2023 жылдың 15 мамыр күні сағат 15:00-де  Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде ардагер-ұстаз,  «Құрмет Белгісі» ордені мен «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері және «ҚазССР Халық ағарту ісінің үздігі», Қостанай қаласының Құрметті азаматы Беген Көпештің 85 жасқа толуына орай «Ағартушы аманатына адал азамат» атты  кездесу  кеші өтеді.

Беген Қаженұлы –­ Қостанай қаласының білім беру саласына еңбек сіңірген ардагер-ұстаз, білім берудің шебер ұйымдастырушысы, өз ісіне адал берілген, биік дәрежелі кәсіби маман.

         Көпеш Беген Қаженұлы еңбек жолын Қостанай педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіргеннен кейін мұғалім болып бастаған.

         Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты мен №3 орта мектебінің директоры және директорының орынбасары, 1990-1997 жылдары аға әдіскер, облыстық мұғалімдерді жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі болып қызмет атқарды.

         Беген Көпешов 1983-1990 жылдар аралығында Ыбырай мектебінде басшылық қызметінде болғанда төрт қабатты ұлдар жатақханасы салынып, іске қосылды. Ыбырай салған сара жолмен Ыбырай мектебінің даңқын көтеруде айтарлықтай еңбек eттi. Оқу-тәрбие жұмысын жоғары сатыға көтерді.

         Іс-шараға білім беру саласының озық қызметкерлері, ардагер ұстаздар «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегерлері, еліміздің өркендеу жолында еңбек етіп жүрген шәкірттері және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысады.

Өткізілетін күні, уақыты: 15.05.2023 жыл, сағ.15:00-де.

Мекен-жайымыз: Алтынсарин көшесі, 118А

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің байланыс телефондары: 54-58-17; 53-03-64; 87056032172