«Алтынсарин дәуірі және қазіргі заман» атты жас қылқалам шеберлерінің суреттер байқауы өткізілді.
2023 жылғы 28 қазанда Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Алтынсарин дәуірі және қазіргі заман» атты жас қылқалам шеберлерінің суреттер байқауы өткізілді. Оған “Қостанай қаласы білім бөлімінің А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің”оқушылары қатысты.Іс-шара басында музейдің құрылу тарихы, оның көркемдік безендірілуі, қоғамды мәдени байытудағы суретшілер мен мүсіншілердің рөлі жайында айтылды.Содан кейін байқаудың қазылар алқасы — музейдің ғылыми қызметкері Р.З.Шалапова мен суретші М.Т.Рахалиев балаларға алғыс хаттар мен грамоталар, сондай-ақ, байқаудың үш номинациясы: «Креативтілік», «Ұлттық өзгешелік» және «Үздік жұмыс» бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.