ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

Рухани жаңғыру

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру барысында «Шашу» ақындық қонақжайында журналист Нәзира Жәрімбетовамен кездесу кеші өтті

1 ақпан 2018 жылы музей қабырғасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру барысында «Шашу» ақындық қонақжайында  журналист Нәзира Жәрімбетовамен кездесу кеші өтті. Журналистика саласында  35 жыл еңбек етіп келе жатқан Нәзира Қыпшақбайқызы 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет етіп келеді. 2006 жылы Ақпарат және мәдениет министрлігі грамотасымен марапаталды. Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері.  

Іс-шара барысында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ақын, сатирик-жазушы Ғұмар Ахметчин, музей директоры Марғұлан Оспанов, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қадырбек Қиысхан қаламгер әріптестерінің журналистика саласында атқарып жатқан тың еңбектері жайлы сөз қозғап, жылы лебіздерін білдірді.

Арасында әндер орындалып, көрермен көңілі де серпіліп қалды.   

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының  жүзеге асыру мақсатында «Біз жастарға сенеміз!» атты кездесу кеш ұйымдастырылды

9 ақпан - жастар күні. Осы мерекеге орай Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының  жүзеге асыру мақсатымен

«Біз жастарға сенеміз!» атты өңірімізге танымал, өнерлі, жан-жақты, жұлдызды жастардың басын қосып кездесу кеш ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Іс-шараның басында музейдің директоры Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов жастар күнімен құттықтап,  студенттерді  еліміздің  адал азамат болып, өсуілеріне тілек білдірді.

Кездесуге Қостанай облысының “Жастардың Алтын кітабына” енген лауреаттар шақырылды.  «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының директоры Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы мен І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері Төленді Олжабайұлы Әлғожин өнер жолындағы жетістікке жетудің жолдарын түсіндіріп, жастармен сыр бөлісті. Ән шашулаларын айтып, қонақ кәделерін жасады.  

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары «Қазақстан» және М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлең шумақтарын оқып, сонымен қатар Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясындағы» «Таза бұлақ» әңгімесінен көрініс көрсетті. Шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері «Жастар» биін биледі. Кеш жүргізушісінің бірі «Маған  ұқсайды» деген әнімен кешті аяқтады.

 

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында Наурыздың тарихы, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, тұрмыстық заттарын насихаттау мақсатында «Қонақжай киіз үйде»  атты көрме жұмыс істеді

2018 жылдың 12-16 наурыз аралығында Қостанай облыстық  Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында Наурыздың тарихы, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, тұрмыстық заттарын насихаттау мақсатында «Қонақжай киіз үйде»  атты көрме жұмыс істеді.  Киіз үй қару-жарақтар, тұрмыстық заттар, ұлттық киімдермен безендірілді. Танымдық сағат киіз үй интерьерінде өтіп, көпшілікке қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысы, ұлттық ойындары туралы мәлімет берілді.

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-инернаты  және № 4,9,11,18,19, 20,115 орта мектептерінің оқушылары мен Қостанай заң академиясының курсанттары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, мейірімділікке, қонақжайлыққа үйрететін қазақ халқының рәсімдері туралы білді.

Чапаев негізгі мектебінде және қаладағы білім ордаларында  «Қазақ халқының тұрмыстық заттары», «Наурыз - жақсылық пен бейбітшілік мейрамы» тақырыбында  дәрістер өткізілді.  Музей жәдігерлері мен ұлттық өнер ескерткіштерін қолданып жүргізілген осындай іс-шаралар арқылы балалар өткен заманға жол тартып, ата-бабаларымыздан қалған бай мұраларды сезініп, туған халқымыздың аса өнегелі-рухани мәдениетін көре алды.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өшпес мұрасын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында «Өлең - сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізілді

2018 жылдың 6 сәуірінде Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өшпес мұрасын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында «Өлең - сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізілді. Жиынға  қала мектептерінің оқушылары және мұғалімдер қатысты. Байқаудың талабы бойынша балалардың таңдап алған шығармаларына, оқу мәнеріне, сахна мәдениетіне, өлеңдеріне сай жасалған слайдына аса мән  беріліп  баға беру үшін әділқазылар сайланды. Олардың құрамында Қостанай қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиеті секторының меңгерушісі Сәуле Куанышбайқызы Жакибаева; І.Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрының әртісі Нұрлыбек Кенжеахмет; «Қостанай» облыстық телеарнасының редактор-жүргізушісі,  жас ақын Бауыржан Бөгенбай,   музей  директорының орынбасары Қуанова Роза Қаратайқызы болды.  Байқау нәтижесінде  I орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрымбетова Жанель, II орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Мерей Серікбай, III орынды М. Хәкімжанова атындағы  № 20 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Гүлсезім Болат иеленді. Жеңімпаздар мен  қатысушылар  мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық әнін шырқаймыз» атты мәдени-ұлттық орталықтарының өкілдерімен кездесу өтті

2018 жылдың 25 сәуірінде мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында  Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығымен бірлесіп Қазақстан халқының бірлігі  күніне арналған «Достық әнін шырқаймыз» атты мәдени-ұлттық орталықтарының өкілдерімен кездесу өткізді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің алар орны ерекше.

Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ассамблея және еліміздің этносаралық қарым-қатынас, ұлтаралық татулық саясатын жүргізіп келеді.                   

Іс-шараның басында музей қызметкері А.С. Түлкібаева «Маған ұқсайды» атты әнін орындады. Татар, әзірбайжан, кәріс ұлт өкілдері өз ұлтының екінші  отанына айналған Қазақстанға қоныс аудару тарихына тоқталып, жүрек жарды тілектерін білдірді.

Ассамблея өкілдері - «Дуслык» татар-башқұрт этно-мәдениет орталығының белсенді мүшесі Сария Сейіт,  кәріс диаспорынан Ульяна Ким өз  ұлттарының ән мен би өнерлерін көрсетті.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайы» КММ және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директорлары ынтымақтастық келісімшарт жасасып, меморандумға қол қойды.

18 мамыр - Халықаралық музей күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайы» КММ және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директорлары ынтымақтастық келісімшарт жасасып, меморандумға қол қойды. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин мұраларын насихаттау үшін  Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында  көрме ұйымдастырылады.

 

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында «Дара  тұлғаның - дара жолы»  тақырыбында  Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі,  республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты, тұңғыш бүкіл әлемдік   рухани келісім конгресіне  қатысушы, деректі-публицистикалық фильмдердің авторы,  тележурналист   Гүлжібек Баекеқызы Бекмухамедовамен кездесу өтті  

2018 жылы 30 мамырда  Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында «Дара  тұлғаның - дара жолы»  тақырыбында  Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі,   республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты, тұңғыш бүкіл әлемдік   рухани келісім конгресіне  қатысушы, деректі-публицистикалық фильмдердің авторы,  тележурналист   Гүлжібек Баекеқызы Бекмухамедовамен кездесу өтті.  

Шығармашылық басқосуға  сатирик ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының  директоры  Ғұмар Ахметчин, ақын Нағашыбай Мұқатов, Ыбырай Алтынсариннің ісін зерттеуші  Қалқаман Жақып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, әншілер  -     Қалыбек Деріпсалдин мен Гүлбану Абдуллина,  Л.Н.Толстой атындағы әмбебап кітапханасының директоры Дариға Дүйсебаева және  Гүлжібек Бекмухамедованың сыныптастары мен әріптестері, жолдастары  қатысты.                       

Қонақтар  қаламгердің қызметі мен шығармашылығы, терең  ізденісі, білімділігі, белсенділігі туралы айтып, сіңірген еңбегіне тоқталды. Кеш соңында әнші-сазгер Қалыбек Деріпсалдин баянмен халық әндерінен құрастырылған попурри орындады. Жиналған  Қостанай гуманитарлық колледжінің  студенттері дара журналисттің  өмір  жолымен танысып,  біраз құнды дүниелермен қанық болып тарқасты.