2023 жылдың 26 маусым күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты танымдық сағаты Қостанай қаласының Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің жанындағы «Күншуақ» жазғы лагерінің оқушыларына өткізді.

Мақсаты – білім алушыларға есірткіні қолданудың зияны мен зардабын түсіндіру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің психологы Бисимбаева Гүлсім Айтжанқызы есірткінің адам денсаулығына, мінез-құлқына, жалпы өмір сапасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді.
