2023 жылдың 18 қазанында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі «Алтынсарин айналасындағы адамдар» жобасының аясында қазақтың көрнекті тұлғалары Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл Мұхамеджан Қарабаевтың туғанына 165 жыл, дәрігерлік қызметке тағайындалғанға 135 қайтыс болғанына 95 жыл толуына арналған ғылыми-экспедиция ұйымдастырды.

Экспедияцияның өтуіне «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдау көрсетті.

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің, қазақтың тұңғыш дәрігері Мұхамеджан Қарабаевтың өнегелі өмірі мен қызметін дәріптеуге арналған «Тұлғалар тұғыры» тақырыбында ғылыми конференция өткізілді. Конференция М.Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығында өтті. Ғылыми конференцияның нәтижесінде М.Қарабаевтың, С.Көбеев жайында тың зерттеу деректері айқындалып, ұсыныстар айтылды.

Ғылыми-танымдық іс шара аясында экспедияцияға қатысушылар С.Көбеевтің туып-өскен жері – Ақсуат ауылына, М.Қарабаевтың туған және жерленген жері Введен ауылына барып, халық қазынасына айналған тұлғалар мұрасы жайында мәліметтерге қанықты.