2023 жылдың 17-мамырында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттеріне «Қазынаға айналған оқулық» тақырыбында Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабы бойынша интерактивті сабақ өткізілді.
Танымдық сабаққа Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы қатысты.
Іс-шара барысында Ыбырай Алтынсариннің діни танымы және  «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабының маңызы, тәрбиелік мәні жайында ақпарат берілді.