2023 жылдың 2 маусымында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі ҚР ІІМ-нің Қостанай академиясының курсанттары үшін Қазақстан Республикасы рәміздері туралы «Ел рәміздерінің шежіресі» тақырыбында дәріс өткізді.

4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған танымдық дәріс барысында мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз мемлекет үшін маңыздылығы, құндылығы жайында айтылды.


Басты мақсат – қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу, ел рәміздерінің мәні мен шығу тарихымен таныстыру.
