2023 жылдың 6 қазан күні Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясында «Ыбырайтану» жобасы аясында «Бір уыс мақта» әңгімесі бойынша танымдық, талқылау сабағы өткізілді.

Сабақ барысында ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына саяхаттама жасалып, музейдің қызметкерлері әзірлеген «Бір уыс мақта» мультимедиялық әңгімесі экраннан көрсетілді. Осы мектептің 2 «А», 2 «Ә», 2«Б», 2«В» сыныптары «Бір уыс мақта» әңгімесінен алынған кейбір сөздерге дыбыстық талдау жасады, оқушылар әңгіме желісі бойынша суретпен жұмыс істеді. Сабақ соңында сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытынды жасалды.