«Тұлғасы биік азамат!» көрмесі




Кеш соңы І.Омаровтың 110 жылдығына арналған көрмені тамашалаумен түйінделді.

Кеш соңы І.Омаровтың 110 жылдығына арналған көрмені тамашалаумен түйінделді.
2022 жылдың 23-қыркүйек күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Еңбек күніне арналған «Еңбек түбі – береке» атты өлкелік қолөнершілермен кездесу кеші өтті.
Ұйымдастырылған шараға суретші, мүсінші, қолөнер шебері Мұхаммедқали Рахалиев, тігіншілер Алқагүл Мауданова, Айнұр Санай, қолөнер шебері Айгүл Неғметжанова қатысты.
Қолөнершілер өздері жасаған бұйымдарын жиналған қауымға көрсетіп, өнерлерімен бөлісті. Кеш барысында «Жұлдыз» студиясының шәкірті Бурда Матвей ән шырқаса, «Айсұлтан» өнер орталығының домбырашылары Құрманғазының «Адай» күйін тартып берді.
Кеш соңы Айнұр Санайдың әнімен аяқталды.
2022 жылдың 20-қыркүйегі күні Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде Халықаралық отбасы күніне орай «Менің отбасым-менің мақтанышым» тақырыбында жыршы-термеші Алпысов Нағашыбайдың отбасымен кездесу өтті.
Кеш барысында Нағашыбай Алпысов пен жары Күләш апа тақырып аясында отбасы құндылықтары жайында жиналған жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Тобыл-Торғай өңіріне өнерімен танылған Нағашыбай ағаның жыршылық-термешілік қабілеті де кеңінен насихатталды. Жиналғандарға домбырамен «Топжарған» поэмасынан үзінді жырлап берді. Одан бөлек жарыққа шығарған көптеген туындылары кеш барысында орындалды.
Сондай-ақ, Нағашыбай Алпысовтың балалары Абзал, Серік, Әбдірахман Алпысовтар әке ізін жалғастырып жыршылық және дәстүрлі өнердің дамуына үлес қосып жүрген өнердегі өрендер. Кеш барысында олар да терме орындап, авторлық әндерін айтып берді. Отбасы күніне орай Алпысовтар әулеті арнайы таңдалып алынды. Өйткені, қай жағынан алып қарасақ та ата тағылымы дарыған, әке өнегесі бойларына сіңген, ана тәлімін алған, саф өнердің саңлақтары екені баршасына мәлім.
2022 жылдың 17-ші қыркүйегінде Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың леуреаты Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толды.
Мерейтойға орай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Сыршылдық пен суреткерлік Сырбайы!» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Кеш соңы Қостанай қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №24 мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен Сыр-ағаның өлеңдерін мәнерлеп оқумен түйінделді.