Ұрпақ мұрасында — Ыбырай хаттары

2023 жылдың 19 қаңтар  күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №22 негізгі орта мектебі» ММ Ы. Алтынсариннің хаттары бойынша «Ы. Алтынсариннің эпистолярлық мұрасы»  тақырыбында саяхат–сабақ  өткізді. Мақсат мәйегі, Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын  көрсететін  хаттарымен таныстыру.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығында оның эпистолярлық мұрасы ерекше орын алады. Іс-шара электрондық таныстырылыммен басталып, Ы.Алтынсариннің хаттарын оқумен жалғасты.  Іс-шара соңында оқушыларға Ы. Алтынсариннің болашақтан өткенге шағын шығармашылық хат жазу тапсырмасы берілді. Оқушылардың хаттары қысқа да нұсқа, әрі өте әсерлі болды.
Read more

Дәріс сабағы Ыбырайға арналды

Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері 2023 жылдың 13 қаңтары мен 20 қаңтар аралығында Қостанай қаласының Ғафу Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін, сондай-ақ Қостанай қаласының қалалық прокуратурасының және «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС қызметкерлері үшін, «Ы.Алтынсарин педагог – ағартушы» атты дәрістер топтамасын өткізді.

Дәріс тыңдаушылары Ы. Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, 2D форматындағы «Ы.Алтынсарин» фильмі ұсынылды. Дәріс танымдық, мазмұндық деңгейде және қызықты өтті.

Read more

Тәуелсіздік батырлары мәңгі жүрегімізде

2022 жылдың 14-желтоқсанында Ы.Алтынсаринның мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен 16-желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай Қостанай қаласындағы №115 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесу өтті.

Тағылымды кездесуге желтоқсан оқиғасының куәгері белгілі суретші, мүсінші Мұхамедқали Рахалиев шақырылды. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы орын алған тұста Мұхамедқали Тоқтарбайұлы Алматы қаласындағы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген студент болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек дегені белгілі.
Кездесу ең алдымен желтоқсан көтерілісінде құрбан болған батырларды беске алумен басталды.
Мұхамедқали Рахалиев жас өрендерге егемендіктен құнды дүние жоқ екендігін, болашақ өздерінің қолында деген сынды ақыл-кеңесін парасат, пайыммен жеткізе белді.Өйткені, егемендікке жету жолда қаншама боздақтардың жан қиғандығы бәрімізге мәлім.
Read more

Балғожа биге арналған тұңғыш іс-шара

Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа Жаңбыршыұлының туғанына 220 жыл толуына арналған тарихи-танымдық кеш «Балғожа бидің биігі» деп аталды.

Тағылымдық жиынға қатысқан ыбырайтанушы, ахметтанушы ғалымдар Серікбай Оспанұлы, Қалқаман Жақып, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісі, PhD доктор Рауан Байдалы Балғожаның тарихи  келбетін, әдеби әлпетін ашқан архив деректеріне сүйеніп, тың мағлұматтармен таныстырды. Балғожаның бейнесін салған, алғашқы жобалық портреттің авторы, белгілі суретші Мұхамедқали Рахалиев, Жаңбыршының ұрпағы 86 жастағы қария Төлеутай Құрманұлы сөз сөйлеп, Балғожа би жайында әңгіме өрбітті.  Жақында белгілі болған Балғожа бидің немересі Ыбырайға жазған тағы бір өлеңін Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 5 сынып оқушысы Нұрсая Сәндібек жатқа оқыды. Осы мектептің 10 сынып оқушылары Едіресов Бекарыс пен Әміров Арман Балқожа би Жаңбыршыұлы мен Кенесарының сахналық бейнесін сомдап, көрініс көрсетті.
Осы күнге дейін Балғожаның қайтқан жылы белгілі болғанмен, туған жылы еш жерде жазылмай, фотосуреті де белгісіз  болып келді. Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде атқарылған кейінгі зерттеу еңбектері осы олқылықтың орнын толтырып, тұлғаның туған жылын белгілеп, суретін анықтауға зор мүмкіндік берді.
Read more

Журналистермен жүйелі әңгіме

Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Қазіргі қазақ журналистикасы» тақырыбында журналистер мен болашақ сала мамандары бас қосқан журфикс өтті.
        Қазақ баспасөзі жайында сөз қозғасақ,  оның басында тұрған Ыбырай Алтынсарин екенін білеміз. Ұлттық газет шығаруды ойлап ең алғаш 1879 жылы «Қазақ» атауымен газет шығаруды ойластырып, макетін, 4 беттен тұрады деп барлығын жасап даярлаған болатын. Ұлты үшін ана тілінде газет шығаруды ойлаған Ыбырай арманын кейін А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары жүзеге асырды.
Музейлік журфикске қазіргі таңда газет пен телеарна саласында қызмет істеп жүрген білікті журналистер шақырылды. Қазақстан Ұлттық арнасының Қостанай облысы бойынша тілшісі Дәуренбек Әбдібек «Хабар дайындау кезеңдері», Хабар Агенттілігің Қостанай облысы бойынша тілшісі Мағауия Қалиев «Авторлық бағдарлама әзірлеу», Облыстық «Қостанай таңы» газетінің аға-редакторы Айбек Ибраев «Мәтін жазу мәнері», «Қостанай» телеарнасының басшысы Ербол, Ипбергенов «Дикторға қойылатын талаптар», Астана телеарнасының Қостанай облысы бойынша тілшісі Заңғар Санай «Фейк ақпаратпен күрес. Фактчекинг жасау тәсілдері» тақырыптары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Ең алғаш аудиториямен байланыс орнап, тәжірибе түрінде студенттер үлкен экран арқылы журналистикаға қатысты сұрақтарға жауап беріп, мақалаға тақырып қойып, диктор болып жаңалық жүргізіп көрді.

Мерзімді баспасөзде зор еңбек сіңіріп, қазақ телевизиясында өзіндік стилін қалыптастырған журналистердің бөліскен тәжірибесі қатысушыларға шын мәнінде үлкен олжа болды.
Жаңа форматта өткен музейлік журфик қатысушылардың қызығушылығын арттырып қызықты да тартымды өтті.
Read more

Ән биігіндегі Әбілахат

2022 жылдың 25 қараша күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Тобыл толқыны»атты белгілі композитор Әбілахат Еспаевтыңтуған күніне арналғантанымдық-сазды кеш өтті. Кештің басында Әбілахат Еспаевтың өмірбаяны жайында деректі фильм көрсетіліп, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының «Музыка білім» оқу бағдарламасының студенттік хоры Әбілахат Еспаевтің әніне жазылған  «Ұстазым менің,  ұстазым» әнің шырқап берді.
Кештің барысында «Композиторлар Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жарқынбек Деріпсалдин, «Композиторлар Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, өңіріміздің сазгері Бақытжан Мукашев, ҚР Білім беру ісінің үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өнірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, мәдениет үздігі Салтанат Жақаева сөз сөйледі.
Кеш соңы  Ә.Еспаевтің әніне жазылған «Жайық қызы» атты әнімен тәмәмдалды.
Read more