Басшылық

«Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ директоры Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов – 1986 жылы 02 мамырда Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Шилі ауылында дүниеге келді. 2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірді. Мамандығы журналист.

Read more

Музей қызметі

Мемориалдық мұражайдың негізгі бағыты – ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу.

 

Білім беру қызметі

Мұражайдың негізгі бағыттарының бірі ғылыми-ағарту жұмысы болып табылады. Ол қор жәдігерлерінің негізінде құрылған экспозиция, тұрақты және уақытша көрмелер, сонымен қатар дәрістер, сұхбаттар және жұмыстың басқа түрлері.

Экспозициялық залда «Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы», «ҚР халық жазушысы М.Хакімжанованың шығармашылық зертханасы» атты көрмелер қойылған. Осы экспозиция бойынша жоғары және орта, кіші сынып оқушыларына арналған әр түрлі  шолулар және тақырыптық экскурсиялар өңделген. Тақырыптық экскурсияларда мұсылман оқуы, ағартушының балалық шағы мен оқуы, Ы.Алтынсарин құрастырған мектеп жүйесі, оның педагогикалық, әдеби және қоғамдық қызметі туралы айтылады.

«Киіз үй қонақжайында» атты уақытша көрмеде қазақ халқының мәдениет мен тұрмысы, дәстүрі мен шаруашылығы туралы дәрістер сериясы оқылады. Бұнда тақырыптық және шолыма экскурсиялар жүргізіледі. Көрме әрбір жәдігер туралы нақты және айқын айтуға көмегін тигізеді. Осы бағытта «Қазақ халқының тұрмыстық заттары», «Қазақ халқының киіз үйі», «Әшекейлік бұйымдар», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген жаңа тақырыптар дайындалды. «Біз таңдаған жол» көрменің жобасы облыстағы жоғары оқу орындары, колледждерінің пайда болу мен даму тарихын, осы оқу орындары студенттерінің бос уақыты мен оқу барысын бейнелейді. Осы көрмелер мектеп түлектері үшін үлкен қызығушылық тудырып, қандай мамандық таңдаудағы шешімдеріне көмектесті.

Поэзия әлеміне, сұлулық пен даналыққа деген сүйіспеншілік студенттердің Қостанай облысы ақындарымен поэтикалық кездесуінен айқын көрінеді. «Шашу» поэтикалық қонақжайда белгілі ақындар, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері А.Шаяхмет, Ж.Баязит, С.Оспанов, Н.Мұкатов жас ақындар мен студенттер үшін шеберлік сыныбын өткізеді.

Балаларды басқа халықтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында облыстық Қазақстан халықтар ассамблеясымен құрылған «Туған жердің қайнар бұлағында» жобасын жасауға шақырды. «Жексенбілік мектептерден келісім мен бейбітшілікке» атты тұрақты көрмеде туған тілін үйренуге арналған жексенбілік мектептердің оқу материалдары қойылды, ал саяхат сабағы балаларды ұлттық мәдениетке және басқа халықардың мәдениеті мен тұрмысын білуге үйретті.

Мұражай жас өспірімдердің салауатты өмір салты үшін жұмыс істеуге тұрақты ізденіс үстінде және «СӨС» орталығы мен басқа ұйымдарды тарту бойынша «Қазақстан балаларының болашағы үшін» көрмесі негізінде мұражайлық-насихаттау акциясын жүргізеді. Жыл сайын қазан айында облыстық спорт және денешынықтыру комитеті мұражаймен бірлесіп, Ыбырай Алтынсаринді еске алуға жеңілатлетикалық жүгіріс ұйымдастырады. Калейдоскоптағы «Балалық шақтағы ойындар» атты интерактивтік ісшаралар балалардың қызығушылығын тудырады, онда «арқан тарту», «асықтар» ойнайды және ержелерімен танысады, ал ең динамикалық ойын «Денсаулық әлемінде» эстафетасы болып табылады.

Әрдайым өзгеріп тұратын «Балалар қолөнерінің ғажайыбы» деген жылжымалы экспозиция балаларға әсем көрініспен табыстыратын қуаныш сыйлайды, олардың эстетикалық ой-өрісін дамытады және өнерге деген құлшынысын арттырады, онда әртүрлі материалдардан және әртүрлі техникада орындалған облыстық мәдени-спорттық орталығы, көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстары қойылған.

Ғылыми-зерттеу қызметі

«Ы.Алтынсариннің ғылыми, әдеби және қоғамдық қызметі», «Ы.Алтынсарин және қазақтың ағартушылары, әлемдік және орыс мәдениеті мен педагогика қайраткерлері», «Ы. Алтынсарин мектеп жүйесін жаратушы », «Алтынсарин халық жадында» — деген тақырыптары бойынша ақпарат жинау.

Өлкедегі білім берудің қазіргі жағдайы мен тарихы туралы ақпараттар жинау, талдау, жүйелеу.

Ішкі мұражайлық қызметті автоматтандыру, мұражай қорың электрондық тізбеге енгізу, «Музеолог» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу.

Read more

Біздің қызметтер

Дәріс тақырыптары

1. Алтынсарин – орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы.

2. Алтынсарин – жазушы, ақын, аудармашы.

3. Бейімбет Майлиннің өмірі мен қызметі.

4. Шоқан Уәлиханов – Шығыстың жарық жұлдызы.

5. Ұмытылған түнек (Шәкәрім Құдайбердиев).

6. Ахмет Байтұрсынов – қазақтың көрнекті ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері.

7. Спандияр Көбеевтің өмірі мен педагогикалық қызметі.

8. Ғафу Қайырбеков – Дала өлкесінің ақыны.

9. XVII-XIX ғ.ғ. қазақ жерінің ұлы адамдары (Абылай – хан, Кенесары хан).

10. Ғасырлар тереңіндегі даналық (қазақ халқының билері туралы).

11. Елубай Өмірзақов – көрнекті сахна шебері.

12. Тарихтың жарқын бейнесі (ҚР Конституциясы туралы).

13. Шарықтай бер, бостандық қыраны (мемлекеттік рәміздер туралы).

14. Аңызға айналған наурыз – мейрамы.

15. Қазақтың ұлттық өрнектері.

16. Қазақ халқының тұрмыстық заттары.

17. Қазақтың ұлттық киіз үйі.

18. Қазақтың ұлттық әшекейлері.

19. Қазақ халқының әдет – ғұрыптары.

 

Көпшілік іс – шаралар

1. «Шашу» қонақжайы — өлкенің белгілі ақын-жазушыларымен кездесу.

2. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» — алтынсарин беттері.

3. «Алтынсарин халық есінде» — еске алу кеші.

4. «Қырағылықтың қайнар көзімен» — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған ауысша жорнал.

5. «Шаңырақ» — Білім Күніне арналған брейн – ринг.

6. «Туған жерде» — облыста тұратын халықтың мәдениеті туралы саяхат сабақтарының циклі.

7. Мемлекеттік мерекелерге арналған іс – шаралар.

 

Тұрақты экспозиция бойынша шолу экскурсиялары

1. Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы.

2. ҚР халық ақыны М.Хакімжанованың шығармашылық зертханасы.

 

Тұрақты экспозиция бойынша тақырыптық экскурсиялары

1. Қазақстандағы мұсылман оқуы.

2. Ы.Алтынсаринның алғашқы өмір жолы мен педагогикалық қызметі.

3. Ы.Алтынсарин — өлкедегі мектеп жүйесін құрушы.

4. Ы.Алтынсаринның ғылыми, әдеби, және қоғамдық қызметі.

5. Ы.Алтынсаринның отбасы және өмірінің соңғы жылдары.

6. Ы.Алтынсарин халық есінде.

7. Алтынсарин мектептерінің түлектері.

8. Жексенбілік мектептерден бейбітшілік пен бірлікке.

 

Музейдегі тұрақты көрмелер

1. Ыбырай Алтынсарин – педагог-ағартушы.

2. Шежіреге айналған жандар (өлкемізге белгілі жерлестеріміз туралы).

3. ҚР халық ақыны М.Хакімжанованың шығармашылық зертханасы.

4. Жексенбілік мектептерден бейбітшілік пен бірлікке.

 

Жылжымалы көрмелер

1. Ы.Алтынсарин – орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы.

2. Ақынның жұлдызды даңқы (ҚР халық ақыны М.Хакімжанованың өмірі мен шығармашылығы).

3. Серәлі Қожамқұлов – қазақ мәдениетінің мақтанышы.

4. Ільяс Омаров – көрнекті мәдениет қайраткері.

5. Қазақ халқының тұрмыстық заттары.

6. Ғафу Қайырбековтың дала қоңырауы (ҚР халық жазушысы).

7. Спандияр Көбеевтің өмірі мен қызметі.

8. Елубай Өмірзақов – көрнекті сахна шебері.

9. Орны толмас жан еді (ҚР еңбек сіңірген кітапханашысы Н.Қ.Дәулетованың өмірі мен қызметі).

10. Отты жырым, найзағадай жарқылда (қостанайлық ақын А.Шаяхмет туралы).

11. Тарих зердесі (тарих ғылымының докторы, академик М.Қозыбаев туралы).

12. «Үлгілі ұстаз» (ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Ахметқазы Шотаев туралы).

 

Педагогикалық бағыттағы ардагерлер, ғылым және мәдениет, ағарту қызметкерлеріне арналған дербес және мерейтойлық көрмелер

Аудандардың кітапханасында, мектептерде, қала колледждері, мектептерінде жылжымалы көрмелер ұйымдастыру

Талапкерлерге арналған жоғары оқу орындары, колледждерімен бірлесіп жасалған кәсіби бағыттағы көрмелер

Мұражай экспозициясы және көрмелері бойынша тақырыптық, шолыма экскурсиялар өткізу

Жоғары оқу орындары, мекемелер, әскери бөлімдер және тағы басқа орындарда жылжымалы дәрістер ұйымдастыру

Қажетті құжаттарды дайындау және әртүрлі санаттағы елді мекендер үшін өлкедегі халық ағарту саласының тарихы бойынша кеңес беру

Корпоративтік іс-шаралар: тұсау кесер, еске алу кештері, шығармашылық кездесулер

Студенттер, жас ақындар үшін шеберлік сыныбы, «Шашу» ақындық қонақжайы

Мектептерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмыс істейтін мұражайлық білім ордасына жан-жақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету

Мұражай тынысының маңызды оқиғалары туралы БАҚ арқылы көрсетілетін ақпарат: кең көлемдегі жұртшылықты нақты қызықтыратын қор материалдарының түсімі, жаңа экспозиция және көрмелер ашылу

Наурыз мейрамына арналған интерактивтік іс-шаралар

Қосымша білім мекемелерімен декоративтік-қолданбалы өнер және көркемсурет көрмелері

Read more

Музей тарихы

1991 жылы қазақтың көрнекті педагог-ағартушысының туғанына 150 жыл толу құрметіне Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсаринның мемориалдық мұражайы ашылды.

Read more

Музей туралы ақпарат

Ғимарат екі бөлімнен тұрады. Біріншісі — Мемориялды бөлме мен әкімшілік кабинеттері орналасқан бірқабатты ғимарат — Ыбрай Алтынсарина мектебінің көшірмесі. Ғимарат екінші бөлігі киіз үй түрінде жасалған және 2 қабаттан тұрады.

Read more
  • 1
  • 2