2023 жылдың 8 қыркүйегінде Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде отбасы күніне орай «Отбасы – алтын діңгек» аттытанымдық кеш өткізілді. Кеш мақсаты – ұлы ағартушы-ғалым Ы. Алтынсариннің отбасы туралы тың мәліметтермен таныстыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау.Арнайы кездесуге Садуақасовтар әулетінің дарынды қос қызы – жеке кәсіпкер, бизнес-тренер, «Qazaq brend» ұлттық тәттілер дүкенінің негізін қалаушы – Кәкімбек Гүлнұр Өміржанқызы және Қостанай қаласының қазақ тілді блогері, қыз-келіншектерге арналған «Жақсы әдетім» марафонының авторы, «Дара блогер» жобасының жеңімпазы – Өміржанова Айдана Өміржанқызы шақырылды. Қонақтарымыз өздерінің өмірлік және іскерлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасындағы ұлттық құндылықтарға тоқталып өтті. Іс-шараға келген қонақтар мен Қостанай өңірлік университетінің филология және журналистика мамандықтарының студенттері қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, құнды кеңес алды.