ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

Омар құдығы

Омар құдығы (Ыбырай Алтынсариннің туған жері)

 

Нысанның орналасқан жері: Алтынсарин ауданы, Щербаков ауылдық округінің Сатай селосы, оңтүстік шығысқа қарай 5 шақырым.

 

Омар құдығы – Алтынсарин ауданының көрікті жерлерінің бірі. Осы өлкеде Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа бидің тұрағы орналасқан. Бұл жерде 1841 жылы ұлы ғалым, ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин дүниеге келген.

Ол қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. 1991 жылы сол жерге құдық және ескерткіш тақта орнатылды. Ұлы педагогтің туған жері осы күнге дейін аудан  қонақтары мен тұрғындарының үлкен қызығушылығын туғызады.

Балғожа би өмір сүрген Қостанай мен Алтынсарин ауданында бүгінде оның ұрпақтары тұрады. Бұл маңай тарихта Арақарағай болысына қараған. Балғожа би өмір сүрген, Ыбырайдың туған жері – Мезгіл ауылы. Жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша, осы маңайда Үлкен Мезгіл, Кіші Мезгіл, Қошанның Мезгілі деген сияқты атаулар көп. Бұл жерге 1991 жылы Ыбырай бабаның 150 жылдық торқалы тойының қарсаңында ескерткіш тақта орнатылды. Кезінде осы жерді Балғожа бидің Жаңбыршы ұлынан тараған Қошан, Омар ұрпақтары мекендеген. Осы маңайда шамамен 50-60 үй болған көрінеді.