ЖАҢАЛЫҚТАР

Prev Next

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

                                                 «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық

                                                 мемориалдық мұражайы» КММ

                                          2018 жылғы «06» сәуіріндегі

                                          № 215 бұйрығына қосымша

 

 

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының

«Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы» КММ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

(мәдениет саласында)

 

1.Қоғамдық қатынас саласының атауы: мәдениет саласында.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық  мемориалдық мұражайы» КММ.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарманың барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қолданылуы мен орындалуына Басқарманың барлық қызметшілері дербес жауаптылықта болады.

4.Қоғамдық қатынастардың жеке саласында (мәдениет саласында) жұмыс істейтін тұлғалар тәртібінің (іс-әрекетінің) қағидалары:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

мүдделер қақтығысының пайда болуының әр мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;

өз лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу мүмкіндіктерін пайдаланбау;

жоғары кәсіптік жұмыс үшін бар жігерін салуға, қойылған тапсырмаларды шешудің оптималды, үнемді және өзге де құзыретті тәсілдерін қолдану;

қызметтік міндеттерді нәтижелі орындау үшін ұдайы өз кәсіптік деңгейін және біліктілігін жетілдіру;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуына тыйым салынады;

лауазымдық өкілеттіктерін іске асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;

жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдаланбауға;

мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдаланбауға;

лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

  • Өз құзыреті аясында басқару және өзге де шешімдерді әзірлеу және қабылдауда:

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

жасырынды сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету;

кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бейімдейтін жағдайлар жөнінде шұғыл жазбаша түрде Басқарма басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды хабарландыру;

лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

үшінші тұлғалардың мүдделерін ұсыну мен қорғаудан, яғни олардың атынан әрекет жасаудан тартыну;

басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды іске асырмау;

әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастардың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер мен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну;

мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу;

басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін тоқтату;

жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеу;

өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

қызметтік ақпаратты және басқа да мемлекеттік мүлікті қызметтік әрекетіне материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыздандыруды қызметтік емес мақсаттарға пайдалануға жол бермеу;

мемлекеттік қызметкердің құзыретіне кіретін шешім шығару кезінде ешқандай материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану, қызметтік міндеттерін алалықысыз және нарықы атқару, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

  • тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;

өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес функцияларды іске асыру;

қызметтік әдеп нормаларын сақтау;

бағынысты қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу деректерін болдырмау және жол бермеу;

мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы құқық қорғаушы органдарға (немесе) басшылыққа тез арада хабарлау.

5.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңының өзге талаптарын сақтау;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;

лауазымдық құзыреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолданбау.