«Бар қазаққа ана едің…»

15 қараша – Ыбырай Алтынсариннің аталас туысы, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанованың туған күні. Осыған орай, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде 15-қараша күні «Бар қазаққа ана едің» атты әдеби демонстрация өтті.

Іс-шараға Қостанай қаласы  білім бөлімінің Мәриям Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Мерекелік шарада М.Хакімжанованың өмірі мен шығармашылығы жайында бейне көрсетілім, таныстырылым түрінде ақпарат берілді. Мәриям Хакімжанованың ұрпақтарынан музей қызметкерлері алған сұхбаттар көрсетілді.

Сонымен қатар, оқушыларға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі қорындағы Мәриям Хакімжанованың жеке заттарынан құрастырылған экспозиция таныстырылды. Іс-шара соңында оқушылар М. Хакімжанованың өлеңдерін оқып, кешті ерекше әсерге бөледі.

Read more

«ДАЛАНЫҢ ТАЗА БҰЛАҒЫ» кітабының тұсаукесері

«ДАЛАНЫҢ ТАЗА БҰЛАҒЫ» кітабының тұсаукесері тау тұлғаның туған күні – 2 қарашада туған жерінде өткізілді. Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ы. Алтынсариннің туып өскен өлкесі мен қажырлық қызметі жайында оқырманға жаңаша сыр шертер туынды еліміздегі ірі баспалардың бірі «Алматыкітап» баспасынан ең танымал «Менің Қазақстаным» сериясы бойынша жарық көрді.
Кітап көп жылдық мұрағаттық, экспедициялық зерттеулер материалдарына негізделіп жазылып, 5000 данамен шықты. Экспедициялық топ Ыбырайдың ізімен Ресей және Қазақстан аумағындағы мұражайларды зерттеп, жеті мың шаршы шақырым жерді шарлап, көптеген құнды эксклюзивті фотосуреттер мен видео деректерге қол жеткізді. Бұлардың бәрі кітап бетінде оқырман назарына ұсынылып отыр. Сонымен қатар, кітап ішінде орналастырылған QR код көмегімен деректі фильм, сондай-ақ, аудио иллюстрация ретінде танысуға, Ы.Алтынсарин әлемімен кеңірек танысуға мүмкіндік берілген.
Екі тілде жарық көріп отырған кітаптың авторлары: Марғұлан Оспанов, Салтанат Өтелбаева. Кітапқа алғысөз жазған ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті Ақылбек Шаяхмет.  «Алматыкітап» ЖШС басшылығы ұлт пен ұрпақ жанашыры ретінде танылған тұлғаны жаңа қырынан тануға бағытталған бұл кітаптағы тың деректер мектеп бағдарламасына да енгізілетінін атап өтті.

Кітаптың таныстырылымына «Алматыкітап» баспасы көркем әдебиет бөлімінің бас редакторы  Альмира Сужикова, РФ Челябі облысы, Троицк қаласының өкілдері, ыбырайтанушы ғалымдар, ардагер ұстаздар, Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері, облыстық басқармалардың басшылары, мектеп директорлары, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Read more

Троицкіде тәлім алған зиялылар

Ыбырай  музейі Троицк өлкетану музейімен бірлесіп, «Троицкідегі оқыған қазақ зиялылары» атты халықаралық дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Екі музей арасындағы өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында өткізілген іс-шараға Троицк өлкетану музейінің директоры Е.Подгайко, экскурсия жүргізушісі  В.Шакенова, Челябі және Троицк қалаларынан «Жақсылық», «Арман», «Мұрагер» атты қазақ ұлттық-мәдени орталығының жетекшілері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына филология ғылымдарының докторы, Челябі мемлекеттік университетініңфилология кафедрасының профессоры М.Қадралинова, тарих ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің профессоры С.Самаркин, А.Байтұрсынұлы  атындағы  Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, ыбырайтанушы Қ.Жақып, Троицк өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі В.Шакенова Троицк қаласы және сонда оқыған қазақ зиялылары жайында тарихи деректі мәліметтермен бөлісті.

Іс-шара соңында  Троицк қаласынан келген қонақтарға Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақовтың алғыс хаты табыс етілді.

Read more

Онлайн-конференцияда ой бөлісті

2022 жылдың 27 қазанында Қостанай тарихи-өлкетану музейінде «Жалпы тарих беттері: Торғай-Қостанай-Орынбор» атты Халықаралық ғылыми онлайн-конференциясы өтті. Конференция жұмысына ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен магистранттары, мұражай, мұрағат мамандары, өлкетанушылар қатысты.  Халықаралық конференцияда Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің аға ғылыми қызметкері Р.З. Шалапова «Педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің ізімен» тақырыбында баяндама жасады.
Read more

Ыбырай жүрген ізбенен…

Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты тарихи-мәдени  маршруты ұйымдастырылды. Ы.Алтынсариннің қара шаңырағы саналатын  Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі және Тобыл қаласының Қостанай аудандық орталық кітапханасымен бірлесе атқарылған іс шара Ыбырай Алтынсариннің асыл мұрасын дәріптеуге арналды.
Бағыт барысы Ыбырай музейінен бастау алды. Философия ғылымдарының кандидаты, Ыбырай ізін жалғастырушы Жақып Қалқаман Хасенұлы сөз сөйлеп, жастарды Ыбырай атамыздай білімді, ұлтқа жанашыр болуға шақырды. Ал, Қостанай қаласының №29 мектебінің оқушылары Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы»  кітабындағы өлеңдерді нақышына келтіріп оқыды.
Жиналған қауым Ы.Алтынсарин ескерткішіне барып, тағзым етті.
Маршруттың соңы Ы.Алтынсарин кесенесіне барып тоқтады. Экскурсия жүргізіліп студенттер мен оқушыларға кесене жайында мол мәлімет берілді.
Read more

«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты әдеби-сазды кеш өтті

2022 жылдың 18 қазанында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Республика күніне орай «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты әдеби-сазды кеш өтті. 
Іс-шара мақсаты: жас ұрпаққа Республика күнінің мәні мен маңызын түсіндіру, тәуелсіздік пен егемендіктің баға жетпес бақыт екенін сезіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Кейін оқушыларға Республика күнінің шығу тарихы мен маңыздылығы жайында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.  №24 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларынан құралған топтар патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, арнайы шақырылған өнерпаздар халық күйлерін тартты.  
Read more