«Орынбор қаласындағы Ы.Алтынсариннің өмірі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
2023 жылдың 2 қараша күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде Ы.Алтынсариннің туған күніне арналған «Орынбор қаласындағы Ы.Алтынсариннің өмірі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.Іс-шара мақсаты: жаңа тарихи фактілерді ашу, Орынбор қаласындағы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметімен жақынырақ танысу.Дөңгелек үстелге ыбырайтанушылар, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары, магистранттар, музей қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде алғашқы болып тарих ғылымдарының кандидаты, Орынбор мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Татьяна Тугай сөз сөйледі.Сонымен қатар, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің профессоры Қалқаман Жақып, тарих ғылымдарының кандидаты Эльмира Наурызбаева, филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің профессоры, Серікбай Оспанов, Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Роза Шалапова, Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы Аяулым Шайсұлтанова баяндама жасап, тақырыпты тарихи деректермен, архив құжаттарымен жан-жақты ашты.