ЖАҢАЛЫҚТАР

БІЗДІҢ САУАЛ

Откуда Вы узнали о нашем сайте?

TV - 33.3%
Radio - 0%
Пресса - 0%
Интернет - 66.7%
Другое - 0%

Құрметті Достар!

Директордың  мұражай қонақтарына арнау сөзі.

Біздің  халықтың  рухани, мәдени  және  экономикалық  дамуына баға жетпес үлес қосқан   қоғам және ел  қайраткерлері  Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай  Құнанбаев.   Қазақ халқын  білім мен өнерге шақырып, мәдениетті ел болып өркендеуге баға  жетпес  еңбек сіңірген қазақтың тұңғыш педагог ағартушысы   Ыбырай Алтынсарин.   Ағартушының мәдени-педагогикалық  мұрасы мен  жарқын идеялары  қазақтың   тәуелсіз, өркениетті ел болып қалыптасуына  негіз болды.  Бұл білімді ұрпақтың  шоғырланып өсуінің нәтижесі еді. « Біз  болмасақ  -   Сіз барсыз,Үміт еткен достарым, сіздерге бердім батамды ! » - деген ұлағатты ұстаз сөзінде қазақ елінің болашағы білімді, мәдениетті көп меңгерген азаматтың қолында екенің айтқан.  Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев жастардың жан-жақты қалыптасуы үшін барлық  мүмкіндіктерді іске қосып қамқорлық жасап жатыр.

1991 жылы Қостанай  облыстық  мемориалдық  мұражайы,  ұлы ағартушы- педагогтың туғанына  150 жыл толуына орай ашылып,  өз  жұмысын  Тәуелсіз Қазақстанмен бірге бастады. Бүгінгі  танда  оның  қорында 12 мыңнан  артық жәдігерлер, құжаттар, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің  өмірі  мен  қызметі туралы, өлкенің  ағарту саласының құрылуы  мен  даму  тарихы  туралы, облыстың көрнекті ағартушылары,  ғалымдары, мәдениет  қайраткерлері  туралы баяндайтын деректер  бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен  қабылданған   «Мәдени мұра» бағдарламасы,  мұражай қызметін жаңа  биіктерге  көтеру, тұрақты  шығармашылық  ізденістерге, инновациялық жобалар мен жаңа технологияларды  енгізудің  жүйелі жұмыстарына  мақсатты  түрде бағыттау болып табылады. Жас ұрпаққа  жақсы білім  беруде  бірлесіп  жұмыс жүргізу үшін, өз қонақтарымызды, барша жұртшылықты  әдебиет пен өнер шығармашылық  кештер мен кездесулерге, пікір алмасу мен ақиқат, әділдік сағаттарына шақырамыз.