

2023 жылдың 15 қараша күні Бейімбет Майлин мен Мариям Хәкімжанованың туған күндеріне орай, Ыбырай музейінде «Бейімбет және Мариям» тақырыбында танымдық сабақ өтті.


Танымдық сабақ үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде видео, презентация түрінде Мариям Хәкімжанова мен Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, 15 қараша Кеңес одағының батыры, ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің де туған күні болуына байланысты оқушыларға Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, Көкшетаудағы батыр музейіне онлайн саяхат жүргізілді.


Танымдық сабақ интеллектуалдық ойынмен түйінделді.

