«Орыс халқының тұрмысы мен салт-дәстүрлері» атты мерекелік іс-шара

2023 жылдың 20 наурызда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде  Қостанай облысында орыс қауымының құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Орыс халқының тұрмысы мен салт-дәстүрлері» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекеде «Костанайские зори» халық хоры баяншы Николай Берлимовтың сүйемелдеуімен «Яблоневый вечер», «Ах судьба», «Гармошечка» әндерін орындады.
«Зарянка»  балалар театрының ұжымы «Вологодская тапатуха» биін биледі.
Іс-шарада  «Жұлдыз» студиясының жас әншісі  Бурда Матвей «Көзімнің қарасы»  және «Япурай» әндерін нақышына келтіріп орындады.
Read more

«Шебер қол, зерек ой» 

2023 жылдың 13 наурызында Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде Торғай қолөнер училищесінің 140 жылдығына арналған «Шебер қол, зерек ой»  атты іс-шарада Қостанайлық қолөнер шебері Кенкенов Еркөкше Еркебұланұлымен кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында Еркөкше Еркебұланұлының ұлттық нақышта ағаштан және күмістен жасалған заттарынан көрме ұйымдастырылды.
Кеш басында Ы.Алтынсарин атындағымамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының «Дарын» ансамбльі Қазанғаптың «Шыныаяқ» күйін орындады. Қостанай қаласы № 115 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Бақытбек Дінасыл және Қабжәлел Жанәли күй тартып, ән салды.
Кешке келген қонақтар мен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында көрермендер көрме тамашалады.
Read more

Алғыс айту – асыл қасиет

Көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнінде Қостанай облыстық мемориалдық музейі «Алғыс айту – асыл қасиет» атты мерекелік іс–шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара Қостанай қаласының № 22 орта мектебінде және Ы.Алтынсарин музей қабырғасында өтті.                                                                
Музейде өткен мерекелік бағдарлама барысында оқушылар мерекенің тарихымен танысып, төтенше жағдайларда адамдардың өмірін сақтап қалған еліміздің батырлары Сәбит Шоңтақбаев, Асқар Забикулиннің ерлік істерімен танысып, естелік және әсерлі бейнені тамашалады.

Алғыс айту күнінде «Жұлдыз» студиясының шәкірттері «Сәлем саған, туған ел!», Ілияс Саяраның «Әдемі қыз», Бурда Матвейдің «Япурай» халық әндерін орындады. Қостанай қаласының академиялық лицей мектебінің оқушысы Аққозов Таймас Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқыды.

№ 22 мектептің «Terra» хореографиялық ұжымы қазақ биін биледі. Ал 5 сынып оқушысы Жақсыбаева Аружан «Қазақстан» әнін және Бойко Кира «Ажырамас достар» әнін орындады. Ізгілік пен достық мерекесінде қатысушыларға алғыс сөздер жазылған жүрекшелер табыс етілді.
Read more

«Әлем және Ы.Алтынсарин» тақырыбында танымдық сағат өтті

2023 жылдың 23 ақпан күні музейде «Әлем және Ы.Алтынсарин» тақырыбында танымдық сағат өтті. Оған Қостанай қаласының №17 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Танымдық шарада Ыбырайды зерттеген шетел ғалымдарының еңбектері жайында айтылып, музейдің тарихы жайында мағлұмат беріліп, экскурсия жүргізілді. 
Тағылымды кездесу барысында  музейдің тілек кітабына жазылған  шетел қонақтарының жылы лебіздері де оқылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға интеллектуалды ойын өткізіліп, танымдық сағат қорытындыланды.
Read more

Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

2023 жылдың 16 ақпанында Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Ыбырайтану»  жобасы аясында Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің желісі бойынша танымдық сабағы өткізілді.
Сабақ барысында ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен педагогикалық шығармашылығы жайлы фильмді және «Әке мен бала» әңгімесін экраннан тамашалады. Жас буындарға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі жайында мағлұмат беріліп, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 5 сынып оқушылары «Әке мен бала» әңгімесінен көрініс көрсетті.

Сабақ соңында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты интеллектуалды ойын өткізіліп, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.

Read more

ҚР Ұлттық музейіндегі республикалық семинар

2023 жылдың 16 ақпанында ҚР Ұлттық музейінде алғаш рет Халықаралық музейлер күнін атап өтуге арналған республикалық семинар өтті. Аталмыш семинарға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінің қызметкерлері Ж.Қ. Әлім мен Г.С.Катай қатысты.
Республикалық семинар Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы А.Ж. Сыдықовтың алғы сөзімен басталды. Семинарда “Музей түні” акциясы: отандық және шетелдік музейлер тәжірибесі” тақырыбында ҚР Ұлттық музейі Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығының біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Қ.С. Адельчанов пен кіші  ғылыми қызметкері Л.С. Нуркеева баяндама жасады. Сонымен қатар, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің музей педагогикасы және жобалау қызметі бөлімінің меңгерушісі Г.Қ. Жұбаниязова “Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің “Музей түні” акциясы өткізу тәжірибесі”,  Невзоровтар отбасы атындағы Бейнелеу өнері музейінің ғылыми-методикалық және көрме жұмысы жөніндегі директор орынбасары Г.Қ. Бүркітова “Ночь в музее имени семьи Невзоровых” тақырыптарында баяндама жасады.
Read more