2023 жылдың 26 шілдесінде Қостанай қаласы мектептерінің жазғы лагерьлеріндегі оқушыларына «Алтынсарин көшесіне саяхат» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында балалар Алтынсарин көшесімен және онда орналасқан мәдени, білім беру және әкімшілік ғимараттардың тарихымен танысты, атап айтсақ:
• Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі;
• Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
• Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі;
• Қостанай облыстық Достық үйі;
• Қостанай облыстық сурет галереясы;
• Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;
• Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебі.
Сондай-ақ, 1970, 2020 жылдарда бой түзеген Ыбырай Алтынсариннің ескерткіштері және қазақ халқының алғашқы ағартушысының құрметіне орнатылған мемориалдық белгі тас жайлы айтылды.
Саяхат соңында оқушыларға Ы. Алтынсариннің өмірі мен қажырлы қызметі жайында музейде экскурсия жасалды.

