Ы.Алтынсарин музейі еріктілерді жәдігер жинауға жұмылдырмақ
2020 жыл – еріктілер жылы. Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі еріктілер ұйымындағы жастармен бірлесе отырып, «Туған жер» жобасы аясында Қостанай облысы бойынша «Ұлы Дала Ұстазы» ғылыми экспедициясын өткізуді қолға алып отыр.