


Ол ұлы ағартушы-педагог Ы. Алтынсариннің 1864 жылы Торғайда ашқан тұңғыш мектебінің түлегі. Қонақтар жазушының еңбектерімен, соның ішінде Ы. Алтынсариннің қазақ даласында халық ағарту ісінің даму жолындағы ерен еңбегі жайлы жырлайтын «Дала қоңырауы» поэмасымен танысты. Сондай-ақ, көрмеде ақынның жеке заттары, отбасы және әріптестерімен түскен фотосуреттері көрсетілді.