2023 жылдың 15 маусым  күні  Қостанай қаласының №24мектеп-гимназиясында «Ыбырайтану» жобасы аясында «Тышқанның өсиеті» әңгімесі бойынша танымдық, талқылау  сабағы өткізілді.

Сабақ барысында ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі мен публистициялық шығармалары туралы  мағлұмат беріліп, «Тышқанның өсиеті» әңгімесі мультимедиялық әңгімесі үлкен экраннан көрсетілді. Аталған мектептің  4 «А», 3 «Ә» сынып оқушылары топ-топқа бөлініп Ы.Алтынсариннің «Тышқанның өсиеті»  әңгімесінен  қойылым  көрсетті. Балалар ата-ананы тыңдау, үлкенді сыйлау, сөз тыңдай білу, сабырлық туралы өз ойларын  ортаға салды.

Сабақ соңында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қойылған сұрақтар ойын түрінде жүргізілді.