Ы. Алтынсариннің хаттары бойынша саяхат-сабақ өткізілді.
2023 жылдың 7 сәуір күні Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі Қостанай қаласының №29 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушыларына Ы. Алтынсариннің хаттары бойынша «Асыл мұра» тақырыбында саяхат-сабақ өткізді.Негізгі мақсаты: Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын көрсететін хаттарымен таныстыру.Музей қызметкері қорда сақталған педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің орыс ғалымы, миссионер Н.И.Ильминскийге жазған хатының көшірмесі туралы ақпарат берді. Cабақ викториналық ойындармен тәмәмдалды.