2023 жылдың 21 сәуір күні Қостанай қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ыбырайтану» жобасы аясында «Таза бұлақ» әңгімесі бойынша танымдық, талқылау сабағы өткізілді.

Сабақ барысында ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі мен публистициялық шығармалары туралы мағлұмат беріліп, музейдің қызметкерлері әзірлеген «Таза бұлақ» мультимедиялық әңгімесі экраннан көрсетілді. Аталған мектептің 5 «А», 5 «Ә» сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінен қойылым көрсетті. Сабақ соңында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты интеллектуалды ойын жүргізілді.
