ҚР Ұлттық музейіндегі республикалық семинар



Пікірсайыс барысындағы негізгі мәселе «Тіл мәртебесі өз дәрежесінде ме?» деген сауалдың аясында өрбіген еді. Екі топ арасындағы спикерлер де ой таластырып, өз тұжырымдарын талқылады.
Нәтижесінде екі топқа бөлініп, биік мақсаттарын шыңдауға ұмтылған жастардың тілегі де, ниеті де бір болды.
«Алматыкітап» баспасының 2023 жылдың 25 қаңтары мен 06 ақпан аралығында TopІQ республикалық онкүндігі негізінде Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде Халықаралық байқауда «Жылдың үздік кітабы» атанған «Даланың таза бұлағы» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті.
Кездесу кешке кітап авторлары М.Оспанов, С.Өтелбаевамен сұхбат жүргізіліп, қатысушылар ағартушының өмірі мен қызметі жайында көкейдегі сауалдарын қойып, қызықты тарихи деректермен танысты.
Кешке арнайы келген «Алматы кітап» баспасының қызметкері Гүлнұр Серікқызы «TopIQ.kz» білім беру платформасына енгізілген «Даланың таза бұлағы» кітабының электрондық нұсқасымен таныстырды.
Қостанай қаласы Ы.Алтынсарин мемориалдық музейімен жасалған меморандум негізінде Қарағанды қаласының білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде өткен рухани жиында Ы.Алтынсарин атындағы мектептер Альянсы, Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағандының зиялы қауым өкілдері қатысты. Көрмедегі құндылықтар мен тарихи деректерден тәлім алған көрермендер түрлі сауалдарына жауап алды. Көшпелі көрменің мақсаты да ұлт ұстазы Ыбырайдың жолын тереңірек таныстыру еді.
Ойынға Қостанай қаласының № 15 жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Интеллектуалды ойын алдында оқушыларға Ыбырай музейінде экскурсия жүргізілді. Экскурсиядан соң, оқушылар алған мағлұмат, деректері бойынша сайысқа түсті.
Іс-шара барысында шәкірттер «Қазақстан тарихы» пәнінен білімдерін шыңдап, Ыбырай және өзге де тарихи тұлғалармен жақынырақ танысты.
Қызықты ойын форматындағы өткізілген іс-шара оқушылардың Қазақстан тарихы мен Ыбырай Алтынсарин тағылымына деген қызығушылықтарын арттырғаны сөзсіз.