«Байтақ дала әуенінің тарихы» атты танымдық-музыкалық кеш өтті.

2023 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облыстық мемориалдық музейінде қазақтың ұлттық аспаптары жайында  «Байтақ дала әуенінің тарихы» атты танымдық-музыкалық кеш өтті.
Іс-шараның басында оқушылар қазақтың ұлттық аспаптарымен және музей қорындағы танымал тұлғалардың домбыраларымен танысты.  Кеште Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қобызшысы Тұрғын Аружан Ы.Дүкенұлының «Жез киік»,  жетігенші жас өнерпаз Назар Гүлбахар Тәттімбет Қазанғапұлының «Қосбасар», «Тауқұдырет» ансамблінің шәкірттері А.Райымбергеннің «Секіртпе» күйлерін тартып өз өнерлерін көрсетті.
 Іс-шара соңында қазақтың ұлттық аспаптары жайында интерактивті викторина  жүргізілді.
 
 
20 апреля 2023 года в Костанайском областном мемориальном музее Ыбырая Алтынсарина прошел познавательно-музыкальный вечер о казахских национальных инструментах «История казахской народной музыки».
В начале мероприятия учащиеся познакомились с казахскими национальными инструментами и домбрами известных личностей из фондов музея. На вечере кобызист Костанайской областной филармонии им.Е.Умирзакова  Тургын Аружан исполнила  кюй Ы.Дукенулы «Жез киік», юная исполнительница Назар Гульбахар сыграла на жетигене кюй Таттимбета Казангапулы «Қосбасар», ученики ансамбля «Тауқұдырет» исполнили  на домбре кюй А.Райымбергена «Секіртпе».
В конце мероприятия была проведена интерактивная викторина о казахских национальных инструментах.
Read more

Ы. Алтынсариннің хаттары бойынша саяхат-сабақ  өткізілді.

2023 жылдың 7 сәуір күні Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі  Қостанай қаласының №29 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушыларына Ы. Алтынсариннің хаттары бойынша «Асыл мұра» тақырыбында саяхат-сабақ  өткізді.
Негізгі мақсаты:  Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын  көрсететін  хаттарымен таныстыру.
Музей қызметкері қорда сақталған педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің орыс ғалымы, миссионер Н.И.Ильминскийге   жазған хатының көшірмесі туралы ақпарат берді. Cабақ викториналық ойындармен тәмәмдалды.
Read more

«Ұлы дала тарихы» халықаралық көрмесі

2023 жылдың 25 наурызында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық  музейі  Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Троицк қаласында Наурыз мерекесіне арналған «Ұлы дала тарихы» халықаралық көрмесін ұйымдастырды.

Наурыз мейрамын тойлау «Троицк – 280» қаланың мерейтойына арналды. Ұйымдастырушылар Троицк қаласының «Арман», «Мұрагер» қазақ мәдени орталықтары, қала әкімшілігі мен муниципалдық ауданы болды.

Алты қанатты киіз үйге қойылған көрме музей қорынан алынған қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін бұйымдар мен ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар қойылып, экскурсия жүргізілді.

Троицк қаласының қонақтары мен тұрғындары көрмедегі көне заттар: ағаш ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ түрлерін, ұлттық киімдерді тамашалады.

Қостанайлық қолөнер шебері Еркөкше Кенкенов жасаған сақ жауынгері «Алтын адам» киіз үйдің сәніне айналып, көрме мазмұнын аша түсті.

Сондай-ақ, мерекелік сахнада музей қызметкерлері қазақтың «Бесікке салу», «Тұсаукесер» рәсімдерін көрсетіп, қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің тәрбиелік мәнін маңыздылығын айтып өтті. Мерекенің атмосферасы шынайы да жағымды болды. Келушілер өз сауалдарына жауаптарын алып, естелік фотоға түсіп, жақсы әсермен алғыстарын білдірді.
Read more

«Орыс халқының тұрмысы мен салт-дәстүрлері» атты мерекелік іс-шара

2023 жылдың 20 наурызда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде  Қостанай облысында орыс қауымының құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Орыс халқының тұрмысы мен салт-дәстүрлері» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекеде «Костанайские зори» халық хоры баяншы Николай Берлимовтың сүйемелдеуімен «Яблоневый вечер», «Ах судьба», «Гармошечка» әндерін орындады.
«Зарянка»  балалар театрының ұжымы «Вологодская тапатуха» биін биледі.
Іс-шарада  «Жұлдыз» студиясының жас әншісі  Бурда Матвей «Көзімнің қарасы»  және «Япурай» әндерін нақышына келтіріп орындады.
Read more

«Шебер қол, зерек ой» 

2023 жылдың 13 наурызында Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде Торғай қолөнер училищесінің 140 жылдығына арналған «Шебер қол, зерек ой»  атты іс-шарада Қостанайлық қолөнер шебері Кенкенов Еркөкше Еркебұланұлымен кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында Еркөкше Еркебұланұлының ұлттық нақышта ағаштан және күмістен жасалған заттарынан көрме ұйымдастырылды.
Кеш басында Ы.Алтынсарин атындағымамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының «Дарын» ансамбльі Қазанғаптың «Шыныаяқ» күйін орындады. Қостанай қаласы № 115 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Бақытбек Дінасыл және Қабжәлел Жанәли күй тартып, ән салды.
Кешке келген қонақтар мен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында көрермендер көрме тамашалады.
Read more

Алғыс айту – асыл қасиет

Көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнінде Қостанай облыстық мемориалдық музейі «Алғыс айту – асыл қасиет» атты мерекелік іс–шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара Қостанай қаласының № 22 орта мектебінде және Ы.Алтынсарин музей қабырғасында өтті.                                                                
Музейде өткен мерекелік бағдарлама барысында оқушылар мерекенің тарихымен танысып, төтенше жағдайларда адамдардың өмірін сақтап қалған еліміздің батырлары Сәбит Шоңтақбаев, Асқар Забикулиннің ерлік істерімен танысып, естелік және әсерлі бейнені тамашалады.

Алғыс айту күнінде «Жұлдыз» студиясының шәкірттері «Сәлем саған, туған ел!», Ілияс Саяраның «Әдемі қыз», Бурда Матвейдің «Япурай» халық әндерін орындады. Қостанай қаласының академиялық лицей мектебінің оқушысы Аққозов Таймас Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқыды.

№ 22 мектептің «Terra» хореографиялық ұжымы қазақ биін биледі. Ал 5 сынып оқушысы Жақсыбаева Аружан «Қазақстан» әнін және Бойко Кира «Ажырамас достар» әнін орындады. Ізгілік пен достық мерекесінде қатысушыларға алғыс сөздер жазылған жүрекшелер табыс етілді.
Read more