«Ыбырай шетел ғалымдарының зерттеуінде…»





Көрермен назарына музей қорында сақталған Бейімбет Майлинге қатысты экспонаттар мен фотосуретер және құжат көшірмелері, шығармалары ұсынылды.
15 қараша – Ыбырай Алтынсариннің аталас туысы, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанованың туған күні. Осыған орай, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде 15-қараша күні «Бар қазаққа ана едің» атты әдеби демонстрация өтті.
Сонымен қатар, оқушыларға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі қорындағы Мәриям Хакімжанованың жеке заттарынан құрастырылған экспозиция таныстырылды. Іс-шара соңында оқушылар М. Хакімжанованың өлеңдерін оқып, кешті ерекше әсерге бөледі.
Кітаптың таныстырылымына «Алматыкітап» баспасы көркем әдебиет бөлімінің бас редакторы Альмира Сужикова, РФ Челябі облысы, Троицк қаласының өкілдері, ыбырайтанушы ғалымдар, ардагер ұстаздар, Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері, облыстық басқармалардың басшылары, мектеп директорлары, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына филология ғылымдарының докторы, Челябі мемлекеттік университетініңфилология кафедрасының профессоры М.Қадралинова, тарих ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің профессоры С.Самаркин, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, ыбырайтанушы Қ.Жақып, Троицк өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі В.Шакенова Троицк қаласы және сонда оқыған қазақ зиялылары жайында тарихи деректі мәліметтермен бөлісті.
Іс-шара соңында Троицк қаласынан келген қонақтарға Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақовтың алғыс хаты табыс етілді.