

Наурыз мейрамын тойлау «Троицк – 280» қаланың мерейтойына арналды. Ұйымдастырушылар Троицк қаласының «Арман», «Мұрагер» қазақ мәдени орталықтары, қала әкімшілігі мен муниципалдық ауданы болды.

Алты қанатты киіз үйге қойылған көрме музей қорынан алынған қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін бұйымдар мен ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар қойылып, экскурсия жүргізілді.

Троицк қаласының қонақтары мен тұрғындары көрмедегі көне заттар: ағаш ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ түрлерін, ұлттық киімдерді тамашалады.

Қостанайлық қолөнер шебері Еркөкше Кенкенов жасаған сақ жауынгері «Алтын адам» киіз үйдің сәніне айналып, көрме мазмұнын аша түсті.

