ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

Музейдің ашылу тарихы

Музей Қостанай қаласының Алтынсарин көшесінде орналасқан. 1991 жылы 16 қазанда қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы Ы.Алтынсариннің туғанына 150 жыл толу құрметіне орай Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі ашылды. Осы сәнді, шығыс стилі үлгісінде салынған ғимарат қаланың тарихи-архитектуралық жеріндегі 1884 жылы Ы.Алтынсарин іргесін қалаған мектептің жанынан бой көтерді. Салтанатты ашылу рәсімі жерлесіміз және Ы.Алтынсариннің туысы, Қазақстан Республикасының халық жазушы Мәриям Хакімжановаға берілді. Ғимараттың жобасын жасаған – Қостанай қаласының бас архитекторы Күшіков Хажымұрат Әдиұлы. 

 

      

Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі, 1991 жыл             

                                                                              

 

 Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі жаңарту жұмыстарынан кейін, 2012 жыл

 

 «Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі» макеті

 

Музей қызметкерлері, жергілікті ақын-жазушылар Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқан жолдармен жүріп өтуді ұйғарды. 1991 жылы 16 мамырдан бастап үгіт пойызы өз жұмысын бастады. Экспедиция төрт облыстан өтті: Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Орынбор. 13 шілде күні Орынбор қаласында үгітпойызына қатысушылар, халқымыздың біртуар ұлы Ы.Алтынсарин оқыған мектеп қабырғасына мемориалдық тақта орнатты. Авторы: Л.П.Белоусов.

 

ҚР халық жазушысы М. Хәкімжанова және педагог М.Шалабаев мұражайдың ашылуында

 

Ы.Алтынсарин қызмет істеген жерлері бойынша үгітпойызы

 

Орынбор Шекаралық комиссиясының бұрынғы үйіне мемориалдық тақта қойған Қостанай облысының өкілдері, 1991 ж.

 

Мұражай қызметкерлері үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен іс-сапарға шығып, Ы.Алтынсариннің өмірі және педагогикалық қызметі туралы, XIX-XX ғ.ғ. өлкедегі халық ағарту ісінің пайда болу, жетілу және даму тарихын баяндайтын құжаттардың көшірмелері Алматы, Ташкент, Москва, Санкт-Петербург, Орынбор қалалары мұрағаттары мен кітапханаларынан алынды.

 

Дала қоңырауы

Артына өшпес із қалдырып, қалайда қазақ балаларын оқу-білімге, өнерге, мәдениетке жұмылдырам деп қазақ сахарасында тұңғыш рет дүниетану мектебін ұйымдастырған Ы.Алтынсарин саналы өмірін оқытушылық, ағартушылық ісіне жұмсады. «Дала қоңырауы» композициясы қазақ халқының тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсарин шәкіртімен келе жатқан көрінісін сомдайды. Қазақ деген халқы бар ұланғайыр сахарада сыңғырлатып қоңырау соқты, қалың ұйқыда жатқан  елді білім алсын деп оятты. Қазақ елін білімге, өркениетке  шақырды.

Алтынсариннің педагогтық, жазушылық қызметі мүлде бөлек болған. Жаратылғаннан қаны, ішкі жан дүниесі мұсылман, шын мәнінде қазақ екенін жадынан ешқашан шығармады. Нақты дәлел ұлы Ыбырайдың шығармаларында ұрандап тұр.

Оның әйгілі «Кел балалар, оқылық!» өлеңі:

Бір құдайға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстіңд,

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы,

Шоқуменен табылған.

Өнер, білім бәрі де,

Оқуменен табылған.

Істің болар қайыры,

Бастасаңыз Аллалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап...

 «Дала қоңырауы» композиция

 

Суреттер галереясы

«Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің дәуірі туралы» атты суреттер көрмесі жаңашыл педагог Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін, сол замандағы қазақ халқының тұрмыс-жағдайын сипаттайды. Суреттер авторы Қазақстанның танымал суретшілері. Соның ішінде жергілікті авторлардың жұмыстары да кездеседі.

 

Медетбеков З. «Ы.Алтынсарин ақсақалдармен» 

 

 Медетбеков З. «Мектепке барар жол»

 

Медетбеков З. «Торғай даласында»

 

 

 Алпысбаева А.«Тобыл жағасында»

 

Медетбеков З. «Мектеп құрылысы»

 

Сапиев А. «Арақарағайдағы шуақты күн» 

 

Нұржымов О. «Ы.Алтынсарин шәкірттерімен»  

 

Соков Г. «Кең дала кітабы»

 

       

Докучаев орта мектебі «Ы.Алтынсарин» 

  

Мектеп-интернат

1884 жылы Троицк қаласындағы екі кластық орыс-қырғыз мектебі Қостанай қаласына көшірілді. Бұл мектепті Қостанайға ауыстыру Ыбырай Алтынсариннің ұсынысы болатын. Революциядан кейін, бұл мектеп – «коммуна» деп аталды, кейін Жамбылдың, Мирзоянның атында болды. 1960 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты болып құрылды. Ал 2000 жылы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты болып өзгертілді.

 

 

Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесінің макеті

 

2000 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

 

Ы.Алтынсарин Қостанайдағы училище оқушыларымен

 

Торғай мектебі

1860 жылы Орынбор облыстық басқару мекемесі Ы. Алтынсаринге Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат береді. Мектеп ашу, мұғалім болу ісін Ыбырайға үлкен сеніммен тапсырады. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ауыл-ауылдарды аралап, білімнің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Орыс достарына хат жазып, құрылыс матералдарын іздестіреді. Қаражат жинау, мектеп үйін салу жұмысы төрт жылға созылады. Мектептің құрылысы 1864 жылы ғана аяқталады.

 

Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин 1864 жылы 8 қаңтарда ашқан алғаш қазақ мектебінің суреті және макеті

 

Мемориалдық класс 

Ыбырай Алтынсариннің сыныбы. Голландық дөңгелек пеш, кезінде жоғары сынып балалары кезектесіп жағып, мектепті жылытып отырған. Мемориалдық класста Ы.Алтынсарин шәкірттерімен сабақ үстінде отырғаны сомдалған. Шкаф, этажерка, тақта, парта және оқу құралдары сол жылдарды көрсетеді.

 

Мемориалдық класс «Ы.Алтынсарин шәкірттерімен»

 

Қолөнер училищесі

Ы. Алтынсарин қазақ жерінде кәсіби-техникалық оқу қажет деп түсінді. Ыбырай Алтынсарин Торғайда Яковлевтің атымен алғашқы кәсіби училище, қыздар училищесін ашады.

Торғайдағы қолөнер мектебі, 1883 ж

 

Қолөнер мектебінің шәкірттері сабақ үстінде

 

Экспозицияда жинақталған ұсталық және аяқ киімге арналған саймандар

 

Орыс-қазақ училищесінің қыздары

 

 Экспозициядағы тоқу және тігу құралдары

 

Кабинеті

Ы.Алтынсарин 1883 жылы Қостанай қаласынан 3-4 шақырым жерде, Тобыл өзенінің иінінде, «Инспектор» (ағартушының құрметіне кейін аталған) көлі маңынан өз қаражатымен үй салып, отбасымен қоныс аударып, ағартушылық қызметін әрі қарай жалғастырады. Осы кезең ұстаз ағартушылық қызметінің халық арасында әбден шыңдалып, жетістікке аяқ басқан кезі еді. Ол үйінің бір бөлмесін жұмыс кабинетіне арнады. Көп уақытын осы бөлмеде өткізді. Ұстаз тіршілікте өте қарапайымдылық танытқан, үйінде сапалы еуропалық стилдегі жиһаздары болған. Ы.Алтынсарин өзінің құрметті және қадірлі қонақтарын, достарын осындай әдемі жиһазбен жабдықталған кабинетінде қарсы алып сұхбаттасқан және жұмыс жасаған.

 

Ы. Алтынсариннің кабинеті 

 

Ы.Алтынсариннің тұрған ағаш үйі, Қостанай қаласы 1950 жыл

  

Ыбырай Алтынсариннің отбасы

Ы.Алтынсариннің үш баласы болды: Шәрипа, Абдолла, Әбдрахман. Шәрипа 9 жасында, Әбдрахман 15-16 жасында, Абдолла 53 жасында қайтыс болды. Абдолладан жалғыз қыз бала қалды. Ол – Нағима Ыбыраева.

 

Ы. Алтынсарин әйелі Айғаныс және балалары Қостанай қаласы, 1889 ж.    

 

Экспозициядағы Ы. Алтынсариннің үйнің макеті және «Инспектор көлі» 

 

                               

Ыбырай Алтынсариннің немересі Ыбыраева Нағима

 

Ыбыраева Нағиманың отбасы. Жамбыл облысы, 1994 жыл. 

                                                                                                                                               

«Ыбырайдың жалғыз баласының жалғыз қызымын. Атым Нағима» Ыбырайдың немересі Нағиманың. Қолтаңба естелігі.            

 

Төсекқап

Алтынсариннің жеке заты – төсек қап экспозицияның төрінен орын алған. Ыбырайдың жан ұясы қолданған төсекқабы – қордағы ең құнды жәдігердің бірегейі. Оны 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір қаласында тұратын Гүлсана Тастемірова беріп жіберді. Оған кезінде нағашы әжесі Рәзия қалдырған екен. Ал Рәзияға апасы Ыбырай Алтынсариннің әйелі Айғаныс беріпті.

 

Ы.Алтынсарин жанұясында пайдаланылған төсекқап

 

«Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітабы

«Шариғатул-Ислам» кітабының түпнұсқасы мұражай қорындағы баға жетпес жәдігері болып табылады. Бұл кітап бірбеткей молдалардың зиянды ықпалдарын ауыздықтау мақсатында, әрі оқушыларға сабақ үшін әдістемелік құрал ретінде араб әрпімен қазақ тілінде жазылған.

 

Дін ілімі жөніндегі «Шариатул-Ислам» атты оқу құралы

 

«Қырғыз хрестоматиясы» кітабы

1879 жылы Ы.Алтынсариннің әйгілі «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі кітабы шықты «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелері мен өлеңдерді, орыс жазушыларының мысал өлеңдерін аударып енгізді.

 

 

 

Бюст

Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба тілінің негізін қалаушы, ақын әрі жазушы. Ұлы ұстаз орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін алғаш жасады. Сол әліпбиін қолында ұстап тұрған  ағартушының бюсті гипстен жасалып, алтын түсті сырмен боялған. Оның авторы – Қостанай қаласының мүсіншісі Иннокентий Михайлович Бальшанин. 

 

Бюст «Ы. Алтынсарин»

 

Алтынсариннің ордендері

1870-1887 жылдары аралығында Ыбырай Алтынсарин христиан дініне жатпайтын II және III дәрежелі «Святой Станислав» және «Святая Анна» ордендерімен марапатталады.

 

Христиан дініне жатпайтын ІІ дәрежелі Святая Аннаның ордені  

                                  

Христиан дініне жатпайтын ІІІ дәрежелі Святая Аннаның ордені  

                                      

 Христиан дініне жатпайтын II дәрежелі Св. Станиславтың ордені 

                              

 Христиан дініне жатпайтын ІІІ дәрежелі Св. Станиславтың ордені

 

Ерте сөнген жұлдыз

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде 48 жасында дүниеден озды. Өзі тұрған үйінен алыс емес жерде, Тобыл өзенінің оң жағасына ата-бабаларының қорымына жерленді.

1947 жылы 10 қыркүйекте еңбекшілер депутаттары Кеңесінің Қостанай қалалық атқару комитеті Ы.Алтынсариннің қайтыс болуына 60 жыл толу қарсаңында «Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин зиратын сақтау» туралы шешім қабылдады.

1960 жылы педагог-ағартушының туғанына 120 жыл толуына байланысты бейітінің басына граниттен құлпытас орнатылды. 1991 жылы Ы.Алтынсариннің туғанына 150 жыл толу құрметіне белгі тастың орнына қызыл кірпіштен күмбезді кесене салынып, ішіне  мәрмәр тас қойылды. Кесене қайтыс болған күніне орай 22 шілдеде салтанатты түрде ашылды. Жобасын жасаған Қостанай қаласының бас архитекторы Күшіков Хаджымұрат   Әдиұлы.

2017 жылы Қазақстан Республикасының құрметті архитекторы Жанболатов Сағындық Смайылұлының жобасы бойынша кесене қайтадан салынып, 4 қазанда ашылу рәсімі өтті. 

 

Ы. Алтынсарин және туыстарының жерленген қорымының үлгісі. 

 

Ы. Алтынсариннің бейіті басындағы құлпытас, 1960 ж. 

 

1991 жылы шілде айында Ы.Алтынсариннің туғанына 150 жыл толу құрметіне Тобыл өзенінің жағасындағы оның жерленген орнына кесене тұрғызылды Ыбырай Алтынсариннің кесенесі

 

Ыбырай Алтынсарин кесенесі, Қостанай 2017 жыл

       

Ыбырай Алтынсариннің ата қорымына орнатылған ескерткіш тас

 

Қыпшақтың Алтыбас руынан тараған әулеттің қорымына қойылған ескерткіш тас