2023 жылдың 13 наурызында Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде Торғай қолөнер училищесінің 140 жылдығына арналған «Шебер қол, зерек ой»  атты іс-шарада Қостанайлық қолөнер шебері Кенкенов Еркөкше Еркебұланұлымен кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында Еркөкше Еркебұланұлының ұлттық нақышта ағаштан және күмістен жасалған заттарынан көрме ұйымдастырылды.
Кеш басында Ы.Алтынсарин атындағымамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының «Дарын» ансамбльі Қазанғаптың «Шыныаяқ» күйін орындады. Қостанай қаласы № 115 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Бақытбек Дінасыл және Қабжәлел Жанәли күй тартып, ән салды.
Кешке келген қонақтар мен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында көрермендер көрме тамашалады.