28 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекесіне байланысты Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Ата заң тарихына көзқарас» тақырыбында ауызша журнал ұйымдастырылды. Оған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында оқып жүрген облыс ұстаздары қатысты.
Проектор арқылы Конституция күніне орай жасалған слайдта ҚР Конституциясының мазмұны және баптары өзгертулер мен қосымшалары туралы  мәліметтер берілді. Ауызша журнал соңында басқа да елдердің конституциясы жайлы қызықты деректер келтірілді.