалдар оқып, викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақтардың шешімін айтты.

Қазақстан Республикасы астанасының туған күніне орай 4 шілде күні М.Хакімжанова атындағы №20, №10 орта мектебі, № 24 мектеп -гимназиясының жазғы лагерь демалушылары үшін «Елорда - елімнің құт мекені» атты дәріс өткізілді.

Қала күніне арналған дәрістің мақсаты Елорда туралы мағлұмат беру, көрікті орындарымен таныстыру, жасұрпақтарды отансүйгіштікке, өз Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Нұр-сұлтан қаласы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, білімдері тапсырмалар арқылы бекітілді.

Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі сұрақ-жауаптар және қимылды, интеллектуалдық ойындар жүргізілді.

2019 жылы 1 шілде күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде «Ұлттық домбыра күні» мерекесі қарсаңында мәдениет және ғылым саласының майталмандары: Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, М.Хәкімжанова,Ш.Торышев,Т.Дарқанбаев, С.Досанов, Ә.Беркенованың домбыраларына арналған экспозициялық бұрыш ашылып, «Бағзыдан жеткен баба сарыны» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Музейдің домбыралар бұрышының ашылу салтанатында музей басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, ағаш шебері Қабдулмәжит Иманов және тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы лентасын қиды. 

Іс-шара жалғасын тауып, он саусағынан өнер тамған шебер Қабдулмәжит Иманов домбыраның шығу тарихына тоқтала кетіп, өзі жасаған домбыраларын көрсетті.

Күйші, домбырашы Жасұлан Намиалы күйдің құдіреті мен атаулары туралы айтып, өзі жетекшілік ететін «Нұрлы әуен» студиясы Құрманғазының «Балбырауын», Н.Тілендиевтің «Әлқиса» күйлерін орындап берді. Домбыраның шығу және жасалу тархы жайында шағын бейнеролик көрсетіліп, Е.Өмірзақов атындағы филармонияның дәстүрлі әншісі Айжан Санай «Екі алуан, екі асыл зат» әнін шырқады.  

Алматы қаласындағы мәдениет басқармасы басшысының 1-ші орынбасары Алиев Данияр Абзалденович домбыра күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Жиналған мәдениет қызметкерлері мен зиялы қауымның жан дүниелері рухани байып, үлкен әсер алып тарқасты. 

2019 жылдың 5 маусымында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Отаным-тағдырым» бағдарламасы негізінде № 17 орта мектебінің жанындағы жазғы лагерьде демалушы оқушылар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Әнұран-әніміз, ту, елтаңба - айбынымыз»атты брейн-ринг ойын сабағы өтті.   Балалардың  қызығушылығын арттыру мақсатында  брейн-ринг ойындары өткізіліп, мемлекеттік рәміздер жайлы толық мәліметтер айтылды. Іс-шара соңында музей қызметкері А. Т. Омарканова балалармен «Аяқпенен топ-топ-топ» сергіту сәті ойынымен аяқтады.

Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі шаңырағында 31 мамыр  -Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде алаштың көсемдері Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтердің  туғанына 125 жыл толуына арналған  «Алаштын бес арысы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ  мен Қостанай гуманитарлық колледж студенттері   қатысты. Ақын-жазушы Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхметов  үш бәйтерек деп атап кеткен, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар  жоғарыда аталған тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы айтты. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Мырқымбай», «Раушан коммунист» әңгімелерін, І.Жансүгіровтің «Құлагер» және «Күйші»,  С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмаларына қысқаша тоқталды.  Бейнероликте Қ.Байбосыновтың орындауындағы   С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні тындалды.  ҚМПУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Рауан Байдалы Т.Рысқұлов пен С.Қожанов туралы тарихи тың деректермен таныстырды.  

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске  алу күні қарсаңында, яғни    30 мамырда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде өткен ағартушы-педагог,     алаш қайраткері,    Батыс Алашорданың  мүшесі, Орал облыстық ІІІ қазақ съезінің делегаты,  Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин іргесін қалған мектептің түлегі, әрі ізбасары Төлеген Иманғазиевтің туғанына 145 жыл толуына арналған «Алаштың ардақты азаматы» атты еске алу   кешіне  Алматы қаласындағы ҚР орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары Жылысбаева Мәрзия Ғаниқызы,   Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің аға ғылыми қызметкері Қуанова Роза Қаратайқызы және тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым  Жаңабек Жақсығалиев, Төлеген Иманғазиевтің ұрпақтары қатысып, Қаратөбе ауданындағы қуғын-сүргін құрбандары мен Төлеген Иманғазиевтің  өмірдеректерімен бөлісіп, сөз сөйледі. Жиналған жергілікті халық риза болып, жылы лебіз танытты.    

Ал, 31 мамырда  Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейімен мәдени-рухани байланысты орнатып, өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт  қол қойылып, «Ұлы даланың  ұлы тұлғалары» атты көрме ашылды. Онда Ыбырай Алтынсарин музейі қорынан Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған төсекқабы мен 1884 жылы қазан баспасынан араб қарпінде шыққан «Шариғатул-Ислам» сирек әрі көне кітабының түпнұсқасы және Мәриям Хакімжанованың 1935 жылы латын графикасы негізінде шыққан «Жеңешем» атты алғашқы өлеңдер жинағы, 1945 жылы жарық көрген «Мәншүк» кітабы,  М.Мәметованың туған жеріне барғандағы тарихи фотоқұжаттар, қолданған жеке заттары көрсетілді.  

Көрменің ашылуында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерсаев Мирболат Бижанұлы,  айтыскер ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Қыдырниязова музейлер арасындағы тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынас туралы айтты. Бұл шарада  мектеп оқушылары    ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолы, сондай-ақ ағартушының аталас туысы, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, қазақтың батыр қызы Мәншүкке арнап тұңғыш поэма жазған Мәриям Хакімжанованың шығармашылығымен танысып,  тың ақпарат алды.

Қазақтың ұлтын сүйген данқты тұлғалардың танылып,  насихатталу аумағын кеңейту және қос мекеме арасында жасалған келісімшартты іске асыру негізінде Елбасының «Ұлы даланы жеті қыры» мақаласы аясында өткен мәдени іс-шаралардың көпшілікке берер тағылымы мол.   

Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 27-28 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет майталманы, сазгер, күйші, сөз зергері Нариман Үлкенбаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған I Республикалық музей қызметкерлерінің байқауы өтті. Байқауға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин музейінің аға ғылыми қызметкер Омарқанова Айымгүл Төлегенқызы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Айымгүл Төлегенқызы «Тұлға танушы» номинациясын иеленіп, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан  Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» фестивалі өтті. Осы республикалық байқауына «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясымен Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі тіркеу-қор секторының меңгерушісі Шектыбаева Назгүл Төкенқызы қатысты. Фестиваль барысында әр облыстың музей қызметкерлері   өз еңбектерін бейнеролик пен слайд арқылы таныстырды. Байқау «Ұлы дала өркениеті жағдайында ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру» тақырыбы төңірегінде пленарлық отырыс өз жалғасын тапты. Музей қызметі саласы бойынша  «Музей, жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылық» атты шеберлік сыныптар өтіп, музей мамандары өз тәжірибесімен алмасты. Пікірталас қоғамдық сананы жаңғырту: музей қызметі саласындағы сандық технологиялар туралы дәріс түрінде өтті, ғылыми еңбектерімен бөлісті.

2019 жылы 16 мамырда Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі мен И. Гаспринскийдің Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық қорық музейі қызметкерлері арасында «Ы.Алтынсарин және И.Гаспиринский» аты телекөпір онлайн түрінде өтті. Кездесудің басты тақырыбы музейлер жұмысы арқылы тәжірибе алмасу, достық қарым-қатынас жасау болатын. Алғы сөзді Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі директоры М.Б. Оспанов бастады.  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, ыбырайтанушы Қалқаман Хасенұлы Жақып Ы.Алтынсариннің бай мұрасымен таныстырды. М.Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі НатальяАлександровна Таранда, Әулиекөл ауданына қарасты Көктал орта мектебінің мұғалімі Альмира Тулегеновна Игисиновалар өз пікірлерімен бөлісті. И.Гаспринский музейінің қызметкерлері Абибуллаева  Эльмира Эбазеровна  және  Сеитмеметова Сельвина Алиевна  қазақстандық әріптестеріне татар ағартушысы И.Гаспринскидің мұралары және насихаттау   жұмыстары туралы айтты. Тыңдаушылардың аса қызықтырғаны  Ы.Алтынсариннің 1884 жылы Қазанда басылып шыққан «Шариғатул- Ислам» кітабы болды. Бұл кітапты автор өз қолтаңбасымен  өлең жолдарын жазып И.Гаспринскийге сыйлаған, ал ол болса өзінің жеке кітапханасының мөрін қойған.      Ы.Алтынсарин музейімен тығыз байланыста жұмыс істейтін қалалық көркем сурет мектебінің   оқушылары Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабындағы әңгімелері желісі бойынша алуан тақырыптағы   Каримова Ксения, Ибраева Жулдуз, Шихова Родмиланың салған суреттері көрмесі көрсетілді.  

Іс-шара жылы   атмосферада өтті. Телекөпірге қатысушылар арасында  тұлғалық музейлердің рухани байланысы   ары қарай жалғасын табатынын және жаңа формадағы шарттар мен талаптарды үйрену үшін басқа елдердегі музейлермен де  осындай телекөпір өткізу туралы сөз болды.

Ыбырай Алтынсариннің  музейінде  6 мамыр күні Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз»  атты әдеби сазды кеш өтті. Іс-шара барысында  П. Аедоницкидің «Довоенный вальс» шығармасы бойынша  кадет оқушылары вальс биледі. Кейін бейнероликтен соғыстың басталғаны туралы  диктордың дауысы және қазақ халқының қаһарман батыры Б.Момышұлының сөзі қосылды, сондай-ақ, «Ұлы Отан соғысы» гимні, «Ана туралы баллада» өлеңін орындалды.

Қостанай қаласы Б.Момышұлы атындағы №5 мектеп- кадетінің 6 «Е» сынып оқушылары қатысты. Олар жауынгер қазақстандықтарды еске алып, өлеңдерін оқыды. Іс-шара «День Победы» әнімен аяқталды.

2019 жылы 3 мамырда Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин  музейінің қызметкері Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің 8 сыныптың ер балалары арасында  7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлер - елдің қорғаны» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Ойын басында Ы.Алтынсарин  туралы фильм көрсетілді. 3 оқушыдан екі топқа бөлінген балалар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берді. Ағартушының «Қырғыз хрестоматиясы» кітабынан мақал-мәтелдер жасырылды. Қазылар мүшесі жеңіске жеткен топтың әділ бағасын берді. Осындай сайыстар оқушылардың ой-өрісін дамытып, зеректілік пен тапқырлыққа үйретеді.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерімен «Бірлігіміз жасасын» атты спорттық - эстафеталық жарыс өткізді.

Байқауға «Қыран» /Қазақ командасы/,«Асаба» /Қырғыз командасы/, «Достық» /татар-башқұрт/ ұлттық – мәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Жарыстар Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттың спорт залында ұйымдастырылды.

Өз командасын таныстыру, қаппен секіріп жүгіру, арқан тарту, баскетбол себетіне допты дәлдеп түсіру бойынша әртүлі формадағы жарыстар өтті. Қатысушылар мен жанкүйерлер мереке атмосферасын, мейірімділік пен қайырымдылықты, өзара құрмет пен түсіністікті сезінді.

Қазылар алқасының мүшелері командалардың жинаған ұпайлары бойынша байқаудың нәтижелерін қорытындылады. «Асаба» тобы бірінші орын, «Қыран» және «Дружба» топтары  екінші орынды иеленді. Барлық командаларға  алғыс хат және сыйлықтар (кітаптар, ойыншықтар) берілді.

Іс-шара соңында жиналған қауым керемет көңіл күй мен жақсы әсер алып тарқасты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 14 қыркүйек айында Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі мен «Абылай хан резиденциясы» музей кешені арасында   даңқты тұлғаларды дәріптеу мақсатында  ынтымақтастық келісім-шарт жасасып, қос музейдің басшылары меморандумға қол қойған болатын. Осыған орай маңызды шаралар өз жалғасын тауып, 12 сәуірде «Абылай хан резиденциясы» музей кешені Ы.Алтынсарин мемориалдық музейіне «Ордасы - ұлы Абылайдың» атты жылжымалы көрмесі ашылды. Абылайдың қиын балалық пен жастық шағы, қолбасшы мен болашақ мемлекеттік қайраткер ретіндегі даму туралы мәліметтерін, сондай-ақ қазақтың салт-дәстүріне қатысты мол мұраларын Тобыл-Торғай өңіріне ала келді. Аталған көрме 1 ай жұмыс істейді. Көрменің ашылуында Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы қонақтарға өз лебізін білдірді. Солтүстік Қазақстан облысының  «Абылай хан резиденциясы» музей кешенің басшысы Садаев Аян Набиұлы сөз сөйледі. Ыбырай музейінің қызметкерлері, № 24 А бастауыш мектебі мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты оқушылары «Ыбырай» маршын орындады. Іс-шара соңында Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі қала мектептерінің оқушыларының арасында жариялаған «Ыбырай Алтынсарин мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты эссе жазу байқауының қорытындысы жарияланды. 1 орынды С.Мауленов атындағы гимназияның 7 «Б»сынып оқушысы  Маржан  Салимжанова, 2 орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Жансұлу Жақсымбекова және  М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Мәди Төкеш иеленді.  3 орынды Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жансая Боранбай, №15 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Камиля Жунусова, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8«Г» сынып оқушысы Дильназ Малдыбаева алды.

 

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында  ұлы даланың ұлы  тұлғаларын ұлықтау, насихаттау мақсатында 2019 жылы 1 сәуір - Күлкі күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейіндеұлтымыздың рухани құндылықтарын толықтыруға сүбелі үлес қосқан этнограф-ғалым, мәдениеттанушы Сейіт Кенжеахметовтың туғанына 80 жыл  толуына арналған «Сатира майданының сардары» атты көрме ашылды. Онда сатирик ақынның фотоқұжаттары мен шығармашылық еңбектері, марапаттары қойылды. Іс-шараға Кенжеахметов Жасұлан Сейітұлы және мәдениет саласының қызметкерлері,ағаның көзін көрген, бірге қызметтес болған ақын-жазушылар қатысты. Көрменің лентасын қию рәсімін ақын Серікбай Оспанов және Жасұлан Сейітұлы Кенжеахметов жасады.

Сейіт Кенжеахметұлы: "Күлдіре білу - өнер, күле білу - өмір, күлкі болу - өлім" деген екен. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Костанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Сейіт Кенжеахметовтың   «Аттестация» сықақ әңгімесі, «Мән беретін іс» монологы және Рудный қаласының «Берік» шоу әзіл-сықақ театры  С.Кенжеахметовтың «Партия құру керек» әзіл әңгімесі бойынша сахналық көрініс қойды. Ақындар - Н.Мұқатов, С.Оташев, Қазақстанның құрметті журналисі О.Жақсанов және Сейіт Кенжеахметұлының шәкірттері, айтыс ақындары Әлпия Орманшина, Салтанат Өтелбаева ғалым туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара соңында Сейітұлы Жасұлан және музей директоры Марғұлан Оспанов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, Сейіт Кенжеахметов туралы «Көзкөрген» бағдарламасынан үзінді бейнефильм көрсетілді. Алпысов Абзал халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Торғайдан сәлем» термесін орындады.

Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Шашу» ақындық қонақжайда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нағашыбай Мұқатовтың 70 жасқа толуына арналған «Сөйле жүрек» атты кеш өтті. Кездесу Нағашыбай Оразбайұлының шәкірті Н.Қасымов арнау өлеңімен басталып, Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Р.Т.Олжабаева құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесі және Қостанай облысы бойынша жазушылар филиалының төрағасы, ақын-сатирик, Ғ.Ғ.Ахметчин, қаламгер Ғ.С.Бердалинова  ақын С.Оспанов өз лебіздерін білдірді. ҚР композиторлар одағының мүшесі, әнші-сазгер Қ.Деріпсалдин ақынның сөзіне жазылған «Жарым менің» әнді орындады. Сонымен қатар студенттер оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында Н.О.Мұқатов шығармаларымен таныстырып, өмір жолынан қызықты әңгіме айтты.

Ы.Алтынсаринмемориалдық музейінде Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз келсе, құт келгені!» атты сазды кеш өтті. Мақсаты: ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін нығайту, рухани және  тарихи санасын жаңғырту. Іс-шараға  мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Музей қызметкері қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен  әдет-ғұрпы туралы мәлімет айтып, тұсаукесер рәсімін жасады. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің студенттері беташар көрсетті. Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері би, ал  №24 А бастауыш мектебінің оқушылары  ән орындады. Кеш барысында  шашу шашылып, бауырсақ пен наурыз көже таратылды.

2019 жылы 4 наурызда Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана - өмір шуағы» атты кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға  ұстаз аналар - Б.Ракымжанова; Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері М.Қадырғалиева; ҚР  білім беру ісінің үздігі Б.Рахметкалиева қатысты.   

Музей қызметкері қонақтарды айтулы мерекелерімен құттықтап, өмірдің барлық саласы мен қоғамның дамуына әйел-ана, әйел-еңбеккерлер зор үлес қосып, ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Осы мерекеде құттықтау сөздер мен тілектер, әндер мен билер тек қана аналар мен қыздарға арналды. Балалар  шығармашылық үйі  «Нұр» студиясының тәрбиеленушілері  Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін күмбірлетті. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы А.Төлеген және «Риза» орталығының тәрбиеленушісі, «Сиқырлы микрофон»  халықаралық байқаудың жеңімпазы Ж.Бақытбек  ана туралы әндерді орындады. Ө.Сұлтанғазын атындағы ҚМПУ филология факультетінің 1 курс студенттері М.Хакімжанованың «Ана қөңілі шалқиды», М.Дулатовтың «Анаңның сүюі», С.Мәуленовтың «Ғазиз ана» деген әсерлі өлеңдерін оқыды. Кеш соңында А.Түлкібаева  ана туралы әндер жинағын шырқады.

Музей қызметкерлерімен ұйымдастырылған «Жан жылуын сыйлайық» атты алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара ерекше білім беру бар кажеттілігі бар балаларға арналған арнай мектебінде өтті.

Іс-шараға Қостанай облысы "Надея" поляк этномәдени ұйымының төрағасы Виктор Леонидович Радомский, үйірме жетекшісі  Досмаилова Амина Бейсенбаевна және №5 А мектеп гимназия оқушылары қатысты.

Қонақтар балаларға қазақ халқының қонақжайлығы, мейірімділігі туралы айтып, қазақ жерінде өмір сүретін барлық халықтарға ризашылығын білдірді. Мектеп директоры Жұмабаева Гүлшат Тоғызбайқызы жиналған қауымға алғыс білдірді . Балалар "алғыс", "мейірімділік", "достық" танымдық ойындарына белсенді қатысты. Осы мерекеде аталған гимназияның оқушылары әр ұлттың әндері мен билерін орындады.

«Ыбырай Алтынсарин мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты мектеп оқушылар арасындағы эссе жазу байқауы

 

Шығармашылықпен айналысатын дарынды, қабілетті оқушылардың назарына.
«Ыбырай Алтынсарин мәңгі өшпес жарық жұлдыз» тақырыбында эссе жазудан байқау өтеді. 
Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері қаңтар-наурыз аралығында оқушыларға арнап қала мектептерінде «Кел, балалар, оқылық!» атты дәрістер жүргізді. Осы қорытынды бойынша оқушылар арасында эссе жазудан байқау жарияланып отыр.

 

Байқау мақсаты: 
• Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихын терең тануға үйрету;
• Ұлы ағартушының ел арасында есімін ұлықтап, еңбегін насихаттау;
• Оқушыларды шығармашылықпен айналысуға ынталандыру, жан-жақты біліктілікке баулу.

 

Байқау талаптары:
• Эссенің жалпы көлемі басылған мәтіннің 1 парағынан (А 4) аспауы қажет, кеглі (шрифт) – 14, интервалы – 1, парақтағы мәтін шекарасы 2,5 және 1,5);
• Таңдалған тақырыпқа сәйкестігі, әрі тұлғаның толық ашылуы; 
• Шығармадағы өзіндік көзқарасы;
• Еркін композиция;
• Эссе мемлекеттік тілде жазылуы тиіс;
• Байқауға 7-9 сынып оқушылары ғана қатыса алады.

 

Ескерту:
• Автордың толық аты-жөні, оқу орны, сыныбы, жетекшісі;
• Ғаламтордан көшірілген материалдар қарастырылмайды; 
• Қатысушылар эсселерін 1 сәуірге дейін кешіктірмей мына This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондындық поштаға жіберу керек.

 

Байқау қортындысы:
• Эссені музейдің ғылыми қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия тексеріп, бағасын береді; 
• Эссе байқауының нәтижесі бойынша төмендегідей жүлделер тағайындау ұсынылады: І орын – біреу, ІІ орын – екеу, ІІІ орын – үшеу;
• Үздік эссе жазғаны үшін жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталады;
• Үздік деп танылған шығармалар жергілікті облыстық баспасөз беттерінде және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. сайтында жарияланады;
• 15- сәуір күні Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде марапаттау өтеді.


Толық ақпарат алу үшін 8 714 2 53-03-64 нөміріне хабарласуға болады.

 

Бейсенбі, 07 Ақпан 2019 13:04

«Жастар біздің болашағымыз»

2019 жыл - жастар жылы. Әрі 9 ақпан қазақстандық жастар күні қарсаңында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі «Жастар біздің болашағымыз» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға  қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Іс-шараның басында Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Роза Төлешқызы Олжабаева жастар күнімен құттықтап,  студенттерді  еліміздің  адал азаматы болып, өсуілеріне тілек білдірді.Кеш қонақтары Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының мониторинг секторының мамандары - Г.Нұрғали, Ә.Ахметбеков және өңірімізге танымал, өнерлі, білгір жас маман иелері - А.Ахменова, А.Ермағанбетова қатысып, сөз сөйледі. Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның әншісі Рыспаев Жалғас «Асыл арман» әнін орындап берді.

Жиналған қауым арасында сұрақ-жауап ойыны жүргізілді. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары «Қазақстан», «Мен жастарға сенемін» деген патриоттық өлеңдерді нақышына келтіріп оқып берді. Балалар шығармашылық мектебінің «Нұр әуен» студиясының шәкірттері күнбірлете күй шертіп, көрермен көңілін көтерді. Іс-шараның соңында музейдің директоры М.Оспанов өз сөзінде келген қонақтарға алғысын айтты. Ақерке Түлкібаеваның  «Тек алға» деген әнімен кеш қортындыланды. 

Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 13:44

Өмірін өнерімен өрнектеген

2019 жылдың 31 қаңтарында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде әнші-домбырашы, киноактер, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық әртісі және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қостанай қаласының құрметті азаматы Елубай Өмірзақовтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты көрме ашылды. Онда  Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Мүсілімова Шара киноактердің кәсіби шеберлігі мен табиғи талантының әр қырына тоқталса, ал Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Айжан Санай сахна саңлағының әншілігі туралы айтып, ол орындаған халық әндерін тамылжыта шырқады. Жиналған Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психология және педагогика факультетінің студенттері біраз мәлімет алды.

25 қаңтар 2019 жылы «Қостанай қаласы әкімдігіннің білім беру басқармасы» Қостанай қаласындағы  №5 орта мектебі  5 сынып оқушылары арасында  Ы.Алтынсарин атасы Балғожа бидің «Үміт еткен көзімнің нұры балам» атты өлең-хаты бойынша тәрбие сағаты өтті. Қамқоршы, ақылшы, білім мен өнерге жетелеуші Балғожа би  немересі Ыбырай оқуға кеткенде өлең жазып, хат жолдаған. Оқушылар Ыбырайды атасы Балғожа бидің айтқан ақыл-кеңестерін бұлжытпай орындаған,  халқына адал қызмет жасаған ұлы тұлға - деп таныды.

Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкері Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университетінде Ыбырай Алтынсариннің «Шариғатул-Ислам» кітабы бойынша  «Рухани байлық бұлағы» тақырыбында танымдық сағат өткізді.Мақсаты: жастарға діни ғылым арқылы тәрбие бере отырып, оларды адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. 

2018 жылы 14 желтоқсанда Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы № 6697 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кием» атты дәріс өткізді. Онда желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы айтылып, 8 минуттық «Тәуелсіздік күніне орай» атты  бейнефильм көрсетілді. Дәріс соңында музей қызметкері Ақерке Түлкібаева «Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әнін шырқады.  

11 желтоқсан 2018 жылы Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде  Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің  бас маманы Тауекелов Құрманғазы Сәкенұлы  және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасының бас маманы Әбішев Нұрсұлтан Мырзахметұлы  медициналық колледжі студенттері үшін «Төнген қауып туралы ұмытуға болмайды» тақырыпта   әңгіме өткізді. Іс-шараның қонақтары жастар арасында өзекті мәселелердің бірі діни экстремизмнің өсуіне ерекше тоқталды. Лаңкестік әрекеттер кезінде көшеде, қоғамдық орындар және көліктерде қауіпсіздік ережелері туралы ұсыныстар айтылды.  Іс-шара барысында Бесландағы қайғылы оқиғалардың хронологиясымен танысып, "Беслан 14 жыл өткен соң" құжатты фильм көрді.

2018 жылы 11 желтоқсанда Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі Қостанай қаласының № 10 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кием» атты әдеби сазды кеш өткізді. Жиында оқушылардың  бойына елінің ұлтжанды азаматы болуға отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, адамгершілік және мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында  Қазақстан тәуелсіздігі туралы мағлұмат беріліп, 7 минуттық бейнефильм көрсетілді. Іс-шарада 7 «а» сынып оқушылары «Тәуелсіз күн», «Тәуелсіз ел», «Тәуелсіз елім», «Тәуелсіздік алған күн» атты өлеңдерін оқыды. Патриоттық тақырыптағы әндер және би мен күй орындалды.  

2018 жылы 27 қарашада Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин  мемориалдық музейі Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектебінде Президент күніне арналған «Ел басы - ел тірегі» атты танымдық сағатын ұйымдастырды. Іс-шара басында ҚР әнұраны орындалды. Жасұрпақтарды Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өмір жолы туралы  тың мәліметтер айтылып, бейнефильм көрсетілді. Оқушылар Отан, Президент, Қазақ елі тақырыбына тақпақтар айтты. Сондай-ақ, екі топқа бөлінген балалар арасында викторина ойыны жүргізілді.

2018 жылы 26 қарашада «Ұлы  даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде пікір сағаты өтті. Басқосуға Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің қызметкері Қадырменова Әсемгүл Кенжетайқызы, Қостанай облысы әкімдігінің  ішкі саясат басқармасының бас маманы Халық Гүлдерай Болатқызы, Қостанай облыстық  Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы  және Қостанай гуманитарлық колледж студенттері қатысты. 

Музей қызметкері "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласымен таныстырып, мемлекет басшысының  «Архив - 2025» бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды маңызды міндеттеріне тоқталды. Жиналғандар Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бастайтын, тарихты терең зерттеуге мүмкіндік беретін, Ұлы Дала Елінің рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру туралы мақаласын қолдап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Бейсенбі, 22 Қараша 2018 17:54

«Әл-Фараби ізімен» атты көрме

Қостанай қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада ғалым, профессор А.Машановтың 16 томдық еңбегінің презентациясы өтті. Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі ұйымдастырған «Әл-Фараби ізімен» атты көрмеге А.Ж.Машанидың жеке заттары қойылды. Музейдің ғылыми қызметкері Шектыбаева Назгүл Төкенқызы баяндама оқыды.

Ұлы даланың ұлы бастамалары. Елбасының кешегі жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты көлемді мақаласындағы кемел жобаларды бір сөзбен осылай айтуға болады.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев осыдан бір жарым жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялаған еді. Жалпыұлттық бағдарламаның аясында көптеген жұмыстар қолға алынып, рухымыз жаңғырып, санамыз сілкініп қалды. Осының жалғасы ретінде қарастырылған жаңа мақалада ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету, оны жаңғырту турасында айтылды. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі», - деді Елбасы.

Ұлтымызды ерекшелеп тұратын, мақтаныш ететін өз сипаты, мәдениеті бар. Қазақтың кең жазирасының «Ұлы дала» деп аталуында ұлы мән жатқандай. Атқа міну мәдениетінің басталуы, тау-кен өндірісі ошақтарының пайда болуы, аңшылық өнері, Алтын адамның табылуы, түркі әлемінің бесігі атануы, ең алғашқы алма жемісі мен қызғалдақтың тамыр жаюы, Батыс пен Шығысты экономикалық, мәдени тұрғыдан байланыстырған көпірге айналуы – ұланғайыр даланың ұлы атты иеленуіне дәлел. Осы айғақтарды әлем халқына кеңінен таныстыру – жаһандану көшіне ілесу жолындағы бір міндет. Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы мәселені алға қойып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеуге тарихшы ғалымдар, музей, архив салалары жұмылдырылады.

Мақалада айтылғандай, «Архив-2025», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобалары қолға алынбақ. «Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет», - деп жазған Мемлекет басшысы ұлы даланың ұлы тұлғаларын насихаттауды да «Тарихи сананы жаңғырту» деген екінші тарауында ұмыт қалдырмауға тиіс екенімізді атап өтті.

Осы орайда білім атасы атанған Әл-Фарабидің еңбегін жалғаған, мүлгіп жатқан қазақ даласына білімнің нұрын шашып, сауатсыздықтың бұлтын сейілткен, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің есімін қоса кетсек артық болмас. Президенттің бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық бағдарламалар бағытымызға бағдар болып, Ыбырай Алтынсарин музейінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Музей қоры қызметкерлердің ізденіс жұмыстарының нәтижесінде Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеу, Орынбор, Қазан қалалары) және республиканың мұрағаттары мен кітапханаларына сұранысы бойынша Ы.Алтынсаринның өмірі мен қызметі туралы, ХІХ ғасырдың ортасы ХХ ғасырдың басында өлкедегі халық ағарту ісінің пайда болу, жетілу және даму тарихын баяндайтын құжаттардың көшірмелерімен толықтырылды. Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағатында ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп, ағартушының қызметі туралы құжаттардың көшірмесі алынды. Осы мемориалдық көшірме құжаттар Ы.Алтынсарин музейінің ғылыми-қосалқы материалдар қорында жиналған. Қор деректері цифрлық форматқа көшірілді. Енді алдағы уақытта отандық және шетелдік ірі архивтермен байланыс жасап, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мән беріледі. Әлі де мұрағат қойнауынан Ы.Алтынсаринге және оның айналасындағы ізбасарлары мен достарына қатысты басқа да деректі құжаттар табылып жатса музей үшін үлкен жетістік болар еді.

Мақаласында Елбасы «Дала фольклорының антологиясын» жасауды ұсынды. «Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады», - деді Н.Назарбаев.

Ыбырай Алтынсарин педагог-ағартушы, жазушы ғана емес әрі фольклоршы. «Қазақ хрестоматиясының» дүниеге келуі жалпы қазақ қоғамының мәдениеті тарихындағы аса бір жарқын құбылыс болумен бірге, оның авторы Ыбырай үшін де теңдесі жоқ қуанышты оқиға болған еді. Хрестоматияны ол алғашқыда екі кітап етіп шығаруды жобалады. Оның 1879 жылы жарық көрген нұсқасы бірінші кітабы болып саналады. Екінші кітабында Ыбырай қазақтың төл әңгіме, аңыздарынан басқа, табиғат сыры мен жалпы тарихы, география, өндіріс техникасы және кеңсе ісін жүргізу туралы мақалалар беруді көздеген болатын. Бірақ, ол жинағын толық аяқтай алмады. Кейін қолжазбасы жоғалып кетті. Осы Елбасы бастамасымен қолға алынып жатқан  бағдарламалар аясында «Қырғыз хрестоматиясының» екінші томы табылып жатса құба-құп болар еді.

2018 жылы 15 қарашада М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәриям Хәкімжанованың туғанына 112 жыл толуына арналған «Мәриям оқулары» атты қалалық байқау өтті.

Оған Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі атсалысып, ақынның жеке заттарынан көрме ұйымдастырды.

2018 жылдың 14 қарашасында Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық мәдениет ұйымдарының қызметкерлері және кәсіподақ ұйымының мекемесінде  Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері Жаңа латын графикасына көшу мақсатындағы қазақ тілі емлесінің негізгі ережелеріне бейімдеу үшін жалпыхалықтық диктант жазуға қатысып, осы игі бастамаға қызу қолдау көрсеті.

2018 жылы 14 қарашада  Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде ҚР ауылшаруашылық күніне орай «Еңбек ерлікке бастайды» - атты Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Бұқанов Сайран Балкенұлымен кездесу кеші өтті.  Іс-шараға Қостанай қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері - Амантай Бегалин, Қойшин Ғайыпназар, Әлмағамбет Ешмұхамбетов, ауылшаруашылық басқармасының қызметкері Нұрсұлтан Нұржанұлы қатысты.

Музей қызметкері Аимгүл Омарқанова Сайран  Бұқановтың қоғамдық қызметі мен еңбек жолы  туралы мәлімет беріп, сұхбат жүргізді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Жалғас Бекзат және балалар шығармашылық мектебінің «Нұр әуен» студиясының шәкірттері өз өнерлерін көрсетті. Жиналған қауым  Қазақстанның Еңбек Ері Бұқанов Сайран Балкенұлына арналған «Біздің заманымыздың батыры» атты телеочеркті тамашалады.  Студенттер Сайран Балкенұлына сұрақтар қойды, ал қонақтар кеш иесін  әңгімеге арқау етіп,  жылы лебіздерін білдірді.  

Мәдениет басқармасының қолдауымен «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыдан меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында Жаңа латын графикасына негізделген Емле ережесі бойынша  директор Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы мен  референт-хатшы Түлкібаева Ақерке Сәлімгерейқызы түсіндіру жұмыстарын өткізді. Әріптестер арасында Жаңа латын графикасы бойынша сұрақ-жауап әдістері қолданылып, талқыланды.

2018 жылдың 9 қарашасында Қостанай облыстық  Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы шеңберінде «Әділдікті ту еткен ұстаз» атты әдеби сазды кеш өтті. Іс-шарада  жиналғандар ағартушының сот қызметін атқарғаны жайлы мәлімет алып, бейнефильм және эпистолярлық мұрасынан үзінді көрді. №115 орта мектеп оқушылары «Әділдік» атты көрініс қойса, №2 мектеп гимназиясының 6 сынып оқушылары Ыбырайдың өлеңдерін оқыды.

Басқосуда Рудный қалалық сот  қызметкері Ержанов Сайлаухан  Әділханұлы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің  құқық пәнінің оқытушысы Молдахметов Нұрсұлтан сот жүйелері туралы баяндады. Ал №115 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жаслан Қабыкенұлы ұстаз туралы құнды деректер айтты.

2018 жылы 19 қазанда музей қабырғасында ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің туған күніне  орай «Ғасырларға шамшырақ» атты әдеби-сазды кеші өтті. Кешке ыбырайтанушы, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Қостанай педагогикалық колледж оқытушысы  - Сүйінкина Пиалаш Балтақызы келді. Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары өлең оқып,  Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» әңгімесі бойынша сахналық көрініс қойды. Сондай-ақ «Ыбырай толкындары» деген күй ойнады. Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбегі жайлы бейне фильм көрсетілді. Музей қызметкерлері Серік Тұрғынбековтың сөзіне жазылған Тыныштық Әлденовтың «Ыбырай шәкірттерінің маршын» орындады.

2018 жылы 15 қазанда Қостанай қаласының № 61 бөбекжай-бақшасында  Ы. Алтынсариннің  «Қырғыз хрестоматиясы» кітабы бойынша «Түлкі мен ешкі»  атты театрландырылған көрініс қойылды. Хайуанаттар туралы «Түлкі мен ешкі» қуыршақ қойылымы балалардың сөздік қорын кеңейтіп тілін дамыту үшін көрсетілді. Музей қызметкері шеңбер құрып, балаларды сиқырлы пойызға міңгізді. Әр аялдамада тапсырма беріп, Ыбырай Алтынсарин және оның кітабы жайлы айтты. Сондай-ақ, қимылды және дидактикалық, интеллектуалдық ойындар өткізілді.  

«Шашу» қонақжайында қаламгерлер - «24 KZ» телеарнасының меншікті тілшісі Абылай Мауданов және облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысханның әдеби-сазды кеші өтті. Кешке ақын-жазушылар  -  Н.Мұқатов, Ғ.Ахметчин және Абылай Маудановтың ата-анасы, Қостанай гуманитарлық колледжі студенттері, мәдениет қызметкерлері қатысты. Ақын А.Мауданов жүрекжарды «Құс - құдырет» өлеңің оқып, «Сары дәптер», «Көкалатым киелім», «Өр Торғай - Ерлік мекені» кітаптары туралы айтты. Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі Нұрлыбек Кенжеахметов А.Маудановтың  «Агая» және «Ағай-ай» сықақ әңгімесін оқыды. Қаламгерлікпен қатар республикалық ән байқауларына қатысып жүрген Қыдырбек Қиысхан өзінің өмір жолына тоқталып, «Балқадиша» мен «Мухида-Шайбан» халық әндерін орындады.  Студенттер қаламгерлерге сауалдар қойып, ашық пікір алысты.  Жиналған қауым ақындардың шығармашылығына тәнті болып,  рухани  азық алып тарқасты.

9 қазанда Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толуына арналған  «Ұстаз тұлғасы» атты көрме ашылды. Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушылары қатысты.  Ардагер ұстаз Қасымова Ақбілек Қабиқызы Ақсуат ауылында Спандияр Көбеевтің тәлім-тәрбиесін бойына сіңіріп  өскенін, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Көпешев Беген бала кезінде Спандияр Көбеевті көргенін еске алса, ал Ыбырай Алтынсарин медалі және «Үздік мұғалім - 2018 жыл» иегері Сүйінкина Пиалаш педагог туралы сыр шертті.

 

Қазақ даласына алғашқы білім қоңырауын соққан алып тұлға, ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин ашқан Торғай қолөнер училищесінің 135 жылдығына орай «Шебердің қолы ортақ» атты іс-шара Қайырғали Әбіштің «Ыбырай  желдірмесі» күйімен ашылды. Іс-шараға мәдениет қызметкерлері, мекеме басшылары, ақын-жазушылар, студенттер мен оқушылар, қала тұрғындары қатысты.

Айтулы мереке І.Омаров атындағы қазақ драма театры әртістерінің орындауында Балғожа бидің немересі бала Ыбырайды Орынборға оқуға шығарып салуымен бастау алды. Ыбырайтанушы Тана Қоңыратбайқызының «Дала шамшырағы» пьесасынан үзінді көрсетілді.Музей қызметкері  ақын Серік Тұрғынбековтің сөзіне жазылған, Тыныштық Әлденовтың  «Ыбырай шәкірттерінің маршы» әнін шырқады. Ы.Алтынсариннің  «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығы бойынша Ыбырай мектебінің оқушылары «Таза бұлақ» әңгімесін сахналады. Ағартушының жанында жүріп қолдау көрсеткен, оқу ісін ән шашумен жырлаған ақын Нұржан Наушабаевтын «Көкем-ай» әні орындалды.

Ұстаз Ы.Алтынсариннің 1887 жылы  тұңғыш рет қазақ қыздарын оқуға тартып Ырғызда қыздар мектебін  ұйымдастырғанын тілге тиек етіп, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі сән театрының студенттері өздері тіккен киім үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ, Торғай қолөнер училищесінің оқу жүйесі туралы баяндалып, Қостанай құрылыс колледжінің  студенттері көрмелерімен таныстырды. Жиынға атсалысқан оқу орындарына  алғыс хат табысталды.

2018 жылы 14 қыркүйекте Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы аясында Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі мен «Абылай хан резиденциясы» музейі кешені арасында ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты: Ұлы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин және әскери қолбасшы, талантты мәмілегер, мемлекет қайраткері Абылай ханның өмірі мен қызметін насихаттау.

Сонымен қатар Абылай хан резиденциясында  «Кел, балалар, оқылық!»  атты жылжымалы көрме ашылды. Онда музейдің жәдігерлері -  Ыбырай Алтынсариннің отбасы және Қостанай екі кластық училищесінің  тәрбиеленушілерімен түскен суреті, араб  графикасымен басылған «Шариғатул-Ислам» кітабы, «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығы, этнографиялық очерктері, нағашысы Шеген бидің шапаны және Алтынсарин кесенесінің макеті қойылды.

14 қыркүйекте ақын, жазушы, аудармашы Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдығына арналған «Қазыналы Қайнекей» атты көрме ашылды. Оған  ақынның фотоқұжаттары мен әдеби туындылары қойылды. Басқосуға Қайнекейдің жанында жүріп, тәлім-тәрбие алған  ақын-жазушылар, филология ғылымдарының кандидаттары -  Қайнекейдің туысқаны Нағашыбай Мұқатов және Ыбырай Алтынсаринның мұрасын зерттеуші Серікбай Оспанов қатысып, Қайнекей Жармағанбетовтың өмірі, педагогикалық және шығармашылық қызметі, адамгершілігі, қамқорлығы туралы сыр шертті. Жиналған жергілікті кітапханалардың қызметкерлері және Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары жеке тұлғаны әр қырынан танып, тың мәлімет алды.  

2018 ж. 12 қыркүйекте Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде «Кел, балалар оқылық!» атты көрме ұйымдастырды.

Көрменің салтанатты ашылу лентасын ақын-жазушы  Серікбай Оспанов және Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының директоры Алмас Темірбай қиды. Сондай-ақ, М.Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықұлы; филология ғылымдарының кандидаттары,  Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары - Аманжол Есмағұлов және  Сәбит Нұрмағамбетов;  Нұр-Отан партиясының мүшесі, Ақмола облыстық Аналар Одағының төрайымы,  ұстаз Зере Еспайқызы қатысып жылы лебіздерін білдірді. 

13 қыркүйекте Көкшетау қалалық кітапханада ыбырайтанушы  Серікбай Оспановпен «Кеудемде бір күнім бар» атты әдеби  кеш өтті. Кеште С.Оспанов өзінің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін оқып ән айтты. Кездесу соңында «Сағындым Алматымды», «Айлы түнде», «Тобыл ағады», «Дүбірлі дүние» өлеңдері шырқалды.   

2018 жылдың 13 қыркүйегінде «Мәлік Ғабдуллин музейі» мен «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі» бірлесе ұйымдастырумен ақын-жазушы С.Оспановпен «КЕУДЕМДЕ БІР КҮНІМ БАР» атты әдеби кездесу кеші өтеді.

Тобыл - Торғай өңірінің дарынды тумасы С.Оспанов - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,филология ғылымдарының кандидаты, 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, Ыбырай Алтынсарин төс белгісі мен ғылым саласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, ыбырайтанушы, Қостанай қаласының құрметті азаматы.

50 кітаптың авторы, 200 ден аса  әннің мәтінің жазған С.Оспановтың 

шығармашылық еңбектері насихатталып, өлеңдері оқылып, әндері 

шырқалады. Кеш иесінің жан жақты қырын ашу үшін ол туралы түсірілген бейнематериалдары көрсетіледі.

Кешке жергілікті зиялы қауымдар мен белгілі ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері мен БАҚ өкілі, сондай-ақ ұстаздар мен студенттер қатысады.

 

 Өтетін орны: Қалалалық үлгілі қазақ кітапханасы

 Мекен-жайы: Көкшетау қ. Бауыржан Момышұлы көшесі 55 үй  

 Басталуы: 2018 ж. 13 қыркүйек, сағат 15:00

2018 жылдың 13 қыркүйегінде «Мәлік Ғабдуллин музейі» мен «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық  музейі» бірлесе ұйымдастырған «КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрме екі мекеменің арасындағы өзара ынтымақтастық келісімшартын жүзеге асыру негізінде «Рухани жаңғыру» бағадарламасы аясында Мәлік Ғабдуллин музейінің көрме залында ұйымдастырылып отыр.Басты мақсат өзара қарым-қатынасты нығайтып, мәдени-рухани байланысты орнату, іс-тәжірибе алмасу, ұлылар ұлағатын ұлықтау және қоғам қайраткері, ұлы ағартушы-педагог, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолын насихаттау.

Көрмеде  Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі қорынан Ыбырай Алтынсариннің отбасымен қолданған төсекқабы мен араб ғарпінде шыққан «Шариғатул-Ислам» сирек кітабының түпнұсқасы, шығармалары, этнографиялық очерктері, Ыбырайдың аталас туысқаны, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мәриям Хакімжанованың латын графикасы негізінде шыққан «Жеңешем» атты алғашқы өлеңдер жинағы, музей және кесенесінің макеттері, Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы кітаптар, құжаттар, отбасы және Қостанай екі сыныптық училищесінің тәрбиеленушілерімен түскен фотосуреттері, Қостанайда Ыбырай Алтынсарин 1884 жылы іргесін қалаған училищесінің кірпіші,  ХІХ ғасырдың үлгісімен жасалған күрсі,  ағартушының нағашы атасы Шеген бидің шапаны, нағашысы Бектеміс байдың тұтынған ағаш келі-келсабы және тағы басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылып, монитордан бейне фильм көрсетіледі.

Өтетін орны: Мәлік Ғабдуллин музейінің көрме залы

Мекен-жайы: Көкшетау қ. Əуелбеков көшесі 123

Басталуы:  2018 ж. 13 қыркүйек, сағат 10:00

Көрменін өткізілетін мерзімі: 13-14 қыркүйек,  2018 ж.

Модератор: Досмағамбетова Шынар Сұлтанқызы 87473080342;

СПИКЕРЛЕР

 

Т.А.Ж.

Лауазымы

Тел.:

Пошта:

 

1.

Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы

Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Мәлік Ғабдуллин музейі» КММ директоры

87771761677

2.

Оспанов

Марғұлан

Бақытбекұлы

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі» КММ директоры

87079400993

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ақпарат алу үшін

Байланыс телефоны: Көкшетау қ., 8 (7162) 25-76-27, 25-60-28

Қостанай қ., 8 (7142) 54-58-17, 8 (7142) 39-11-74

Сайт: http://altinsarin.kz

Instagram: https://www.instagram.com/muzeialtynsarin/

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған Республикалық әдістемелік байқауға келген оқытушылар тобы музейде.

Дүйсенбі, 03 Қыркүйек 2018 10:58

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай, «Алашорда көсемі» тақырыбында Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 7-сынып оқушыларымен танымдық сағат өткізілді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы күніне орай «Ата Заңым - айбыным» тақырыбында дәріс сағаты өтті. Оған  Қостанай облысындағы  №66/97 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар қатысты. Дәріс екі бөлімнен тұрды. 1-ші бөлімінде Конституциямыздың жалпы ережелері мен баптары туралы айтылса, 2-ші бөлімінде мемлекеттердің Конституциясы жайында қызықты деректер туралы презентациялар болды.  Іс-шара соңында Ұлттық ұлан сарбаздары «Атамекен» әнің орындады.

Бүгін 17 тамызда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері Астана қаласының Қолжазбалар және сирек кітаптар  ұлттық орталығында  «Ыбырай Алтынсарин - Ұлы педагог-ағартушы» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

2018 жылдың 15 тамызында Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде «Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» атты ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жыл толуына орай дәріс өткізілді. Аталмыш іс-шараға Қарабалық аудан әкімдігі білім бөлімінің Станционный орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Негізгі мақсаты – ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсаринге арнап жазған «Дала қоңырауы» поэмасының авторы Ғ. Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Дәріс тыңдаушылары көрнекті ақынның экспозициялық көрмесіне қойылған, көзі тірісінде пайдаланған жеке заттарын көріп, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан мол үлесі жайында мағлұмат алды.

2018 жылдың 17 тамызында сағат 11:00-де Астананың 20-жылдық мерекесіне орай Астана қаласындағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мен «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық  музейі» бірлесе ұйымдастырған «Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрме екі мекеменің арасындағы өзара ынтымақтастық келісімшартын жүзеге асыру негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналғанАстанадағы «Қостанай облысының мәдениет күндері» қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат өзара қарым-қатынасты нығайтып, мәдени-рухани байланысты орнату, іс-тәжірибе алмасу, ұлылар ұлағатын ұлықтау және қоғам қайраткері, ұлы ағартушы-педагог, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолын насихаттау.

Көрмеде  Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі қорынан Ыбырай Алтынсариннің отбасымен қолданған төсекқабы мен араб ғарпінде шыққан «Шариғатул-Ислам» сирек кітабының түпнұсқасы, шығармалары, этнографиялық очерктері, Ыбырайдың аталас туысқаны, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мәриям Хакімжанованың латын графикасы негізінде шыққан «Жеңешем» атты алғашқы өлеңдер жинағы, музей және кесенесінің макеттері, Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы кітаптар, құжаттар, отбасы және Қостанай екі сыныптық училищесінің тәрбиеленушілерімен түскен фотосуреттері, Қостанайда Ыбырай Алтынсарин 1884 жылы іргесін қалаған училищесінің кірпіші,  ХІХ ғасырдың үлгісімен жасалған күрсі,  ағартушының нағашы атасы Шеген бидің шапаны, нағашысы Бектеміс байдың тұтынған ағаш келі-келсабы және тағы басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылып, монитордан бейне фильм көрсетіледі.

 

Өтетін орны: Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы

Мекен-жайы: Астана қаласы, Нұржол желекжолы,12.

Басталуы:  2018 ж. 17 тамыз, сағат 11:00

Көрменін өткізілетін мерзімі: 17-31 тамыз  2018 ж.

Модератор: Досмағамбетова Шынар Сұлтанқызы 87473080342;

Тәуекелова Жанна Серікқызы 87471624112

 

 

СПИКЕРЛЕР

 

Т.А.Ж.

Лауазымы

Тел.:

Пошта:

 

1.

Садуов

Асылхан

Жұмабайұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директоры

87011116456

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2.

Оспанов

Марғұлан

Бақытбекұлы

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі» КММ директоры

87079400993

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ақпарат алу үшін

Байланыс телефоны: Астана қ., 8 (717 2) 44-62-77, 44-62-80

Қостанай қ., 8 (7142) 54-58-17, 8 (7142) 39-11-74

Сайт:  http://altinsarin.kz

Instagram: https://www.instagram.com/muzeialtynsarin/

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сәрсенбі, 01 Тамыз 2018 10:40

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2018 жылы 16 наурызда  «электрондық үкімет»  порталына енгізілген үшінші тұлғамен анықтама алу  сервисін қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндағы негізгі талап қызмет алушының нөмірін тіркеу болып табылады.

Музей қызметкерлері сервисті пайдалану жөніндегі азаматтардың мобильдік базасында тіркелді.  

17 шілдеде Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Ұлы ағартушының қайтыс болған  күніне орай  кесенесі басында «Ыбырай ел есінде» атты тағзым ету кешін өткізді.

Оған ғылыми қызметкерлер және   кесенені салуға өз үлестерін  қосқан, Көкшетау қаласына іс-сапармен бара  жатып   бейітке  ат басын бұрған құрылысшылар қатысты.  

Жиында Ыбырай ата қорымы туралы тың ақпарат беріліп, Қостанай облыстық мешітінің  қызметкері Дәулетбай  педагог-ағартушыныңрухына құран бағыштады. 

Музей директоры Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы ұлт ұстазының орасан зор еңбегі мен рухани мұрасына тоқталса,   Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Бөкеев Бөлтірік Нұрахметұлы дара тұлғаның педагогикалық идеясы мен қазіргі білім берудегі сабақтастық туралы айтты.

2018 жылы 10 шілдеде М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің жанындағы жазғы лагерьде   «Қырғыз хрестоматиясы» кітабы бойынша «Кітап - ақылшы досың» атты саяхат сабағы өтті. Сабақ барысында демалушы балалар  кітаптың шығу тарихы мен мазмұны туралы толық мәлімет алды. Оқушының зеректігін, тапқырлығын, қабілетін дамыту үшін сұрақ-жауап қойылды. Кітаптағы ертегілер мен әңгімелер  талқыланып, көрініс көрсетілді. Балалардың  қызығушылығын арттыру мақсатында  әр-түрлі интеллектуалдық, іс-қимыл ойындары өткізілді.

Тобыл өзенінің жағалауында өткен Ұлттық домбыра күніне арналған  «Домбыра думан» іс-шарасына Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінің қорынан музыкалық аспаптары көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Қостанай өңірінен шыққан алғашқы мәдениет пен өнер саласының майталмандары Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, М.Хәкімжанова, Ш.Торышев, Т.Дарқанбаев, С.Досанов және Ә.Беркенованың жеке домбыралары қойылды.

 

«Рухани жанғыру» бағдарламаны іске асыру шеңберінде Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің  қызметкерлері №3 мектеп-гимназияда Астана қаласының 20 жылдығына арналған  «Астана - елдің бірлігі, жердің кіндігі» атты  Отан сабағын өткізді.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін  Астана қаласының тарихы және көрікті жерлері туралы дәріс оқылып, слайд көрсетілді. Іс-шара соңында Қазақстанның астанасына байланысты викторина және спорт ойындар,  сайыстар  өткізілді.

Қатысушыларға  естелік  ретінде  Астана  қаласының  эмблема таратылды.

Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі мен Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханамен  «Көкірек көзінің кілті кітапхана»  атты  бірлескен әдеби  іс-шара өткізілді. Іс-шараға  М. Хакімжанова атындағы №20 мектептің жазғы лагерьінде демалушы бастауыш сынып оқушылары қатысты.  Оқушылар алдымен Ы. Алтынсарин музейінде және ұлы ағартушының ескерткіші  алдында болды. Кітапхана ісін алғаш жолға қойған және өзі ашқан мектептерде кітапхана бөлмелерін жабдықтаған Ы. Алтынсарин екенің  балаларға айта отырып,  Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы кітапханада жалғасты.   Кітапханашы Зүбайра Какенова  балаларға бөлім-бөлімді арлалатып таныстырды.  Саяхаттама балаларға есте қаларлық әсер берді. Кітапханашылар бастауыш сынып оқушыларын кітапханаға  жиі келіп туруларына өтініш жасады.  Алуан түрлі түрлі-түсті жорналдар мен балаларға арналған кітаптарды көрсетті.  Балаларға арналған өнер секторында оқушылар  білім, кітаптар жайлы өлеңдер оқып мақал-мәтелдер  айтып, жұмбақтар шешті.

2018 жылы 19 маусымда Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері Елбасымыздың «Рухани жаңғыру.  

Ұлылар ұлағаты» бағдарламасы аясында дара тұлғаларды ұлықтау және қоғам қайраткері, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолын насихаттау үшін  Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Өнер, білім бар жұртпыз»  атты танымдық  іс-шара және «Ыбырай Алтынсарин - ұлы педагог, ағартушы» атты көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шара барысында өзара ынтымақтастықты орнату, қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу мақсатында екі облыстың  музейлері арасындағы меморандумға қол койылды. 

Аталмыш жиынға Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов - Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры; Қалқаман Хасенұлы Жақып - ыбырайтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқының Ассамблеясы мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетінің профессоры; Ардақ Татымбекұлы Райымбеков - Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы;  Сейфиден  Назымбекұлы Сүтжанов пен Әділбек Дәуітбекұлы Әміренов - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары, ақын-жазушылар және журналистер қатысты.

13 маусым 2018 жыл облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде  «Тәуелсіздік дәуірі» атты Елбасының жазған тарихи  кітабын насихаттау бойынша дөңгелек үстел  басында кездесу өтті.

Қостанай гуманитарлық колледжінің қоғамдық пәндерді оқытушысы Досмағамбетов Сайлау Жеңісұлы және Қостанай қалалық Н. Островский атындағы кітапхананың қызметкері Дүйсембаева Ботакөз Әділбекқызы қатысты. 

Досмағамбетов Сайлау Жеңісұлы кітаптың ішкі мазмұнына терең талдау жасап,  түсіндіріп берді.  

Дүйсембаева  Ботакөз Әділбекқызы «Дәуірнамалық еңбек» деп  жасаған көрмесі бойынша  Елбасының қазақ және орыс тілінде шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын және басқада жазып шығарған кітаптарын қойды және соларға қысқа шолу жасады.

Іс-шараға  Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа 5 сыныпқа қабылданған оқушылар мен гуманитарлық колледж студенттері тындарман болып қатысты.

 

4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Елбасының «Рухани қазына» мақаласының аясында М.Хәкімжанова атындағы № 20 және № 17 орта мектептері жанындағы жазғы лагерьде «Рәміз - республикамның айғағы» атты танымдық-ойын сабағы өткізілді.  Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында  әр түрлі интеллектуалдық ойындар  жүргізіліп, мемлекеттік рәміздер жайлы толық мәлімет берілді. Сондай-ақ, музей қызметкері А.С. Түлкібаева «Ыбырай шәкірттерінің маршы» атты әнін орындады. Осындай іс-шаралар жасөспірімдерді отансүйіштікке, бірлікке және өз тарихын құрметтеуге баулиды.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн балғын бүлдіршіндердің ең қуанышты және басты мерекелерінің бірі. Осы мерекеге орай № 3 бөбекжай-балабақшасында «Балалық шақ ойындары» атты саяхат ойыны ұйымдастырылды. Ұлы ойшыл Я. А. Коменский «Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі» деп айтқандай ойын арқылы  балалар өмірдегі жақсы-жаманды, пайдалы-зиянды, қажетті-қажетсіз заттарды ұғынады. Жүргізуші балалармен қимылды және дидактикалық, интеллектуалдық ойындар өткізді. № 4 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Есетова Айлана «Қошақаным» әнін орындады. Іс-шара соңында «Қоянның үйшігі» атты сахналық қуыршақ қойылымы көрсетілді. 

2018 жылы 30 мамырда Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Дара  тұлғаның - дара жолы» тақырыбында  Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі, республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты, тұңғыш бүкіл әлемдік рухани келісім конгресіне  қатысушы, деректі-публицистикалық фильмдердің авторы, тележурналист Гүлжібек Баекеқызы Бекмухамедовамен кездесу өтті.  

Шығармашылық басқосуға сатирик ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры  Ғұмар Ахметчин, ақын Нағашыбай Мұқатов, Ыбырай Алтынсариннің ісін зерттеуші  Қалқаман Жақып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, әншілер - Қалыбек Деріпсалдин мен Гүлбану Абдуллина, Л.Н.Толстой атындағы әмбебап кітапханасының директоры Дариға Дүйсебаева және  Гүлжібек Бекмухамедованың сыныптастары мен әріптестері, жолдастары қатысты.                       

Қонақтар  қаламгердің қызметі мен шығармашылығы, терең  ізденісі, білімділігі, белсенділігі туралы айтып, сіңірген еңбегіне тоқталды. 

Кеш соңында әнші-сазгер Қалыбек Деріпсалдин баянмен халық әндерінен құрастырылған попурри орындады. 

Жиналған Қостанай гуманитарлық колледжінің  студенттері дара журналисттің  өмір  жолымен танысып,  біраз құнды дүниелермен қанық болып тарқасты. 

 

Жұма, 18 Мамыр 2018 10:34

Меморандум

18 мамыр - Халықаралық музей күні Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайы» КММ және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директорлары ынтымақтастық келісімшарт жасасып, меморандумға қол қойды.

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин мұраларын насихаттау үшін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында  көрме ұйымдастырылады.

2018 жылы 18 мамырда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық мұражайында Халықаралық музейлер күніне арналған «Бір жәдігер - бір тарих» атты ашық есік күні өтті. Оған Қостанай облысының аудандық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары келді. Қонақтар музейдің алтын қорына жататын Ыбырай Алтынсариннің отбасы пайдаланған төсекқабы және «Шариғатул-Ислам» кітабының түпнұсқасымен танысып, сол құнды жәдігерлер туралы мәлімет алды.

2018 жылы 4 мамырда Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі №115 орта мектебінің  9 «Ә» сыныбы жігіттері арасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ұландар ұлттың қорғаны» атты спорт сайысын өткізді.

Ойынға 10 оқушы қатысты. Екі топқа бөлінген балалар белсенділік танытып, спорт  ойындарымен қоса сұрақтарға жауап берді. Мұндай сайыстар оқушылардың  білімділігі мен шапшаңдылығын дамытып, оларды зеректілікке,  тапқырлыққа үйретеді. 

«Шынықсаң - шымыр боласың» демекші, денешынықтыру адам баласына қашан да пайдалы.

Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражай қызметкерлері Жеңіс күні мерекесі қарсаңында мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Олардың

есімі ешқашан ұмытылмайды» атты Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен  іс-шара өткізді. 

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді 73 жыл бойы мамыр айында біз ризашылықпен еске аламыз. 

Кездесу барысында 9 мамыр жеңіс күнің мерекелеумен қатар қан майданда,  сұрапыл соғысқа  қатысқан және шейіт болған жауынгерлер ерлігін, сонымен бірге соғысты жеңу үшін тыңда еңбек жасағандарды құрметпен еске аламыз.

Кездесуге келген Барабанов Николай Григорьевич, Николенко

Григорий Филиппович, Наприенко Дмитрий Петрович атты соғыс ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысынан оралмаған сарбаздарға бүгінгі бейбітшілік өміріміз үшін  мәңгілік қарыздармыз.

28 сәуір 2018 жылы  Ы. Алтынсаринның мемориалдық музейі қабырғасында ағартушының «Қырғыз хрестоматиясы» кітабы бойынша  А.И. Никифров атындағы  көркемсурет мектебінің  оқушылары  салған суреттерінің   арт-көрмесі ашылды.

  Ы. Алтынсаринның шығармалары желісінде  жас дарындар  30-дан аса суреттерін    ұсынды (Жан-жануарларды дауласуы», «Әке мен бала», «Өрмекші мен құмырсқа,қарлығаш», «Данышпан адам» және т.б.).  Осы   көрме өнерге деген қызығушылық пен шеберлікке үйретумен  қатар, балаларды патриоттыққа, туған жерінің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастырады.

 Аталған көркемсурет мектебінің оқу жөніндегі директордың орынбасары Елена Васильевна оқушылардың жетістіктерін айта келіп, олардың суреттерінен айқындық, ішкі рухани  тазалық, жеке қалыптасудағы әдемілік пен үйлесімдіктің барын тарқатты.

Қостанай №5 «А»  мектеп-гимназиясының  оқушылары  Ы. Алтынсаринның «Жан-жануарлардың дауласуы» әңгімесі желісінде     сахналық қойылым көрсетіп,  көрермендердің көңілінен шықты.

Ең жақсы сурет салған  оқушылар  1,2, 3 орындарды иеленді. 

2018 жылдың 25 сәуірінде мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: 

Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында  Ыбырай Алтынсарин 

мемориалдық музейі мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту 

орталығымен бірлесіп Қазақстан  халқының бірлігі күніне арналған «Достық 

әнін шырқаймыз» атты мәдени-ұлттық орталықтарының өкілдерімен кездесу 

өткізді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін

бұл мерекенің алар орны ерекше.

Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ассамблея және еліміздің этносаралық қарым-қатынас, ұлтаралық татулық саясатын жүргізіп келеді. Іс-шараның басында музей қызметкері А.С. Түлкібаева «Маған ұқсайды» атты әнін орындады. Татар, әзірбайжан, кәріс  ұлт өкілдері өз ұлтының екінші  

отанына айналған Қазақстанға қоныс аудару тарихына тоқталып, жүрек жарды тілектерін білдірді.

Ассамблея өкілдері - «Дуслык» татар-башқұрт этно-мәдениет орталығының белсенді мүшесі Сария Сейіт,  кәріс диаспорынан У.Ким  өз  ұлттарының ән мен би өнерлерін көрсетті.

 

 

2018 жылдың 20 сәуірінде Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде «Сара жолды жалғаған саналы ұрпақ» атты Ы.Алтынсарин ашқан мектептерінің түлектерімен кездесу кеші өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа     Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектерін үлгі етіп, насихаттау. Жиынға Қостанайдағы ұлы ағартушы ашқан  мектебінің 1955 жылғы түлегі, зейнеткер Ғ.Н.Мәулетов, 1964 жылғы түлектері  - Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы,  Аманжол Күзембайұлы және ардагер дәрігер Р.К.Жүсіпова; Торғайдағы Ы.Алтынсарин мектебінің түлегі, еңбек жолын сол мектепте жалғастырып, мектеп директоры болған   зейнеткер С.Ә.Оспанов; 1973 жылғы түлегі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің құрамындағы мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы  Н.С.Қабдрахметов;   1980 жылғы түлегі, зейнеткер Д.Қ.Қалмағанбетов; сондай-ақ, Қостанай қаласында Ы. Алтынсарин мектебін тәмәмдап, қазіргі таңда сол білім ордасында қызмет атқарып жүрген Ш.И.Манасбаева, С.А.Утельбаева қатысты. Олар өздерінің   балалық шағы мен мектепте оқып жүрген кездерін, сыныптастары мен  мұғалімдерін, интернаттағы тәрбиешілерін еске алып, қызықты оқиғалар айтты.  Қалалық балалар шығармашылық үйінің «Индиго» би тобы мен әнші Кусеубаева Зарина өз өнерлерін көрсетті. Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Сәкен Али «Мектебім» өлеңін  мәнерлеп оқып берді. Залда отырған Қостанай гуманитарлық колледжі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының 2 курс студенттері біраз мәлімет жинақтап тарқасты.

2018 жылдың 19 сәуірінде Ы. Алтынсарин мемориалдық музейі    

 Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде «Ыбырай Алтынсарин - Ұлы педагог-ағартушы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. 

Ашылу салтанатында музей қызметкері А.С. Түлкібаева «Ыбырай шәкірттерінің маршы» атты әнін орындады. Оқушылар ұлы ағартушы туралы мағлұмат алып, 10 минуттық бейнефильм тамашалады және аудио таспа 

арқылы  «Кел, балалар, оқылық!» деп аталатын өлеңін  тыңдады. 

Музейдің директоры М. Б. Оспанов сөз сөйлеп, 8-9 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин туралы шағын шығарма жазып, музейдің электрондық поштасына жіберуін өтінді. Көрме соңында аталған  мектептің оқушылары жылжымалы көрмемен танысты. 

Сейсенбі, 17 Сәуір 2018 11:50

Музей қызметкерлері сенбілікте

Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде сенбілік өткізу жақсы дәстүрге айналды. Ауа-райы ашық болып, музей қызметкерлері бiр кiсiдей атсалысып, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Гүлзарларды  тазалау, жол жиектерін әктау, құрғақ бұтақтарды кесу және жол беті мен тротуарларды қоқыстан тазарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бірлесе, ұжыммен қызу жұмыс атқарылды.

Ы.Алтынсаринның мемориалдық музейінде «Ы.Алтынсариннің мұраларынан ғибрат» атты театрландырылған қойлымдар сайысы өтті.  №9, №11, №20, №115 және Н. Наушабаев атындағы  мектептеп-гимназия оқушылары қатысты.   Жаңашыл педагог, балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсарин қазақ балалары үшін оқулық  жазып шығарды.  Қазақ хрестоматиясындағы оқулықта жазылған әңгімелер үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиелік мағанаға толы.  Оқушы жадында тез сақталады, мазмұны қысқа болып келеді, нақты суреттелген әңгімелер.  Алуан тақырыпты қамтыған әңгімелер оқушыға өте қызық сондықтан жас  балалар қойлымдар көрсетіп мектеп сахналарында көрсетіп жүр.  Бүгінгі музейде болған  сайыс түрінде өткізілген іс-шарада аты аталған мектептер Ы. Алтынсаринның «Әке мен бала», «Шеше мен бала», «Бақша ағаштары», «Баланың айласы», «Жаман жолдас»  әңгімелері бойынша  бейне таспа мен композиция түрлерін және әуеннің сүйемелдеуін қолданып театрландырылған қойлым көрсетті. Конкурс ережесіне сай жақсы дайындалып, ерекшеленген №11 және  Н.Наушабаев атындағы мектеп гимназияға   алғыс хаттар берілді. №115 мектеп «Асыл мұра»,  №9 Ғ. Қайырбеков атындағы орта мектеп «Дарынды жас», №20 М. Хакімжанова атындағы орта мектебі «Самға өнер» номинациялары бойынша  дипломмен марапатталды.

2018  жылы 10 сәуірде Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі Рудный тарихи-өлкетанумузейінде 

«Ыбырай Алтынсарин - Ұлы  педагог- ағартушы»  атты жылжымалы  көрме ұйымдастырды.  Көрмеге Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Жиналғандар аудио 

таспа арқылы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін  тыңдады. Сондай-ақ, ұлы ұстаз туралы ақпарат алып, 10 минуттық 

бейнефильм көрді. Ғылыми қызметкер  А.Омарқанова  сөз соңында музейдің тыныс-тіршілігіне тоқталып, жастарды музейге шақырды.

2018 жылдың 6 сәуірінде Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өшпес мұрасын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында «Өлең - сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізілді. Жиынға  қала мектептерінің оқушылары және мұғалімдер қатысты. Байқаудың талабы бойынша балалардың таңдап алған шығармаларына, оқу мәнеріне, сахна мәдениетіне, өлеңдеріне сай жасалған слайдына аса мән  беріліп  баға беру үшін әділқазылар сайланды. Олардың құрамында Қостанай қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиеті секторының меңгерушісі Сәуле Куанышбайқызы Жакибаева; І.Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрының әртісі Нұрлыбек Кенжеахмет; «Қостанай» облыстық телеарнасының редактор-жүргізушісі,  жас ақын Бауыржан Бөгенбай,   музей  директорының орынбасары Қуанова Роза Қаратайқызы болды.  Байқау нәтижесінде  I орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрымбетова Жанель, II орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Мерей Серікбай, III орынды М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Гүлсезім Болат иеленді. Жеңімпаздар мен  қатысушылар  мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.

2018 жылдың 4 сәуірінде Ы. Алтынсарин мемориалдық музейі     

Қонай ауылының Чапаев негізгі мектебінде «Ыбырай Алтынсарин-Ұлы педагог-ағартушы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. 

Ашылу салтанатында музей қызметкері А.С. Түлкібаева «Ыбырай шәкірттерінің маршы» атты әнін орындады. Оқушылар ұлы ағартушы туралы мағлұмат алып, 10 минуттық бейнефильм тамашалады және аудио таспа арқылы  «Кел, балалар, оқылық!» деп аталатын өлеңін  тыңдады. 

Ғылыми қызметкер Б.А. Айгужина сөз сөйлеп, 8-9 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин туралы шағын шығарма жазып, музейдің электрондық поштасына жіберуін өтінді. Көрме соңында аталған мектептің директоры  Гульбану Мутталқызы Қазбекова ізгі-тілегін білдіріп, рахмет айтты.

«Қостанай облыстық Ы. Алтынсаринның мемориалдық музейі»  КММ-сі  2018 жылдың 30 наурызда «Мен терроризм мен экстремизм жайында кеңес алдым» тақырыбында  іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты   терроризм мен экстремизім жайында білу және оларды болдырмау.  Алдын-алу жұмыстары мен қауіпсіздік шараларын түсіндіру  болды.   Іс-шараға арнайы мемлекеттік ұйымдардың мамандары шақырылды.  Қостанай облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі  департаменттің бас маманы Болтаев Тұрсынбай Сапаұлы мен  Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасының   бас маманы Әбішев Нұрсұлтан Мырзахметұлы қатысты. Аты аталған мамандар  терроризм мен экстремизм жайында түсіндіру, бағыт-бағдарламалары мен арнайы нұсқаулық кітапшалармен таныстырды. Терроризм мен экстремизм туындаған жағдайда  амалдар мен әрекеттер жасау, қолдану туралы кеңес берді.  Арнайы жасалған бейне материалмен таныстырды. Іс-шараға  тындарман болып келген  Қостанай жоғары экономикалық колледжі мен Қостанай гуманитарлық колледж студенттері осы тақырыпта ескерту және қауіпсіздік шаралары жөнінен мағұлматтар алды.

Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейі қызметкерлері Наурыз мейрамы мерекесі қарсаңына орай,  қаламыздағы  №11 орта мектепте  қазақ халқының салт  дәстүрлерін дәріптейтін «Ата салтым асыл қазынам»  тақырыбында іс шара ұйымдастырды.

Наурыз - ұлы дала мен  мәңгілік еліміздің ең маңызды мерекесі. Көктемнің алғашқы айында күн мен түннің теңелуі, жер жақанға күннің  жылуымен күш-қуаттың келуін, жаңғыруымен теңеген, барлық тіршілік иесінің   түлеуі мен көктеуі басталатын кезең. Бағзы заманнан бері Ұлыстың ұлы күні деп аталған.  Наурыз -  халқымыз үшін  ұлы күн.

Сәнді киіз үй қабырғасында ата-бабамыздың қолданған тұрмыстық заттары қойылды, олармен және халқымыздың салт-дәстүрлерімен музей қызметкерлері таныстырып айтып берді. Басты мақсат оқушыларға Наурыз мерекесінің шығу тарихы мен салт-дәстүрлермен жақын таныстыру болды.

Іс-шара дәстүрлі «Шашу» әнімен басталып, кішкентай нәрестені  «Бесікке алу», «Тұсау кесу», «Ат қою»  салтымен жалғасты. Бастауыш сынып оқушылары «Аталы сөз-баталы сөз» конкурсына қатысып өздерінің дайындаған баталарын жарыса айтып берді.  Жеңімпаз  қатысушыларға грамоталар  берілді.

Қазақтың ұлттық нақыштағы түрлі-түсті  ашық  киімдері   мерекеге нәр берді. Көрермендерге, барлық қатысушыларға  бауырсақ пен наурыз көже таратылды.  Қазақ халқының әндері орындалып, би биленді. Мереке  барысында аңызға айналған Қыдыр ата келіп барша қауымға өз батасын берді. Мерекелік іс-шара  «Наурыз қош келдің» флешмобымен аяқталды.

2018 жылдың 12-16 наурыз аралығында Қостанай облыстық  Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде «Рухани жаңғыру» аясында Наурыздың тарихы, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, тұрмыстық заттарын насихаттау мақсатында «Қонақжай киіз үйде»  атты көрме жұмыс істеді.  Киіз үй  қару-жарақтар, тұрмыстық заттар, ұлттық киімдермен безендірілді. Танымдық сағат киіз үй интерьерінде өтіп, көпшілікке қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысы, ұлттық ойындары туралы мәлімет берілді.

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-инернаты  және № 4,9,11,18,19, 20,115 орта мектептерінің оқушылары мен Қостанай заң академиясының курсанттары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, мейірімділікке, қонақжайлыққа үйрететін қазақ халқының 

рәсімдері туралы білді.

Чапаев негізгі мектебінде және қаладағы білім ордаларында және «Қазақ халқының тұрмыстық заттары», «Наурыз – жақсылық пен бейбітшілік мейрамы» тақырыбында  дәрістер өткізілді.  Музей жәдігерлері мен ұлттық өнер ескерткіштерін қолданып жүргізілген осындай іс-шаралар арқылы балалар өткен заманға жол тартып, ата-бабаларымыздан қалған бай мұраларды сезініп, туған халқымыздың аса өнегелі-рухани мәдениетін көре алды.

2018 жылдың 5 наурыз күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ұстаз ана» атты мерекелік кеш өткізілді.

Кеш басында Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы аналарға және нәзік жанды қыз-келіншектерге өз құттықтауын білдірді.

Кешке Ы.Алтынсарин медалінің иегері Ахметова Кенжекей, Қазақстан білім беру ісінің үздігі Көдебаева Гүлжиян, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Шакирова Күнжамал, ардагер ұстаз Рақымжанова Бибіш және тағы басқа мектеп мұғалімдері қатысты.

Аяулы ұстаздардың құрметіне өлең, ән, тілектер жолданды. Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Жақсан Нұржан «Ана туралы жыр», Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Жалғас Бекзат «Анаға сағыныш» әндерін орындады. «Ажар» тобы би билеп, дарынды балаларға арналған мектеп - интернатының 7 сынып оқушылары ана туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.

Қазақстанда 1 наурыз -  алғыс күні деп жарияланды. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі  бар балаларға арналған Қостанай арнайы мектебінде    Алғыс айту күніне  «Жан жылуыңмен баурап ал» атты іс-шара ұйымдастырылды. 

Онда осы мереке туралы түсініктеме беріліп, «Жақсылық туралы» 7 минуттық   

бейнеролик көрсетілді. 

«Жақсылық дегеніміз не?», «Қандай адамды мейірімді деп атауға болады?», «Кімге жақсылық керек?», «Неге әр адам жақсы болуға тырыспайды?»  деген сұрақтар қойылды.  Көрермендер белсенділік танытып, қызу талқылады.

№2 мектеп-лицей және № 115 орта мектептің оқушылары  қызықты сайыстар, тақпақтар мен әндер орындады. Балалар көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсер алды. Лицейдің 7 «Б» сынып жетекшісі Волосян Надежда Петровна құттықтау сөз айтып, балаларға сәттілік 

тіледі. Кездесу соңында оқушылар аталған мектепке кітаптар сыйлады.

2018 жылы 28 ақпанда Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі ұлттық мәдениетке, рухани және патриотизмге деген құрметін ояту мақсатында № 2 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары үшін «Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер» атты ауызша жорнал өткізілді.

Ыбырай Алтынсарин-тұңғыш  халық мектептерін ұйымдастырушы. Оның күш-жігерінің арқасында қарапайым отбасынан шыққан балалар   мектептерде оқи бастады. Музей қызметкері  Ыбырай Алтынсарин жайында   кластер әдісі бойынша жұмыс жасап, ағартушының өмір жолы мен  педагогикалық еңбектеріне тоқталды. Сондай-ақ  «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін аудио жазба бойынша ұсынды. Аталған мектептің 9 сынып оқушылары «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыса, ал Имамудинов Илья мен Мезенцев Алексей Ұлы ұстаздың өмірбаяны жайында мәлімет айтып берді. Ыбырай Алтынсаринің мектептері туралы 7 минуттық бейнефильм көрсетілді. Іс-шара соңында балалар  «Менің арманымдағы мектеп» атты сызба жобасын  жасап, өз ойларын ортаға салды.

2018 жылы 27 ақпанда облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Қостанай автожол көлігі колледжімен бірлесе отырып, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында«Кел, балалар, оқылық!»атты Алтынсарин оқулары өткізілді. Жиында студенттер ағартушының өлеңдерін жатқа оқыды. Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесі бойынша қойылым көрсетіп, жастарды  адал  достыққа,  адамгершілікке,отансүйгіштікке шақырды. 

Музей қызметкерлері бейнефильм және слайд көрсету арқылы Ы.Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы баяндады. Іс-шара соңында өлеңді мәнерлеп оқыған  қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.   

Сонымен қатар автожол көлігі колледжінің аудиториясында музей қызметкері  Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деген кітабы бойынша дәріс оқыды. Дара тұлғаның рухани байлыққа толы еңбегі жастардың қызығушылығын арттырды.

16 ақпан 2018 жылы Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау жөнінде  жиналыс өтті. 

Елбасы Жолдауына қолдау таныту  шарасына  шақырылған қонақтар мен қатысушыларды музей директоры М.Б. Оспанов таныстырды.

Өз сөзінде іс-шара қонақтары,  экономика ғылымдарының кандидаты, профессор,  ҚР ауыл шаруашылық саласына еңбек сіңірген қызметкері, оқу-ағарту ісінің үздігі,  "Светлый Джарколь" ЖШС директоры Ибраш Естаев 

және профессор, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанов,  Жолдау - нақты бағдарламалық құжат екені және оның негізгі бағыттары айқындалып,  еліміздің одан әрі дамуына маңызды басымдықтардың таяу жылдарға арналған нақты кезеңдері арқылы Қазақстанның жаңа белестерге көтерілуі туралы айтып өтті.

Музей мәдени-ағарту орын ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен тарихи сананың қалыптасуына  ықпал етеді. Ең маңызды аспектілерінің бірі -білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау.

2018 жылдың 5 ақпанынан 10 ақпанына дейін Қостанай педагогикалық колледжінің дизайн және декоративтік-қолданбалы өнер кафедрасы Д-31 тобының 3 курс студенттері кафедра оқытушысы Е.В. Садовникованың жетекшілігімен Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі қабырғасында  тәжірибеден өтті.  

Тәжірибенің мақсаты: студенттерді музей тарихымен, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметімен  таныстыру, сондай-ақ музей жәдігерлерін суретке салу барысында көркемдік қабілетін дамыту.

Осы шығармаларды орындау кезінде студенттерге музей залының ерекше атмосферасы көмектесті. Халық мұғалімінің өткен өміріне үңіліп,  маңызды сәттерін өз жұмыстарында түртіп отырды.

Музейде көрнекті ағартушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ақындар, Алтынсарин мектебінің түлектері және Алтынсариннің туысы, Қазақстанның халық жазушысы Мариям Хакімжанова туралы қызықты материалдар және тарихи ескерткіштердің бірегей жинағы бар.Экскурсия жүргізушінің әр жәдігер туралы берген толық мәліметі оларға сурет салуына  серпін берді. Олар үлгілер жасау үшін әртүрлі материалдарды қолданды (көмір, жасанды, түрлі-түсті қарындаштар, акварель бояулары).

Барлық студенттер біраз жәдігерлерді суреттеуге белсене атсалысып, Алтынсарин мектебінің макетін және мемориалдық сыныбының экспозициясын, қазақтың ұлттық киімдерін сурет қағазына салды.

Жалпы музейде тәжірибеден өту - бұл жастарды сол заманның мәдениетімен таныстыру, түрлі қызықты факторларды білу және параққа идеяны көрсету, шығармашылық ойлауды дамыту, сурет салу қабілетін арттыру болып табылады.

9 ақпан - жастар күні. Осы мерекеге орай Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Біз жастарға сенеміз!» атты өңірімізге танымал, өнерлі, жан-жақты, жұлдызды жастардың басын қосып кездесу кеш ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Іс-шараның басында музейдің директоры Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов жастар күнімен құттықтап,  студенттерді  еліміздің  адал азамат болып, өсуілеріне тілек білдірді.

Кездесуге Қостанай облысының “Жастардың Алтын кітабына” енген лауреаттар шақырылды.  «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының директоры Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы мен І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері Төленді Олжабайұлы Әлғожин өнер жолындағы жетістікке жетудің жолдарын түсіндіріп, жастармен сыр бөлісті. Ән шашулаларын айтып, қонақ кәделерін жасады.  

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары «Қазақстан» және М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлең шумақтарын оқып, сонымен қатар Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясындағы» «Таза бұлақ» әңгімесінен көрініс көрсетті.              

Шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері «Жастар» биін биледі. Кеш жүргізушісінің бірі «Маған  ұқсайды» деген әнімен кешті аяқтады.

2018 жылдың 8 ақпанында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде ағартушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ы. Алтынсарин айналасындағы адамдар» атты танымдық кеші өтті. Іс-шарада ұлы ұстаздың ізбасарлары мен орыс достары жайында бейнефильм тамашалады. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Сәкен Әли, ағартушының эпистолярлық мұрасынан үзінді оқыды.

Жиында Ы. Алтынсарин медалінің иегерлері, филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, ақын Серікбай Оспанов және педагогикалық колледж оқытушысы Сүйінкина Пиалаш Балтиқызы құнды деректер айттып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық  музейінде «Бақыттың кілті - әйелде» атты  «Алтын алқа» белгісінің иегері, 

«Шаңырақ - Қостанай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, саясаткер әйелдер клубының мүшесі Балапанова Қарлығаш Әлиханқызымен кездесу кеші өтті.

Бұл күн­дері Қазақстанда саясат және өзге салаларда да іскерлігімен таны­лып жүрген қыз-келіншектер аз емес. Кешке елімізге танымал ақын-жазушылар мен саясаткер әйелдер клубының мүшелері, Қостанай ауданы, Октябрь селолық округінің сайлаушылары және қала қонақтары қатысты.

Еліміздегі гендерлік және демографиялық саясатты қатар ұстанған Қарлығаш Әлиханқызын «белсенді қоғам мүшесі», «іскер әйел»,

«ардақты ана», «асыл әже» ретінде жан-жақты қырынан танытты.

Кеш иесіне іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, депутаттар, ақын жазушылар, ізгітілектерін білдірді. Экран арқылы бейне роликтер көрсетіліп, іс-шара кейіпкерінің естелік суреттерінен слайд топтамасы тамашаланды.

Кеш жүргізушісі Б.Айғожина кеш қонағы Қ.Балапановаға өмірі мен қызметіне сауал тастай отырып, еркін әңгімеге тарты. Қостанай ауданы мәдениет үйінің өнерпаздары  шашуларын ала келді.

1 ақпан 2018 жылы музей қабырғасында тоқсан сайын өткізілетін «Шашу» ақындық қонақжайының алғашқы қонағы журналист Нәзира Жәрімбетовамен кездесу кеші болып өтті. Журналистика саласында  35 жыл еңбек етіп келе жатқан Нәзира Қыпшақбайқызы 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет етіп келеді. 2006 жылы Ақпарат және мәдениет министрлігі грамотасымен марапаталды. Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері.  

Іс-шара барысында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ақын, сатирик-жазушы Ғұмар Ахметчин, музей директоры Марғұлан Оспанов, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қадырбек Қиысхан қаламгер әріптестерінің журналистика саласында атқарып жатқан тың еңбектері жайлы сөз қозғап, жылы лебіздерін білдірді.

Арасында әндер орындалып, көрермен көңілі де серпіліп қалды.

 

2018 жылдың 12 қаңтарында Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Құқықтық тәрбие заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуға Қостанай облысының кәмелетке толмаған балалардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сот қызметкерлері және №115 орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. Аталған соттың төрағасы Шармухаметова Қарлығаш Сәлімжанқызы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың жиі тараған түрлері туралы айта кетіп, оқушыларды сот залымен танысуға шақырды. Ал, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мукашева Гүлжамал Қасыбайқызы балалар құқығы мен міндеттері туралы баяндады.

 

 

 

 

2017 жылы 26 желтоқсанда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде Ақмола облыстық Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабекпен «Сағымға ілген сырларым» атты кездесу кеші болып өтті. 
Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында өтетін шараға оның шәкірттері - Абзал Балтабаев; ақын, «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты Мерген Тоқсанбай және әнші, республикалық ән байқауларының жүлдегері Аслан Мұхамедияров өлең оқып, ән шырқады. Кешке жергілікті ақын-жазушылар және Ы.Алтынсарин атындағы № 1 мектеп-интернатының оқушылары қатысты. 
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы сөз сөйлеп, Құдайберлі Мырзабектің иығына шапан жапты. Кеш барысында ақындар Н.О.Мұқатов және Ғ.С.Бердалинова ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

Дүйсенбі, 25 Желтоқсан 2017 11:02

Меморандум

Ақмола облыстық Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Қ.Мыразбек және Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин  мемориалдық музейінің директоры М.Оспанов музейлердің өзара ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойды.

2017 жылы 25 желтоқсанда Қостанай облыстық  Ы. Алтынсарин  мемориалдық музейі мен Ақмола облыстық Мәлік Ғабдуллин музейі   Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру, Ұлылар ұлағаты» атты экспедициясы бойынша танымдық кеш өткізді.

Мақсаты: Ұлы ұстаз Ы. Алтынсарин мен Кеңес Одағының Батыры, 

педагог М. Ғабдуллиннің  арасындағы   педагогикалық байланысты зерделеу, олардың қоғам дамуына қосқан өнегелі өмірін насихаттау, тәжірибе алмастыру.  

Іс-шараның басында М. Ғабдуллин музейінің директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы Ы.Алтынсарин мен М.Ғабдуллин арасындағы ұрпақ сабақтастығын, мәдени мұраларды сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу туралы сыр шертті. 

Аталған музейдің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз батырдың 

өмірі мен шығармашылығы жайында «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрмесімен таныстырды.  1943 жылы Мәлік Ғабдуллин жайында түсірілген деректі фильм көрсетілді. Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлегі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қалқаман Хасенұлы Жақып  жылы лебізін білдірді. Ыбырай Алтынсарин туралы 10 минуттық құжатты фильм көрсетілді. Композитор Қ. Дербісалин «Қостанай» әнін орындады. Құдайберлі Мырзабектің әніне М. Ғабдуллин музейінің ұжымы түсірген  «Көштің көркі» атты бейнебаян көрсетілді. Іс-шараның соңында екі музей өзара сыйлықтармен алмасты.  

 

2017 жылы 13 желтоқсанда Қостанай қаласы № 115 орта мектебінің        9 «А» сынып арасында Ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің   «Қазақ хрестоматиясы» кітабының беттері бойынша  «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» атты сайыс өтті. Ойын басында  Ыбырай Алтынсарин туралы 10 минуттық құжатты фильм көрсетілді.  Сайысқа 6 оқушы қатысты.  Үш топқа бөлінген балалар белсенділік танытып, мақал-мәтелдер мен ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріп отырды.     Қазылар мүшесі жеңіске жеткен топтың әділ бағасын берді. Осындай білімділігі мен біліктілігін дамытатын, тәрбиелік мәні бар   іс-шара оқушылардың ой-өрісін арттырды. 

2017 жылдың 29 қараша күні  Қостанай облыстық  Ы.Алтынсарин  мемориалдық музейінде  Президент күніне байланысты «Елін сүйген Елбасы» атты тағылымдық кеші ұйымдастырылды.

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оның өмір жолынан үлгі ала отырып жасұрпақтарды отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өтетін іс-шара ҚР әнұраны орындалумен басталды. Жиында Қостанай педагогикалық институты «Қазақстан тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ө.И.Исенов және  зейнеткер, еңбек ардагері Мырзабай Жақсылықов елбасының кісілік келбеті, ұстанымы, көсемдік қасиеті жайлы сыр шертті. Қостанай қаласы №17 орта мектебінің  оқушылары  зор мәлімет алып, «Таудан ұшқан тастүлек» бейне фильмін тамашалады.

    Ы.Алтынсарин атындағы мектеп –интернатының 7 сынып оқушылары өлең жолдарын оқыса, М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің оқушылары  «Адай» күйін, аталған институттың студенттері ән шырқады. 

Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде өткен «Ең үздік экскурсовод»  атты сайысқа қатысқандардың алдында виртуалды экспозициялар арқылы  экскурсия жүргізу және  өз шеберліктері, білгірлігі, ерекшелігімен залда отырған көрермендерді баурап, өз портфолиосын көрсету міндеті тұрды. Конкурс "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында   Қостанай колледждері студенттерінің ұлттық сана-сезімін ояту және қалыптастыру, мәдени құндылықтарға тарту,  эстетикалық және патриоттық тәрбие беру  мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шарада педагогикалық, гуманитарлық, медициналық колледжінің студенттері   үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өз қабілеттерін көрсетті.

Қазақстандағы үш тілділік  - «Қазақстан-2050»  стратегиясында айтылған  негізгі бағыттардың бірі. Қатысушылар өздерін таныстырып, өз тандаған тақырыбы бойынша экскурсия жүргізді, музей жәдігерлері туралы мәлімет берді және  Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі жайлы маршрут қартасын ұсынды.

 «Таныстыру», «Халық мұғалімі», «Менің сүйікті жәдігерім»,    «Маршрут сипаттамасы» деген төрт айналымнан тұратын сайыста     экскурсия жүргізу техникасы, ақпаратты беру форматы, әртістік қабілеттері бағаланды. Жеңімпазды анықтау жинаған ұпай қорытындысы бойынша белгіленіп отырды.  Гуманитарлық колледжінің студенті Б.М. Кеншілік және педагогикалық колледжінің студенті Д.М. Маряк  қазақ тілін жақсы меңгергені және  туған жерінің  тарихын терең білгені үшін  бірінші, екінші орынды иеленді.  Ағылшын тілінде еркін сөйлеп материалды толық жеткізе білген гуманитарлық колледжінің студенті Е.С. Зарицкаяға  үшінші орын берілді.  Үш жүлделі орынға дипломдар мен  басқа конкурс қатысушыларына мақтау қағаздары табысталды. Іс-шараның демеушісі «Синема парк Қостанай» ЖШС ынталандыру сыйлығы ретінде «Арман 3 D» кинотеатрына билеттер табыс етті. 

 

2017 жылдың 16 қарашасында Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай  «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты әдеби кеш өткізілді.   Жас ұрпақтардың төл тарихымызға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушылары және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8 сынып оқушылары  қатысты.    

Аталған оқу орнының «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Ералина Ақмарал Ерікқызы  Алаш зиялыларының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметтері, ал ағымдағы жылдың қарашасында Астана қаласында өткен «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысқан,  тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Батырханұлы сол жиында талқыланған мәселелер туралы сыр шертті.           Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының 8 сынып оқушылары «Алаш» партиясының жетекшісі   Ә.Бөкейхановтың тергеу  сәтінен үзінді сахналады. Алаш зиялыларының тағдырын сипаттайтын «Қайсар, менің арыстарым» өлеңі оқылды.

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбәбап ғылыми кітапхананың қызметкерлері А.Т.Нұрмағамбетова және Ә.Б.Назарова алғашқы  «Алаш» саяси партиясының құрылу тарихы  туралы «Алаш Рухы»  атты кітап көрмесін ұсынды. 

2017 жылдың 9 қарашасында  Қостанай қаласындағы  № 2 мектеп-лицейінде 9-ншы «Б» сыныбы үшін өткен «Менің арманымдағы мектеп» деп аталатын ашық сабаққа Қостанай облысының мұғалімдері қатысты.

Сабақты аталған мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Гүлжахан Қуанышқызы Торина жүргізіп, ұлы ағартушының  таспаға жазылған «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен бастады.

Музей қызметкері Аймгуль Тулегенқызы Омарканова Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінен мағлұмат беріп,  бейнефильм көрсетті және сұрақтар қойды. Ол Ы.Алтынсариннің «Өз отанымыздың пайдасына қолдан келгенше қызмет ету әрқайсымыздың борышымыз» деген сөзімен ойын қорытындылады. 

Оқушылар үш топқа бөлініп, Ыбырай ашқан мектептер мен болашақтағы жоба мектептерінің арасындағы байланыс туралы айтты.